МАНСАПҚОРЛАР 

Екі перделі драма

К і с і л е р і

Қ а с қ ы р б а й - болыс, 55 жаста

К ү л ә н д а - оның қатыны, 22 жаста

М ү с і л і м - тілмаш (болыстың туысқаны), 30 жаста

С ү л е й м е н - молда (болыстың ақылшысы), 57 жаста

Қ о ж а н т а й - қажы, 50 жаста

Ә б д і л - ауылнай, 40 жаста

К ө б е к б а й - жаман бай, 65 жаста

Ә у б ә к і р - болыстың шабарманы, 30 жаста

Бірінші перде 

С а х н а ортасы бөлінген екі бөлме. Бір жағы-тілмаштың кеңсесі, 3-4 орындық, жазу үстелі бар. Екінші бөлме-болыс отыратын үй. Болыстың орны - кілем жаюлы биік төсек, еденде төсеніш.

Бірінші көрініс

МҮСІЛІМ

Мүсілім (кеңсесінде, екі қолы, қалтада, аузында шылымы, аяңдап сөйлеп жүр). Мені оқытпаймын деп осынша жанталасып еді. Ол ойы болмады. Мен қашып-пысып жүріп оқыдым, нан жерлік білім алдым. Бір шешеден тумағандығын қылып, әкеме де талай зорлық қылып еді. Енді сол кегімді бір алсам, осы сайлауда болыс болып, кеудеңе бір мінсем, арманым болмас еді. (Тоқтап сөйлейді). Бірақ... Көзі тірі тұрғанда, бұл жауыз менің өркенімді өсірмейді, бұның көзін жоғалту керек! Қалай жоғалтамын? Қалай құтыламын? Жатсам да, тұрсам да ойлайтыным осы. Осы оймен оның қатынымен тамыр болдым. Қатыны мені сүйеді. Ол жас, маған қызығады. Оның махаббатын пайдалануым керек... Мен  тілмаш. Тілмаш үлкен дәреже ме? - Жалдама хатшы.Менде билік жоқ. Мен ел билегім келеді.Болыс болғым келеді... жоқ, Мүсілім болыс болу керек. Мүсілім кісіге бағынбайды, бағындырады. Болыс болу үшін, бақ алу үшін- арды, адамшылықты аяққа таптамай болмайды.

Екінші көрініс

МҮСІЛІМ, КҮЛӘНДА

К ү л ә н д а (бұраңдап). Молда жігіт! Ә, молда жігіт!

М ү с і л і м (қасына таянып). Не айтасың, жаным?

К ү л ә н д а. Үлгі пішетін газетің бар ма?

М ү с і л і м. Газет табылады ғой. Менің айтқанымды Не қылдың?

К ү л ә н д а. Молда жігіт-ай! Қанша ойласам да, батылым бармайды?

М ү с і л і м. Мені жақсы көргенің бекер болды ғой?

К ү л ә н д а. Қалқам-ау! Сені жанымдай жақсы көремін. Қайтейін, болыстан тағы қорқамын.

М ү с і л і м. Оныңа нанбаймын.

К ү л ә н д а. Жаным-ай! Сұмдық қой... обал ғой... қиын ғой...

М ү с і л і м (ернін қысып). Тіс-с! Ақырын сөйле! Өзің кімді артық көресің? Болысты ма? Мені ме?

К ү л ә н д а. Әрине, сені... Бірақ болысты өлімге тағы қимаймын... Молда жігіт! Осылай ойнап-күліп жүрсек болмай ма?

М ү с і л і м. Саған не керек? Қымбат көретінің байыңның болыстығы ма? Менің болыс болмасымды қайдан білдің?

К ү л ә н д а (қуланып). Молда жігіт! Сен болыс болсаң, қандай жақсы болар еді!

М ү с і л і м. Құдай жеткізсе, осы сайлауда болыс болғанымды көрерсің.

К ү л ә н д а. Молда жігіт! Сені ел сайлай ма?

М ү с і л і м. Байыңның жауыздығы елді өзінен бездірді. Байыңда ел жоқ. Ел менікі, елге мен сүйкімдімін, керек десе, билетке де ақша алмаймын.

К ү л ә н д а. Болыс болсаң, мені аласың ба? Жақсылықты ұмытып кетпейсің бе?

М ү с і л і м. Не деп ант іш дейсің?

К ү л ә н д а. Қарғанбай-ақ қой, сендім... Бірақ сенің артыңдағы еліңді мен де байқаймын.

М ү с і л і м. Байқасаң, байқа!

К ү л ә н д а. Мені аласың ғой?

М ү с і л і м. Қолыңды әкел! Серттен тайғанымызды осы қол ұрсын!

К ү л ә н д а. (қолын беріп). Жарайды, қолға тапсырдым (Сүйісіп айрылады) 

Үшінші көрініс

МҮСІЛІМ 

М ү с і л і м. Ақымақ ұрғашы! Мені шын алады деп ойлайды. Қайдан білсін... Мен өзімнен басқа бір адамды жақсы көре алмаймын. Менің мақсатым: мансап табу, кек алу. Өлтірсін байын маған не керек?.. Бірақ мақсатыма жеткенше, сыр білдірмеуім керек. 

Төртінші көрініс

МҮСІЛІМ, ӘУБӘКІР

Ә у б ә к і р (келіп). Маған тапсыратын жұмысыңыз жоқ па?

М ү с і л і м. Қайда барасың?

Ә у б ә к і р. Болыс Қойбағардың бір ту биесін ұстап әкел дейді.

М ү с і л і м. Оны қайтпекші?

Ә у б ә к і р. Союға.

М ү с і л і м. Тағы зарлатады екенсің ғой. Олай болса, сен Қойбағарға менен сәлем айт! Мүслім биесін алма деп, болысқа осынша айтса да, болмайды де! Ренжімесін, тірі болсам, оның есесін қайырармын деп айт, білдің бе?

Ә у б ә к і р. Дұрыс, айтамын.

М ү с і л і м. Тағы мына жұмысты тапсырамын. Көрпебайдың қызы басына бостандық сұрап, нашалнікке арыз беріпті. Оны бергізіп жүрген болыс болуы керек. Қызды нашалнік шақыртып отыр, Көрпебайға айт, арызды менбаса тұрамым, менің жақсылығымды ұмытып кетпесін де!

Ә у б ә к і р. Айтайын, бірақ Көрпебайдан бірдеңе алу керек еді. Пабеске жазып берсеңіз, мен оны өкіртер едім.

М ү с і л і м. Алатын күн табылар, сайлау өтсін. Жалғыз сырласатын кісім сен ғой, Әубәкір! Сен байқайсың ғой, ел мені қалай көреді?

Ә у б ә к і р. Құдай біледі деп айтайын: сіз болыс болам десеңіз, сізді сайламайтын кісі бола қоймас деп ойлаймын.

М ү с і л і м. Мен болыс болып шығайын, алудың әкесін сонда көрсетермін.

Ә у б ә к і р. Өзімнің де ішім сезеді.

М ү с і л і м. Ауылнайлық пайдалы ма? Шабармандық пайдалы ма?..

Ә у б ә к і р. Ауылнайдың шені үлкен ғой, түсімге шабармандық та теріс емес.

М ү с і л і м. Ендеше, сені ауылнай қоярмын. Сен осы бастан елді маған қарай икемдей бер.

Ә у б ә к і р. Оны өзім де ескеріп жүрмін. Мен жүрейін (Кетеді).

