Жаңалықтар

Наурыз мерекесіне орай Орталық музей «Бабадан қалған сырлы әуен» көрмесін ашады
Аталмыш көрме Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музей қорындағы қазақтың дәстүрлі музыкалық аспаптары коллекциясынан құралған. Көрме 2021 жылдың 15 наурызында ашылады.
13.03.2021

«16-17 ғасырлардағы Еуропа графикасы» көрмесі Ә.Қастеев музейінде
Экспозицияға Германия, Франция және Голландия суретшілері Альбрехт Дюрер, Жак Калло, Рембрандт Ван Рейн, Антони Ватерло, Ян Ливенс сынды белгілі қылқалам шеберлерінің 100-ден астам туындысы қойылды.
09.03.2021

Ә. Қастеев атындағы өнер музейі ҚР Тәуелсіздігінің 30-жылдығын мерекелеу аясында Наурыз мейрамына орай көрме өткізеді
"Гүлдене бер менің Қазақстаным" көрмесі 2021 жылдың 5 наурызынан бастап, сәуірдің 4-іне дейін жалғасады.
04.03.2021

Кинотанушы Бауыржан Нөгербектің шығармашылығына арналған кітап жарыққа шықты
Белгілі кинотанушы, профессор, қазақ кәсіби кинотану мектебінің негізін қалаушы Бауыржан Рамазанұлы Нөгербектің шығармашылығына арналған «Кинотанушы Бауыржан Нөгербек» атты кітап жарық көрді.
03.03.2021

Мемлекеттік орталық музейде көркемөнер туындыларының халықаралық көрмесі өтеді
ҚР Мемлекеттік орталық музейі 2021 жылдың 5 наурызында "Алмалы палитра" суретшілер қауымдастығымен бірлесіп «Мәңгілік дауысы» атты көрмесін ашады.
03.03.2021

Ә. Қастеев музейінде график-суретші Батухан Байменнің «NOMADS» атты жеке көрмесі
2021 жылдың 3 наурыз күні сағат 15:00-де Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде ҚР «Мәдениет қайраткері» төсбелгісінің иегері, белгілі график-суретші Батухан Әбдікерімұлы Байменнің Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «NOMADS» атты жеке көрмесінің ашылу салтанаты өтеді.
25.02.2021

У.Шекспирдің «Макбет» трагедиясы қуыршақтар бейнесінде сахналанбақ
Адамзатқа ортақ мәселені бір отбасы тағдыры арқылы суреттеген ағылшын драматургі Уильям Шекспирдің кейіпкерлері алғаш рет қуыршақ бейнесінде тіл қатпақ.
22.02.2021