Ә.Молдабековтың 80 жылдығына арналған театр фестивалі өтеді

Ағымдағы жылдың 25-27 сәуір күндері Қазақстанның халық артисі, мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Әнуарбек Молдабековтың 80 жылдығына арналған дәстүрлі «Театр көктемі - 2018» атты фестивалі өтеді.

Шара сәуірдің 25-і күні таңғы 9:00-де Қазақстанның халық артисі, мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Әнуарбек Молдабековтың зиратына құран оқып, гүл шоқтарын қоюмен бастау алады. Сағат 17:00-де журналистерге арналған пресс-конференция өтіп, Әнуарбек Молдабековтың 80 жылдығына арналған көрменің ашылу салтанатына ұласады.  

Сол күні сағат 18:30-да «Театр көктемі-2018» фестивалінің салтанатты ашылуы өтсе, сағат 19:00-де «Қыз Жібек» музыкалық драма спектаклі қойылымы қойылады.

Фестивальдің екінші күні сағат 12:00-ден бастап қатысушылар көрермендер мен әділқазылар құрамына өзіндік жұмыстарын ұсынады. Атап айтсақ; Авторы А.Пушкиннің «Тас мейман» трагедиясын, авторы Н.Р.Эрдмандтың «Өле қалсам қайтеді?!» комедиясын, Э.Олбидің «Зоопарк» қойылымын, Н.В.Гогольдің «Жындының жазбалары» қойылымындарын ұсынады.

Сол 26 сәуірде сағат 17:00-де «Сырласу бұрышында» КСРО Халық артисі, КСРО, ҚазКСР Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты, Тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының, «Отан», «Құрмет», «Қазақстанның Еңбек Ері» ордендерінің иегері Асанәлі Әшімовпен және Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, «Құрмет» орденінің иегері Өтекешова Меруерт Қаратайқызымен кездесу өтсе, сағат 18:30-да «Адасқақ» драма-диалог спектаклі қойылады.

Ал фестивальдің соңғы  үшінші күні сағат 15:00-де «Жүрегімнің иесі» психофизикалық драма спектаклі қойылса, сағат 18:30-да фестивальдің салтанатты жабылуы өтіп, жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтеді.

Сондай-ақ дәстүрлі фестивальге қатысушыларды «Үздік қойылым», «Екінші пландағы ер адам бейнесі», «Екінші пландағы әйел адам бейнесі», «Актерлық ізденістері үшін», «Үздік эпизодтағы ер адам бейнесі», «Үздік эпизодтағы әйел адам бейнесі», «Сахналық ғұмыр», «Үйлесімді жұп», «Үздік сценография», «Көрермен көзайымы», «Үміт», «Өзіндік жұмыстағы ізденістері» номинациялары бойынша марапатталатын болады.

дереккөз: www.auezov-theatre.kz

24 Сәуір 2018
710
0
0