Бесінші көрініс

М Ү С І Л I М 

М ү с і л і м. Елді алдаумен, еппен ұстау керек. «Әуелі бала еш нәрсесін тартып алмай, көрсетпей, ептеп алсаң, оқасы жоқ» деп Абай дұрыс айтқан. Қасқырбай елді қырып-жойып, қорқытып ұстады. Мен ел ұстасам, олай ұстамаймын. Алсам да, білдірмей аламын, езілген ел уысыңнан шықпай тұрмайды. 

Алтыншы көрініс

М Ү С І Л I М, Қ О Ж А Н Т А Й  Қ А Ж Ы

Қ о ж а н т а й  қ а ж ы (Мүслімнің қасына келіп, күрсініп отырады). Ей, Құдай-ай, сақтай гөр! Бұл не деген сұмдық еді!

М ү с і л і м. Болысыңызбен жарастыңыз ба?

Қ о ж а н т а й. Жарасатын емеспіз, шырағым! Ауызын үлкен ашатын көрінеді.

М ү с і л і м. Не алам деп отыр?

Қ о ж а н т а й. Маңдайыма басқан жалғыз торжорға атты аламын дейді, оған тағы бір қара қосасын дейді, шашым шақ келетін емес

М ү с і л і м. Құрытады десеңізші!

Қ о ж а н т а й. Құрытқаны ғой... Құрытайын дегені ғой.

М ү с і л і м. Бұның адамға жаны ашымайды. Қанынан қарайып кеткен адам. Ертең сайлау болғанда тағы ұмытып кетесіңдер ғой.

Қ о ж а н т а й. Ай, енді есімізден қала қалмас.

М ү с і л і м. Кімді болыс қояр едіңіздер?

Қ о ж а н т а й. Шырағым ау, тіпті өзің неге болмайсың?

М ү с і л і м. Бізге болыс боламын деу ұят қой.

Қ о ж а н т а й. Не ұяты бар? Жасың жетеді, ақылың жетеді. Қайта көзі ашық сенің болашағың жақсы болар еді.

М ү с і л і м. Мені ел сайлай ма?

Қ о ж а н т а й. Мен өзім бесіншіні тырып еткізбей қолына берейін.

М ү с і л і м. Рас айтасыз ба?

Қ о ж а н т а й. Расым. Қашанғыдан бұрынкөзіміз ашылар еді. Өлдік қойәбден.

М ү с і л і м. Еңдеше, Қажеке, уәде қылып қоялық. Бесіншінің міндетін аласыз ғой?

Қ о ж а н т а й. Бесіншіден бір үй шашау шығарсам, маған сәлем берме!

М ү с і л і м. Ыбқот шықса, шығынға да, шыдайсыз ба?

Қ о ж а н т а й. Несі болса да, шыдаймын.

М ү с і л і м. Қолыңызды әкел. (Қол соғысады.) Қай бұзылғанымызды осы қол ұрсын! Құдай ұрсын!

Қ о ж а н т а й. Құдайға тапсырдық. Тек сен де серігіңе тартып кетпесең.

М ү с і л і м. Құдайға тапсырыңыз.

Қ о ж а н т а й. Жарайды, сені де бір сынайық. 

Жетінші көрініс

Бұрынғылар, БОЛЫС, СҮЛЕЙМЕН МОЛДА

Б о л ы с (Мүсілімге). Немене? Поштаны бүгін жөнелтуші ме едің?

М ү с і л і м. Жөнелткелі отырмын, тығыз қағаздар бар еді.

Б о л ы с. Бұл не кағаз?

М ү с і л і м. Жұматай Қосар баласы бар ма?- деппысықтап сұрайды. Мен жоқ деп жауап жазып отырмын.

Б о л ы с. Ол иттің орыстың атын ұрлаған шатағы болатын. Сайлауда бұлтақтап тұрмайтын соққан еді, оның өзін басымен әлек кып қою керек. Бұл қағазды қайырмай тұра тұр.

М ү с і л і м. Ендеше, жата тұрсын. Міне бір қағаз Байжолдан төрт жылқы көреді.

Б о л ы с. Көретін кім?

М ү с і л і м. Желтау қазағы Шүмекбай Терлікбай баласы.

Б о л ы с. Байжол өзіміздің кісі ғой... Оның мәнісі бар, қоя тұр, болмаса, елде жоқ деп қайырайық. Солай болсын.

М ү с і л і м. Міне бір қағазды 5-інші үшаскенің мировой содиясы түсіріп отыр.  Ана  жылғы Тұяқбайлардың жұмысы  30 кісіні  жауапқа шақырады.

Б о л ы с. (Қожантайға қарап). Қажы. сіз бар тұрыңызшы! (Казы шығады). Молда, осыны калай кыламыз?

С ү л е й м е н. Құданың кұдіреті, жоқ жерде   басқа болысқа шығамын деп, жарты ауылнай елді құртуға таяды-ау!

Б о л ы с. «Әлін білмеген әлек» деген ғой. 288- інші статьялар Тұяқбайдың түсіне кірер ме екен?

С ү л е й м е н. Қатқанының статьясын білсін бе?

М ү с і л і м. Бұған не жауап кайырамыз?

Б о л ы с. Оны ақылдасу керек. Оның ішінде әлгіқажы да бар шығар.

М ү с і л і м. Қожантай бар ма?

С ү л е й м е н. Басты адамдарын шақырып алып, қорқытып, кетсе кайтеді?

Б о л ы с. Сіз алу жағын айтасыз ғой. Менің ойым: бас көтерместей кылып, жаншып тастаса деп едім.

С ү л е й м е н. Олардын өзі де кұруға таянған шығар. Быт-шыт болып тозып кеткен жоқ па? Елде қанша үйі қалды екен?

Б о л ы с. Ауып кеткен, күн көре алмайтын кедейлер ғой. Аз жұқанасы бар екі-үш-ақ үй ғой.

С ү л е й м е н. Олар да бітеді ғой.

Б о л ы с. Бітсе, бітсін!

С ү л е й м е н. Мен осы ел быт-шыт болып көшіп таусыла ма деп шошимын, елдің сиқы жаман, мал бітіпті.

Б о л ы с (мырс етіп). Әй, молдеке-ай! О жағынан қорықпай-ақ койыңыз, біздің ел калар.

М ү с і л і м. Әлі ел құрығанда, кімге болыс боласыздар?

Б о л ы с (шытынып). Оны сенен сұрамаспыз, елде не жұмысың  бар? Қағазынды жаз!

М ү с і л і м. Мейілдеріңіз.

С ү л е й м е н. Шырағым, сен әзір жассыңғой, ел сөзіне араласып не           қыласың? Алдыңда мына ағаң тұрғанда, ел сөзі осыдан аспас.

Б о л ы с (көтеріліңкіреп). Сен менің  жұмысыма кіріспе!  Елдің таукыметі болса да көтеретін мен. Тәңір алдында да мен  жауап беремін.

М ү с і л і м. Диела менің қолымда болған соң, кіріспей қалай тұрамын?

Б о л ы с (ашуланып). Олай болса, сен диеланы көтере алмайтын болсаң, диеланы көтеретін кісіге берерміз.

С ү л е й м е н. Ондай сөзді не кыласыз? Оныкі де рас. кіріспеу де қиын. Басқа біреуге береміз дегенді сіз де қойыңыз. Құдайға шүкір, бақ та, дәулет те жетеді ғой, ренжісті тастау керек.

М ү с і л і м. Мен қойдым, ұнамаса... (Болыс

үндемейді).

С ү л е й м е н. Әлгі қағазды жайырақ кеңесу қол болар, мұңдай жұмысты тегінде маслихатпен істеген дұрыс болар.

Б о л ы с. Дұрыс, жата тұрсын.

