"Алатау" дәстүрлі өнер театрында «Жеңіс туын желбіретіп жеткен күн» атты мерекелік концерт өтеді

2018 жылдың 5 мамырында, сағат 16.00 де «Алатау» дәстүрлі өнер театрының концерт залында Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы, Елордасы Астананың 20 жылдық мерейтойы, 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні, сондай-ақ 9 мамыр – Жеңіс күні аясында Театр өнерпаздарының қатысуымен «Жеңіс туын желбіретіп жеткен күн» атты мерекелік концерт өтеді.

Шараның мақсаты – жеңіс туының желбіреуіне үлестерін қосып, сұрапыл соғыста Отан үшін жан қиған бабаларымыздың, қазіргі кезде арамызда жүрген ардагерлеріміздің ерлігін үлгі ете отырып, оларды құрметтеуге кейінгі ұрпақты тәрбиелеу.

Кеш барысында есімдері тарих бетінде алтын әріптермен жазылған қазақтың батыр ұл-қыздары Әлия мен Мәншүк, Баубек Бұлқышевтің естелік хаттарынан үзінділер оқылып, тарихта ерліктерімен із қалдырған бабалар рухын дәріптеуге арналған көрініске ұласады. Сонымен бірге, Театр өнерпаздары Алма Аманжолова, Қазыбек Әдікей, Санат Исаев, Айсәуле Қайырғазина, Жанаргүл Сәркенова, Шаттық Уатқан, Нұрбек Жүзбембетов, Рауан Әбілбаев, Жасұлан Сақаев, Ерғали Ағайдаров және  «Алатау серілері» тобы ән шырқайды. Театрдың «Алатау» фольклорлық-этнографиялық ансамблі (жетекшісі – ҚР-ның Мәдениет қайраткері, «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Марат Нүкеев) өнер көрсетеді.

Концертті ҚР Мәдениет қайраткерлері Марал Анарбек және Нәсіпжан Басшыбай жүргізеді.

Мекен-жайы: Алматы қ., Алғабас–1  ықшам ауданы, 6 үй

Байланыс тел.: 8 (727) 224-89-77

3 Мамыр 2018
248
0
0
Пікірлер

Порталда пікір қалдыру үшін авторизациядан өту қажет