М ү с і л і м. Жарайды ендеше ...Онан басқа қағаз жоқ шығар. (Қағаздарын жинап шығыпкетеді). 

Сегізінші  көрініс

БОЛЫС, СҮЛЕЙМЕН МОЛДА

С ү л е й м е н. Менің байқауымша, осы баланың бақтан дәмесі бар ма деп ойлаймын.

Б о л ы с. Болыс болам дей ме?

С ү л е й м е н. Кім біледі... |

Б о л ы с. Олай ойлар ма екен?

С ү л е й м е н. Мансапқа қызықпайтын адам болады дейсіз бе? Мансапты теріс көрмейтін шығар.

Б о л ы с. Қой, мен тұрғанда болыс болам деп айта алмас.

Сүлеймен. Сонда да бү баланы айламен   ұстау керек шығар, елде де беделсіз бола кояр ма екен ?

Б о л ы с. Оныңыз рас, ел жек көре коймас, бірақ мен  тұрғанда, жарқырап шыға коймас, менімен таласарлық не малы бар?

С ү л е й м е н.  Тегінде қауіпін айтқаным ғой. Әйтпесе, дәулетсіз кісі болыс болу оңай емес қой... Сөйтсе де арғыдан ойлайтын зымиян бала.

Б о л ы с. Бұл аса сұм бала, қулығы біздің ар жағымызда. Мен ағалық қылып тежеп тастаған боламын. Еркіне жіберсең, бізді сыртымыздан сатып жіберер. Осының арамзалығын мен ерте сезгемін ғой . Оқып шықса, төбемізді тесер деп, осынша оқытпайын деп арпалыстым, болмады. Қашып кетіп, оқып шықты.

С ү л е й м е н. Сізге әлгідей ақыру, жекірудің  керегі жоқ, кім біледі, бір шешеден тумағандығын істейді деп кектік беруі ықтимал.

Б о л ы с. Бірақ ылғи жалынып-жалпая берсең, басыңа шығып кетеді ғой.

Сүлеймен. Түбінде осы елді ұстайтын осы болады, бірақ  біз алмаймыз

Б о л ы с. Оған дау жоқ....

С ү л е й м е н. Бұдан сақ болу керек дейтінбір себебім: болысты орысша білгенді сайлайды деген бір лақап бар ғой.

Б о л ы с. Ол әлі анық хабар емес. Ол әзірбола коймас. Орысша білгентабыла береме. Бақдүниеге табылатын болса, Калпаковский орнында тұрса, бір есебім табармыз.

С ү л е й м е н . Діні кәпір де болса, о шіркін алғанын ақтар. . Менікі уайымын сөйлеген ғой.

Б  о л ы с. Сайлаудыңмезгілі жакын ғой, камсыз жатқан жарамас. Сіз атқа мініп, ел оқпанын байқағаныңыз дұрыс болар.

С ү л е й м е н. Өз ойым да сол, атка міну керек. Мінетін атым да жоқ, тек сіздің көк атты мініп кетемін ғой.

Б о л ы с. Өзім мінерлік аттың өзі де сол еді, сүйткенмен мініңіз, мініңіз.

С ү л е й м е н.  Меніңенді қайтқаным дұрыс болар... Үйде де ол бұ  шаруа бар еді... Қадишаның шайы таусылған екен, Күләнда келінніңшайы бар шығар, қаладан жуықта алдырды деп естіп едік.

Б о л ы с (дауыстап) Күләнда! Күләнда!

Тоғызыншы көрініс

КҮЛӘНДА

Б ұ р ы ң ғ ы л а р

К ү л ә н д а(келіп) Не айтасыз?

Б о л ы с. Молдекеңніңбәйбішесінің шайы таусылған екен, біркағаз шай әкеп бер, бибіге мақтанып барсын!

С ү л е й м е н. Ұрғашы да аңдып отырған бір жау ғой.

К ү л ә н д а. Шайдыңөзі де шағым еді... (Кетеді)

С ү л е й м е н. Болыс тірі болса, шай шағы болмас. (Біраз тым-тырыс).

К ү л ә н д а (шайды әкеліп береді). Жеңгейге сәлем айтыңыз! Шашу апарып, кұттықтайтын жөніміз де бар еді, кол тиіп бара алмай жүрмін.

С ү л е й м е н.  (шайды қойнына салып жатып). Қадишаға бірталай талшық болсын.. Барыңыз, барыңыз...

К ү л ә н д а. Барамын, кісі толас болған соң, қалайтын қалауым да бар.

С ү л е й м е н. Қалаңыз, калаңыз! (Күліп).«Алушының баласы шалушы келеді» деген ғой, сізғе жарарлық нәрсе табылса, калаңыз...

Б о л ы с. Молданың зәресін ұшырып не қыласың (Күледі)

К ү л ә н д а. Зәресі неғе ұшсын? Алғанды молда екең өзі де жақсы көреді. «Береген колым алаған» деген емес пе?

С ү л е й м е н. Сізден аяйтын не дүние болады дейсіз?Алыңыз, алыңыз! Мен жүрейін, қош бола тұрыңыздар! (Шығады.) 

Оныншы көрініс

БОЛЫС, КҮЛӘНДА

К ү л ә н д а. ІІай-пай-пай-ай! Осы молдаекеңнің сұ рамшағы -ай! Келғен сайын сілімтіктеніп бірдеңе алмай кетуі жоқ.

Б о л ы с. Қожа-молданың кәсібі еміз пе?

К ү л ә н д а. Бұ кісі жай қожа - молдамен бір бас па? Ел адамы емес пе?

Б о л ы с. Қайта ел адамының араны ашылып кететін шығар. Алмай, кім жолдас болады дейсің. Бәрінікі бір кұлқыны, бір тамағы!

К ү л ә н д а. Сүйткенмен «бер-бер!» дей бергенше, «жоқ» десеңіз, болмай ма? Шайдын өзіде азайып қалды.

Б о л ы с. Оттаған шіркін! Менін мырзалығым ұстап беріп отыр дейсің бе? Кімге берсең де, өзің үшін бересің.

К ү л ә н д а. Шай таусылып бара жатканға айтам, әйтпесе мен не кылайын

Б о л ы с. Таусылса, төркінің көтермес, ел көтерер, елдің  дәулеті таусылса, біздің шайымыз да таусылар (Күләнда кетеді). 

Он бірінші көрініс

Б О Л Ы С, С Ү Л Е Й М Е Н, ҚОЖАНТАЙ

С ү л е й м е н.  (отырып жатып). Қажы сізге жолығып кетер едім дейді, атқа бірге мінейік деп едік.

Б о л ы с. Не жолығатыны бар? Айтканым айтқан.

Қ о ж ан тай . Атты өзіме кайтарыңыз, өзгесін камдан көрейін.

Б о л ы с. Ол болмайды.

С ү л е й м е н. Қожеке! Осы жұмаға келгеніңіз мақұл болар. Кәпірдің каламына бір ілінген сон, кұтылу оңай болмайтын.

К о ж а н т а й. Қалам қылғанда, ақпын ғой!Нақақпын ғой!«Қызың балатапты, дүрбі салдырамын» деген не деген сұмдық! Құдайдан үміті бар адам осындай іс кыла ма?

Б о л ы с (Ашуланады). Сеніңкызыңа бала таптырған мен бе?Оттамай тіліңді тартып сөйле!

Қ о ж а н т а й. Құдай алдында, макшаркүнінде теңдікке жетпесек...

Б о л ы с (көтеріліп, екіпеніп). Қажы! Қысқарттіліңді! Шауып алармын! Күлінді көкке ұшырармын! Макшарыңмен кабат!

Қ о ж а н т а й (жағасын ұстап). Астапыролла! Кетейін, кетейін! «Құдайдан корыкпағаннан корык» деп еді. (Жөнеледі.)

Б о л ы с (тұра ұмтылады). Сакалыңнан түк коймай жұлайын, бері келші!

С ү л е й м е н (болысты ұстап, жібермейді). Сабыр етіңіз! Не керек қажы кісі ғой..

Б о л ы с (орнына отырып). Тілі мірдің оғындай ащы неме өзінің! Қажымын дейді, не кылған кажы! Кересін сатып, бақал қыдыртып жүретін шірік неме еді! Өлген қажыны тонап келіп, әулие бола калыпты!

С ү л е й м е н . Не кыласыз соны, сөз білмеген  соң қайтесің... мен жүрейін... жолықтыр дегенге ертіп едім... өзі бүлдіріп алды... Өз обалы өзіне.

Б о л ы с. Мұндай итті ит кылып ұстау керек.

(Сүлеймен кетеді).  

Он екінші көрініс

БОЛЫС, ӘБДІЛ АУЫЛНАЙ

Ә б д і л.  Салаумалейкүм!

Б о л ы с. Аманбысың?

Ә б д і л. Құдайға шүкір, мал-жаныңыз аман ба?

Б о л ы с. Сен кайда жоғалып кеттің? Алымың бітті ме?

Ә б д і л.  Бітуге таяды, 20 шақты үй қалды.

Б о л ы с. Қара басқыр! Сенің жұмысың бір. Өтер ме екен?

Ә б д і л.  Біткенше сойып жатыр. Елде ақша жоқ.

Б о л ы с. Ақша жоқ болса, маған қайтдейсің? Жаныңнан төле.

Ә б д і Төле десеңіз, амалым  барм а? Жалғыз атымды сатсам да, төлеймін тағы.

Б о л ы с. «Жұлдыздың 15-нен қалдырма!» деп кақсап жібердім. Пошта -   байшыдан  тапсырдым. Не бітіріп жүретініңді шорт біледі.

Ә б д і л. Өңкей қара қасқа кедей. Күн көріп отырған жалғыз сиырын алмасақ, түк бөлек-салағы жоқ, борыш қарызына беріп бітірген.

Б о л ы с. Алсаң, ал! Маған не қыл дейсің? Кім-кім бермеген?

Ә б д і л.  Алтыбай ауылында үш үй, Қара жалда екі үй, жауыр жирен шолақтан баска дымы жоқ жылтыр Құлтамбай, өзіңізге неше рет зарлап келетін жалғыз сиырдан басқа үрерге иті жоқ, ақсақ Кемелбай, міне, қалып отырған осы сияқты ылғи қара қасқа кедейлер. 30 сом тауып беру жан бергеннен бір кейін емес, қатыны баласымен шулап қарғағанда, иманың касым болады. Қарғыстан әбден ішіміз кебеді.

Б о л ы с. Қарғыстан корықсаң, қызметте не ақың бар еді?

Ә б д і л.  Қызметі бар болсын!

Б о л ы с. Сайлау кезінде көрерміз.

Ә б д і л.  Енді ауылнай болғаннан да мойныма қап салғаным артық.

Б о л ы с. Сөзді көбейтпе! Қалған алымды екі күннен қалдырмай тапсыра-сың!

Ә б д і л.  Ойбай-ау! Екі күннің ішінде бір жақтан акша келе ме?

Б о л ы с. Жерден казсаң да, табасын! Сеніңалымың үшін мен абақтыға жата алмаймын! Оны білесін бе?

Ә б д і л. Қайтейін! Бар малымды сатып, катын баламды шұбыртып кетем дағы...

Б о л ы с. Маған десе, Тескентау кет!

(Әбділ шығады).  

 Он  үшінші көрініс 

Б О Л Ы С

Б о л ы с. (аздан кейін). Әлгі иттің сөзі де рас. Ел кедей болды. Осы шығынныңкөбі өзіміздікі. Бірақ ел жемей, азулы болмайсың. Азулы бол-

май, дәулет табыла ма? Бақ, атақ, дәулет көздің жасы ғой... елді ойлағанда  кейде жаныңқынжылады... Қанша бақты болсаң да, жүрегіңнің басынан бір тікен кетпейді... Нәпсі шіркін тағы шыдамайды, алмай түра алмайсың..Қайтесің, ел жеген жалғыз мен бе? Қазақтың жақсыларыңда бұрыңғы, соңғы да ел канамағаны болды ма? Біз солардан артықпыз ба? Мен алма-ғанмен біреуі алады... Құдай бізді алуға жаратты, дүние күштінікі...

Он төртінші көрініс

Б О Л Ы С, К Ө Б Е К Б А Й, Ә У Б Ә К І Р

Көбекбай қолын кусырып, басын енкейтіп, сәлем беріп кіреді. Тұқыраңдап етігін тастап, тіземен жорғалап болысқа кол береді.

Б о л ы с (қолын қағып жібереді). Тарт қолыңды. Мен меккеге барғаным жоқ не қылған қол?

К ө б е к б а й (қалбалақтап). Жоқ, жоқ. Мәртебелімізге, бағыңызға... кішілік... мал-жан шаруаңыз аман ба?.. Есен жақсы отырсыз ба?..

Б о л ы с. Өзің де аманбысың?

Көбекбай. Құдай деп... кұдай деп... (Аузынжыбырлатып. тамағын ке-неп қояды).

Б о л ы с (аздан соң). Қайдан келесің?

К ө б е к б а й. Ауылдан шығып едім... осы жаққа таман...

Б о л ы с. Қайда барасың?

К ө б е к б а й. Сізге сәлем берейін... жолығайын... арыз берейін деп...

Б о л ы с (жантайып жатып). Не қылған арыз?

К ө б е к б а й. Мырза!.. Үйірдепн жалғыз айғырымызды алдырған екенсіз..соның жайын айтайын, жайын білейін деп...

Б о л ы с. Не жайы бар? Айғырды мен алдым. Мен алуға жараймын ба?

К ө б е к б а й. Жарайсыз, жарайсыз... алдырғаныңызды нетпеймін... Алам десеңіз, аласыз, сізге қарсылыққылатын шамамыз бар ма?.. Бірақ   қатын-баладан тынышым кетіп келіп отырмын... Мал ішінде ырым қылатын бір мал болады ғой, мырза! Өзге малым да, айғырым да бір төбе еді! Мырза, тағыңда ағар! Бағың өсе берсін! Айғырымды өзіме қайыры-ңыз, орнынабие аласыз ба? Өзіңдей шұбар кұнаны бар. Соны аласыз ба?

Б о л ы с. Айғыр кайтпайды.

К ө б е к б а й. Мырза-ай! Мұның  кұрытқаныныз ғой! Мені өлтіргеніңіз ғой, катын-балаға табашы кып, күнде өлтіргенше, бір жола өлтіріңіз! Өзіңіз бауызданыз! Аяйтын жаным да жоқ,міне басым! (Болыстың аяғына жығылады.)

Б о л ы с. Тұр арыман! Айбарын қарашы төбетгің!

К ө б е к б а й. Тақсыр-ай! Жаныма теңеп жүрген жануарым еді. Айғырымды алғаннан баламның біреуі өлгені жаксы еді.

Б о л ы с. Айғырынды кадірлі көрсең, екі сары биең менқұнаныңды бер!

К ө б е к б а й. Ойбай-ай! Жарыктык-ай! Үшеуін бірдей бергенсоң, нем       қалады?

Б о л ы с. Өзің білесің.

Ә у б ә к і р. Шұбар құнан ендігі жылы өзіне айғыр болмай ма?

К ө б е к б а й (көзін сүртіп, төмен қарап отырады. Аздан соң). Мырза,

мені қайтесіз енді?

Б о л ы с. Қайтейін сені?

К ө б е к б а й. Екі биемнің тандағанын алыңыз!

Б о л ы с. Болмайды.

Ә у б ә к і р. Көке, екі биеңді кабат беріп, неге байқамайсың?

К ө б е к б а й. Құрытайын дегені ғой, кұрытып тыныш болсын! Қайтейін!.. (Жылап, шығып кетеді).

Ә у б ә к і р. Екі сары биені кабат бер десе, болмайсың... (Бірге шығады). 

Он бесінші көрініс

Б о л ы с (басын көтеріп сөйлейді). Ай, Көк төбет! Көзін сулап, айғырына-да коймай Жылағанды көріппін бе, сірә?.. Не мініп, не киіп, кызығып көрмейтін жаманға жаксы айғырдың пе керегі бар екен! Көбекбай да жүр-ген  шұбар айғырды кім біледі?  Адам да білмейді. Итте болғанш а,иесінде болсын... Аман болса он сақа  биеге салып, жылқымды шұп-шұбар қып алайын.. Пай-пай- пай! Қояндыда Жардың баласы   үшшұбармен бір жүрді-ау! Ауызымен құс тістейді!.. Үш шұбарды жармеңкеңе   жегіп барсам   көшеде мойнын қайыртып, құтыртып бір жүрсем, жұрт:    «Бұ қай мырза, қай болыс!» деп таңданса, сонда менің Қасқырбай атым алты алашқа кетеді, сонда менің кім екенімді жұрт біледі... Қасқырбай осыны ойлап шұбар айғырды алып отыр ғой!

Шымылдық

 

ЕКІНШІ ПЕРДЕ

Сахна әуелгі

Бірінші көрініс

Мүсілім  ауыз үйде Қожантай, Көбекбай, Әбділ үшеуін отырғызып койып, сөйлеп тұр. Күләнда төргі үйдің есігінде тыңдап тұр.

М ү с і л і м. Бір күнде сіздер Қаскырбайдын жемі едіңдер. Енді, міне, елу басы болдындар. Сендерді елу басы қып шығаруға әуелі кұдай, сонан соң мен себеп болдым. Оны білесіздер ғсй?

Ә б д і л

К ө б е к б а й. Білеміз, неге білмейік?(үшеуі бірге айтады.ред)

Қ о ж а н т а й.

М ү с і л і м. Бүгін нашалнік келеді, шар салады. Бәйгілі жерге таяндық. Елу басылардын көбі мендік екенін білесіздер. Әсіресе, катты сенетін тастарым — үшеуіңіздікі. Қашан шар салғанша мені сайлаймын деп ешкімге ауыздан шығармайсыздар! Ұқтыныздар ма?

Ү ш е у і. Ұктық.

М ү с і л і м. Сендерді болыс тағы айналдырар, дүние-мүлкін үйіп-төгер. Болыска уәдені бере беріңдер, бергенін ала беріңдер. Қажеке! Көке! Әбе! Уәде осылай еді ғой?

Ү ш е у і. Осылай.

М ү с і л і м. Бұ сайлауда болыс болам депшарға түсуші көп болғалы тұрғанын білесіздер ғой?

Ү ш е у і. Білеміз.

М ү с і л і м. Басқаларға шар сал дегенде, тастарыңызды жәшіктің кара жағына саласындар,  маған келгенде, ақ жағына саласыздар. Ұктыңдар ма?

Ү ш е у і. Ұқтык.

М ү с і л і м. Енді оңаша сөйлесе беругеуақытта  болмас. Ақырғы уағдамыз осы болсын. Қане, тағы қол  ұстасалық! (Үшеуінің  қолын ұстайды) Қолға. Құдайға, аруақка тапсырдық.

К ө б е к б а й. Менде бұлтарыс жоқ.

Қ о ж а н т а й. Мен де Қасқырбайдан тойғам.

Ә б д і л. Мен де сенімен біргемін,

(Соңғы үшеуі шығады.)

Екінші көрініс

МҮСІЛІМ, КҮЛӘНДА

К ү л ә н д а. Молда жігіт! Түсімде сен ақ боз атқа мініп, тау басына шықтың, сен болыс болады екенсің, енді көзім жетті,

М ү с і л і м, Көзіңжетсе, уәдені орындайтын уақытта жетті.Бүгін нашалнік келеді. Шар салады. Бүгіннен калсаң, менен күдеріңді үз! Енді бұлғақтауға болмайды.

К ү л ә н д а (Мүслімді құшақтап). Ойбай-ай! Енді қалайғып беремін?!

М ү с і л і м. Қымызға мал да, араластырып ж ібер!  Түк дәмі жоқ,білінбей-ді. (Қалтасынан қағазға ораулы уды алып береді.) Мә, жаным! Титтей қорықпа! Шімірікпе! Тірі жан біледі деп ойлама!

К ү л ә н д а (дәріні қалтасына салады). Жүрегім дірілдеп барады... Дәтім шыдамай тұр

М ү с і л і м.  Байың бүгін болмаса, ертең өледі.Сонда сені алатын әмеңгерің кім екенін білесіңбе?

К ү л ә н д а. Сенен басқа кімім бар?.. Біраққұдай жүзін кайтіп көреміз?

М ү с і л і м. Құдай жүзін шын көретін біз боламыз. Байың жемеген ел бар ма? Ол зарлатпаған жетім-жесір бар ма? Бұның көзін жоғалтсак, бейуаздардың көзі ашылады. Бұдан сауап таппасақ, обал таппаймыз.

К ү л ә н д а. Молда жігіт-ай! Сенің көңіліңді қимастықтан істеймін. Әйтпесе, адам істемейтін жұмыс қой... Қайтейін, Құдайдың не салғанын көремдағы ... Бірақ түбінде мені алдап кетпейсің бе?

М ү с і л і м. Сен баланың сөзін айта берсен, маған серік бола алмайды екенсің...

К ү л ә н д а. Көндім ғой, жаным! Көндім енді. Сен үшін жанымды отқа салдым.

М ү с і л і м. Көнсең, енді ұрғашылық кылма. Сөзді,  ойды таста, жұмысты бітір! (Күләнда шығып кетеді.)

Үшінші  көрініс

М Ү С І Л 1М 

М ү с і л і м (түрегеліп тұр, ауыр ойда). Елдің бетін өзіме қараттым, елу басыны алдым, енді бірақ өткел калды. Ол өткел: нашалнікке жолықтыр-  май, Қасқырбайды бір жайлы қылу. Нашалнікке жолықса, ол әкетеді,пара-ға сатылмайтын ұлык жоқ (Жүрегін басады.) Жүрегім алып  ұшып барады. Көзіме бақ елестейді. Күләнда айтқанымды орындаса, жарады... орындар... Ол мені жанындай жақсы көреді. Мен ше? Мен оны сүймеймін. Мен оны  ақымақ қылып жүрмін.. Болыс болсам, кыздың төресін алмаймын ба?(Сырттан  тықыр естіледі, мүслім отырып, қағазын жайған болады).

Төртінші көрініс

М Ү С І Л I М, Б О Л Ы С, С Ү Л Е Й М Е Н

Б о л ы с.  (Кіріп Мүсілімді көріп, молдаға).  Мұнда, төргі үйге барайық       (Төргі үйге барып  отырып сөйлеседі. Мүсілім құлағын салып тың-тыңдап отырады.)

С ү л е й м е н. Мұндағы сенімен елу басы, Үш алып менің топшылауым-ша  Қожантай қажы, Көбекбай , Әбділ үшеуі

Б о л ы с. Өзгелері де пәлендей сенімді емес. Әсіресе үшеуі, бұларға іс істеуіміз керек?

С ү л е й м е н. Мен былай ойлап тұрмын: Қожантайға құдалық беру керек онын былтыр бір әйел баласы туған.

Б о л ы с. Дұрыс екен. Табылған ақыл өз ойымда да бар еді . Көбекбайды  қайтеміз?

С ү л е й м е н. Көбекбай айғырын өзі алыпеді ғой?

Б о л ы с. Айғырды әлдеқашан бердік қой.Ол 200 сом ақша да алып отыр

С ү л е й м е н. Алынған малдың бәрі кайтты ғой?

Б о л ы с. Қайтып жатыр ғой, арғының қайырын тілемесек

С ү л е й м е н. Көбекбай малжанды төбет қой. Оған тағы бермесе болмас, құдалыққа ол сене коймас

Б о л ы с. Оған тағы ақша береміз дағы. Ал Әбділше? Бір беткей, бір мойын адам Әбділ ғой.

С ү л е й м е н.Әбділдің  қатыны өлді ғой. Оның есілдерті бір катында. Мен ойлап едім: әнеугі осында кашып келетін Байжаннын қызын әпереміз десек тоқтамас па екен?

Б о л ы с (қуанып). Ай, молдеке-ай! Осындай  қысылған жерде табасын-ау! Бұл әбден жарайды! Оларды казір шакырып сөйлесу керек.

С ү л е й м е н. Шакырғаннан да жеке-жеке тысқа алып шығып, онаша        сөйлескен макұл болар.

Б о л ы с. Бұл да дұрыс екен, жүмысты тығыздатпаса болмайды, бүгін        нашалнік келіп қалуы ықтимал ғой.

С ү л е й м е н. Тығыздату керек... Елу басылар жайсыз, қолайсыз кісілер...

Б о л ы с. Өзім де кауіп қылатын түсім келіспейді.

С ү л е й м е н. Осы елу басылардын көбі Мүсілімге тілектес адамдар ғой. Мүсіліммен тағы бір сөйлесіп көрсек қайтер еді?

Б о л ы с. Сөйлескеннен ол сыр бермейді. «Болыс болғыңкелсе, шынынды айт, колымыздан берейік» деп мен талай айналдырдым. «Болмаймын» деп азар да безер болады.

С ү л е й м е н. Әйтеуір осы баладан қауіптенем де тұрам, сүрені келмейді.

Б о л ы с. Оны елеп сөзге ала берсең, болыстықтың тұтқасын өзі ұстаған кісімсіп, мүлде кұтырып кете ме дем қорқамын.

С ү л е й м е н. Оныңыз да дұрыс, жас кісі, жақын адамға жалына бер сіздің бойыңызға лайық емес.

Б о л ы с. Маған намыс қой, өлім ғой! Қартайғаныңды, әлсіздігіңді білдіресің ғой.

С ү л е й м е н. Олай болса елу басыларды айналдырайық.

Б о л ы с. Жүріңіз!

(Шығады.)

Бесінші көрініс

МҮСІЛІМ

М ү с і л і м. Батыр қуланайын деген екен, қалай айла құрсаң да, көрің қазылған... Күләнда қымызды бере алса, жарады. (Есіктен қарап         келеді.) Күләнда қайда жүр екен? Енді беру керек еді.

Алтыншы  көрініс

М Ү С І Л І М, Ә У Б Ә К І Р

Ә у б ә к і р (мойында знагі. ентігіп кіреді). Нашалнік келіп қалды!

М ү с і л і м. Қай жерде? Қай жерде?

Ә у б ә к і р. Сарыадырдан жаңа аттанды.

М ү с і л і м. Қайда түседі?

Ә у б ә к і р. Тура осында келеді.

М ү с і л і м. Шарды қашан салады?

Ә у б ә к і р. Бүгін-бүгін саламын деп келеді. Жұмысы асығыс болса керек елу басылар қайда? Даяр ма еді?

М ү с і л і м. Даяр, болысқа айттың ба?

Ә у б ә к і р. Жоқ, айткам жоқ, алдыманен саған келдім.

М ү с і л і м. Бар ендеше, болысқа айт! Қай үйді тазалатады екен? (Әубәкір кетеді). Күләндан...Күләнда! (Сасқалақтап біресе жоғаргы үйдің.біресе ауыз үйдің есігіне          жүгіреді.) Күләнда!

Жетінші көрініс

 МҮСІЛІМ, КҮЛӘНДА

К ү л ә н д а(жүгіріп кіреді). Немене, молда жігіт?!

М ү с  і л і м. Нашалнік келіп қалды. Берген жоқсың ба?

К ү л ә н д а. Беруге уакыт болды ма?

М ү с і л і м. Кәзір бер! Кәзір бер!

К ү л ә н д а. Үйге келер ме екен?

М ү с і л і м. Кәзір үйге келеді, киім киеді. Знагін салады, нашалніктің алдынан шығады.

К ү л ә н д а(жүрегін басып). Ойпырым-ай, жүрегім шошып кетті ғой!

М ү с і л і м. Биттей сескенбе! Асығыста ескермейді. Осыдан қолайлы уакыт жоқ.

К ү л ә н д а. Жарайды. Жүре бер! Бірдеңе қып көрермін. (Мүслім кетеді. Күләнда төргіүйге барып аяқтағы қымызға уды салады, араластырады, иіскейді, тыржияды, қорқады,үрейленеді.) Алла-ай!.. Жасаған-ай! Кеше гөр!.. Қалай беремін? Байымды қалай өлтіремін? Мүслімнен қалай айрылармын?.. Қой, не де болса басымды берген соң, біржола берейін... Құдайдың салғанын көрермін.

Сегізінші көрініс

Б о л ы с (ентігіп, алқынып, асығып кіреді). Күләнда! Күләнда! Ызнағым қайда? Ызнағымды әпер!

К ү л ә н д а (сандықтан ызнағын алып береді). Міне, ызнағыңыз.

Б о л ы с. Белбеуім, тымағым... Уһ, оһ, уһ! Түтігіп кеттім ғой!

К ү л ә нд а (ілулі турған белбеуі мен тымағын әперіп жатып). Кішкене сусын жұтасыз ба?

Б о л ы с (ызнағын мойнына салып). Әкпел, әкпел! (Отырып жұтып салады) А, Құдай! А, Күланда. Я, аруақ! Қолдай гөр! (Түкірінеді.) Не мынау, тамақты қырды ғой?

Б о л ы с (түрегеліп белін буынып). Әкел бері. Бер!үләнда артына тығылып, белбеуін әпереді.) Үйіңді жинап тазалап қой!.. Нашалнік осында келіп қала ма, кім біледі..

(Шығып кетеді.)

Тоғызыншы көрініс. 

К Ү Л Ә Н Д А, М Ү С І Л I М

М ү с і л і м (кіріп). Немене? Бердің бе?

К ү л ә н д а (үрейленген) Бердім ... Құдай-ай, сақтай гөр!...

М ү с і л і м. Сезген жок па?

К ү лә н д а. Ашырқанды, түкірді, тамағын қырнады білем.

М ү с і л і м. Бәрін ішті ме?

К ү л ә н д а.Шөлдеп келген екен. жұта салды. Алла-ай! Жасаған-ай!

М ү с і л і м. Жарайды, жұмыс бітті. (Күрсінеді.)

К ү л ә н д а. Мен енді кайтем?.

М ү с і л і м.  Қайтесің? Түк көрмеген кісі болып жүре бер. (Күләнда үйдің ішін жинап жүреді.)

Оныншы көрініс

Б ұ р ы н ғ ы л а р, Қ О Ж А Н Т А Й, К Ө Б Е К Б А Й, Ә Б Д І Л

Ү ш е у і (ауыз үйге кіріп). Мүсілім жоқ па?

М ү с і л і м.  Мен мұнда. (Ауыз үйге шыға келеді). Сіздер ме едіңіз?.. Немене? Болыс не айтты?

Қ о ж а н т а й. Маған кұдалық береді, мал аяйтын емес.

К ө б е к б а й. Маған тағы 300 сом берді.

Ә б д і л. Маған қатын әпермек болды.

М ү с і л і м (мырс етіп). Бүгін бәрінді жарылқайтын күні ғой. Немене? Көніп қалдыңыздар ма?

Ү ш е у і. Құдай сақтасын!

М ү с і л і м. Сіздердің жаксылықтарыңыз өлгенше есімнен қалмас. Менің тар жерде жолдас болған жан досым сендер.

Қ о ж а н т а й. Көзіміз ашылса, шығыннан қағас қылсаң, менің сұрайтыным сол.

К ө б е к б а й. Малыма ие кылсаң, аз меншігімді кім көрінгенге сабатпасаң, тимей жүрген ақымызды әперсең, менікі сол, шырағым!

Ә б д і л. Нашарға көзіңнің қырын салсаң, қатарыңнан қалдырмасаң, менікі сол.

М ү с і л і м. Сендердің тілегіңді орындамасам, өзім де оңбаспын. Менің де көретін қызығым алдымда ғой. Сендерді ұмытсам, Құдайды да                   ұмытармын.

Ү ш е у і. Біз де ұмытпаспыз.

М ү с і л і м. Енді нашалнік жаққа барайық. Жүрініздер!

Ү ш е у і. Барайық, барайық! (Шығады.)

Он бірінші көрініс

К Ү Л Ә Н Д А , Ә У Б Ә К І Р

Ә у б ә к і р (асығып кіріп). Күләнда! Күләнда!

К ү л ә н д а (төргі үйден жүгіріп шығып). Немене? Немене?

Ә у б ә к і р. Болыс кұсып жатыр, сырқаттанып қалды, төсек сал!

К ү л ә  н д а. Жасаған-ау,  не болды?

Ә у б ә к і р. Молда басын сүйеп отыр. Өңі қашып кетіпті.

К у л ә н д а. Ойбай-ай! Не сұмдық болды?

Ә у б ә к і р. Бол төсек сал! Қазір әкелемін!

(Әубәкір кетеді. Күланда төсек салады.)

Он екінші көрініс

К Ү Л Ә Н Д А, Б О Л Ы С, С Ү Л Е Й М Е Н, Ә У Б Ә К І Р

К ү л ә н д а. Не болды? Не болды?үгіріп жүріп салынған төсекті Болысты әкелгендерге көрсетеді. Сол жерге жатқызады.)

С ү л е й м е н. Жүрек козғалды ма? Қалай қарап отырып кұсып жіберген.(Болыс ыңқылдап төсекке жатады.)

К ү л ә н д а. Дәл сайлау күні, Құдай-ай сақтай гөр, жасаған!

С ү л е й м е н. Жай шығар, лақ етпес, бұрыннан талықсып кететін ескіде де бар еді ғой.

К ү л ән д а. Онда бүйтпеуші еді, калшылдап  құлап кетуші еді. (Әубәкір кетеді)

Б о л ы с (қабағын шытып. Ішін уқалап). Ішім күйіп, жанып барады. Бұ не әлемет болды? Нашалнікке де жолыға алмадым, сайлау әлде не болады ?

С ү л е й м е н. Тірі болсаңыз, сайлау қайда  кетер дейсің. Сырқатты айтсаңызшы?

К ү л ә н д а. Я жаны қалғанын айтсаңызшы!

Б о л ы с.  Молдеке нашалнікке жолығып Менің ауырып калғанымды айт. Айып ете көрмесін.

М о л д а. Дұрыс, барайын.

Б о л ы с. Шарды кешіктіре тұруға болмас па екен? Соны сұра! Омырау қалтамда пакетке салулы ақша бар еді. Осы ақшаны ретін тауып беріп көр.

С ү л е й м е н. Оныңыз дұрыс, сақтық қылған жарайды. Берудің есебін табамыз ғой.

Б о л ы с. Қатын, қалтамнан әперші! (Күләнда алып, молдаға береді.)

Б о л ы с. Сізге құрмет көрсетуге асық еді, жақсылығын ұмытпаспын, сайлауды кейінге қалдыра тұрсын деп айтыңыз...

С ү л е й м е н. Айтатын сөзді білеміз ғой.

Б о л ы с. Барыңыз енді. (Сүлеймен кетеді.)Қатын сенің манағы кымызыңның бір пәлесі болды ма? Ішімді жау тигендей қылды...

К ү л ә н д а. Қымызда не бар дейсіз? Дәнеңесі жоқ қымыз еді...

Б о л ы с. Соны қалай іштім, солай пәле боп жабысты... Ай, сұм қатын-ай! Сен бірдеңе кылдың ба, қайттің?...

К ү л ә н д а (жағасын ұстап). Сақтай гөр! О не дегеніңіз?

Б о л ы с. Мен білем ғой! Сенің көңілің жас байда ғой.

К ү л ә н д а. Жасаған-ай! Жоқты айтпаңызшы!

Б о л ы с. Ой, ішім, ішім! Бауырым өршіп барады ғой! Не болды? Не пәле болды?!

К ү л ә н д а. Құдай-ау, не болды?!

Б о л ы с. Ей, жалған-ай, дүние-ай! Шіркін... Жанның тәттісі-ай! Алдамшы бақ, опасыз дәулет! Сендерге алданып, жаныма жаксылық кылмаппын ғой... Талайды қақсаттым, талайды зарлаттым... о дүниеде заманым әлде не болады!? Ішім, ішім!.. әкетті... өртеді... күйдірді... жандырды... (Ішін уқалайды.)

К ү л ә н д а. Жасаған-ай! Не пәле болды!?

Б о л ы с  (аздан соң). Бала сүйіп қызық  көрембе деп едім. Құдай о тілегімді бермеді. Менің балам аттан жығылады - мойыны үзіледі. не суға кетеді. Не кағынып өледі... Жас катын алсам, жүрегім жібір ме екен деп едім, жібімеді. Сен де маған қиянат кылдың...

К ү л ә н д а. Құдай-ау! Қай жерде киянат қылыппын?

Б о л ы с. Сөйлеме! Білемін... Менен күтыласың, кұдай тілегіңді береді, жас байға тиесің...

К ү л ә н д а. Құдай-ай! Сақтай гөр! Жоқ сұмдықты айтпаңызшы!

Б о л ы с. Ішім, бауырым, бауырым (лоқсиды.) Шылапшын! (Қүләнда шылапшын тосады. Болыс құсады. Құсып болып ыңқылдайды.) Маған пәле жабысты. Молданы шақыр!

К ү л ә н д а (жүгіріп есікке барады. Әубәкір қарсы жолығады). Әубәкір! Молданы шақыр!

Әу б ә к і р. Қалай, Неғып жатыр?

К ү л ә н д а. Жайсыз. Жылдам молданы шақыр! (Әубәкір кетеді.)

Б о л ы с (Күләндаға) Молда қайда?

К ү л ә н д а. Жібердім, кәзір келеді.

Он үшінші көрініс

Бұрынғылар һәм СҮЛЕЙМЕН

М о л д а. Немене? Қалай?

Б о л ы с. Менің халым нашарға айналды. Мен сірә өлермін...

М о л д а. Олай демеңіз! Жан шошыған шығар. «Бас ауырса, жан шошиды ғой».

Б о л ы с. Нашалнікке жолықтыңыз ба?

М о л д а. Жолықтым.

Б о л ы с. Ақшаны бердіңіз бе?

Мо л д а. Бердім.

Б о л ы с. Бекер берген екенсіз...

М о л д а. Бер деген соң, қайтейін..

Б о л ы с. Не айтты? Шарды кешіктіретін бе?

М о л д а. Өзіңізге жолығармын деді.

Б о л ы с. Мүслім қайда?

М о л д а. Сонда отыр.

Б о л ы с. Мүслімнің көзінше бердіңіз бе?

М о л д а. Жоқ, оңаша жерде бердім.

Б о л ы с. Мүслім нашалнікпен сөйлесті ме?

М о л д а. Мен кеткенде сөйлесіп қалды.

Б о л ы с. Ай, нашалнікті бұрып әкетпесе еді.

М о л д а. Бұра алмас, бұра алмас...

Б о л ы с. Ой, ішім, бауырым!.. жаным... қиналды ғой. Молдеке, қиналды ғой жаным! Бауырым күйіпбарады... ой-ой!.. Әкетті... өртеді!

М о л д а. Ей, Паруардігер-ай, бұ не ғаламат болды?

К ү л ә н д а. Қараңызшы, неғып жатыр?

М о л д а (жүрегіне қолын салып). Талықсып кетті білем.

К ү л ә н д а (үрейленіп). Молдеке, ауылға хабар айтқызсақ қайтеді?

М о л д а. Сабыр етіңіз, ауылдың қолынан не келеді дейсіз?.. Сізге еш нәрсе айтпады ма?

К ү л ә н д а. Не дейсіз?

М о л д а. Жаназама пәлен мал шығар, пәлендей малды пәленшеге беріндер деген сықылды өсиет қылмаса дегенім ғой...

К ү л ә н д а. Жоқ, ондай дәнеңе айтқан жоқ.

Б о л ы с (көзі жұмулы, ыңқылдап, күрсілдеп, бір қолын созып). Ей, ананы қарашы! Жан алғыш!.. Әзірейіл!.. Әзірейіл!..

К ү л ә н д а. Алла-ай! Қорқып барам...

М о л д а. Қорықсаңыз, ауыз үйге бара тұрыңыз. (Күләнда ауыз үйге шығып, орындыққа отырады. Молда теріс қарап.) Сандырақ кірді, таянған екен. (Қалтасынан пәкетті ашып көреді). Бермегенім мақұл болған екен! (Ақшаны көкірегіне басып). Мың сом! Бір мың сом! Қандай нәсіп! «Біреу өлмей, біреу күн көрмейді» деген осы. Мың сом менің қолымда қалғанын бір бәнде білмейді. Алла тағала бергісі келгенде, қайдан береді?! Құдіретіңе шәк келтіруге бола ма?

Б о л ы с (дірілдеп). А-е-е-ей! Айдашы мына торы биені!.. Басты ғой... тепті ғой... ей... ой...

М о л д а. Құдіреттің жарлығы-ай, бұ қай торы бие? Боранбайдікі ме, әлде, Тойбазардан алатын торы бие ме? Елден алған малдар ғой...

Б о л ы с. Көбекбай! Көбекбай! Әкет айғырыңды! Аяғымды езіп кетті ғой... ай-й! Жыланды қарашы!.. Шағады-ау! (Мойнын жұлқылап.) Ал... ал! Мойныма оралды... (Қылғынып). Қысып барады. Шықты жаным!.. Ой! Ей! Ай!

(Талықсып кетеді. Болыс қысылған кезде Күләнда қорқып, қоқысып отырады.)

М о л д а. Жалғандікі жалғанда кайтады деген осы-ау! Көзіне көр ғазабы елестеп жатқанын қарашы. Байғұстың жанын қинамай, тез алса жарар еді... Осы жолы болыс болмаймын деген ойында бар ма еді? Ей, пендешілік-ай! Ажал шіркін алыс па? Бір сағатта шап ете түсті. Қыруар дәулетті жинап еді, мынау иесіз калғаны! Артында бала да қалған жок. Қатыны да жас адам. Байға тимей неге отырсын? Кім алар екен Мүслім алмаса, жақыны сол ғой. Малды үш тоғыздан кем шығармас. Жаназасын Ысқақ казірет шығарады ғой. Біздің жолымыз сүйекке түсу болар. Жақсы ішіктердің бірін соксақ жарар еді...

ұртынан жымияды.)

Б о л ы с. Молда, ай молда!

С ү л е й м е н. Мен қасыңыздамын.

Б о л ы с. Сайлау не болды?

С ү л е й м е н. Хабар келген жоқ.

Б о л ы с. Дүние-ай! Дүние шіркіннің ыстығын-ай! Жаны кұрғырдың тәттісін-ай! Ажалдың түсінің суығы-ай!.. Мен ұйықтап кеттім бе? Қайттім?

М о л д а. Тыныштанғандай болдыңыз...

Б о л ы с. Көзіме әлденелер көрінді: тергейтін періштелерді көрдім, бүйірімнен көр қысты. 

Он төртінші көрініс

Бұрынғылар һәм ӘУБӘКІР

Ә у б ә к і р (Күләндаға келіп). Сүйінші! Мүслім болыс болды.

К ү л ә н д а (ұшып түре келіп). Рас па?

Ә у б ә к і р. Рас! Рас! Болыстан сүйінші сұрасам қайтеді?

К ү лә н д а. Барма, қысылып жатыр.

Ә у б ә к і р. Ендеше, мен елге шабайын.

(Кетеді.)

Б о л ы с. Молда, ауыз үйдегілер не дейді?

Кү л ә н д а (Төргі үйге кіреді). Молдеке!

М о л д а. Әлгі не деп кетті?

К ү л о н д а. Ініңіз болыс болыпты.

Б о л ы с (қысылып) Ай!.. уһ! Ой! Жалған-ай! Мүслім нашалнік. сайл...л-ай! ( Талықсиды).

Он  бесінші көрініс

Бұрынғылар һәм МҮСЛIМ

М ү с і л і м (жалаң бас, көңілі шат, ауыз үйгекіріп келеді). Қайда бәрі?

К ү л ә н д а (карсы шығып). Бағың құтты болсын!

М ү с і л і м. Айтканың келсін!

К ү л ә н д а. Сенің ойлағаның болды, мені қайтесің?

М ү с і л і м. Қайтейін сені? Байға тиерсің.

К ү л ә н д а. Кімге?

М ү с і л і м. Біреу табылар.

К үл ә н д а. Өзің ше? Уәде қайда?

М ү с і л і м. Мен қатын алмаймын.

К ү л ә н д а. Ой, ұрған екенсің ғой, болыс, болыс!  Қайран болыс!      (Төргі үйге жүгіре кіреді).

М о л д а (болыстың бетін жауып, иман айтады). Лә-иләһә Иллалла.

К ү л ә н д а. Ой, болыс-ай! Қорғаным-ай! Арыстаным-ай! Арманда айрылдым, қапыда айрылдым! (Жылап болыстың аяғын құшақтап, Мүслім келіп кіреді.)

М о л д а. Жұмыс бітті. Қазаның қайыры болсын. Бағың құтты болсын!

(Мүсілімде дыбыс жоқ, қолын айқастырып кеудесіне койып, сазарып, сілейіп тұрып калады).

      

Ш ы м ы л д ы қ

Аяғы