Толхын Маратқызы. Бямбасүрэн Шаравтың «Шыңғыс хан» операсы

Моңғол елінің тәуелсіздігінің 800, ұлы Шыңғыс ханның 840 жылдық тойын белгілеп өткізу қарсаңында Моңғолия мемлекетінің елбасы Н.Энхбаярдың 2002 жылы жарлығы шығып, Премьер-министр бастаған ұйымдастыру алқасы құрылды. Бұл торқалы тойының қарсаңында Шыңғыс ханды дәріптеу мақсатында көптеген шараларды жоспарлап іске асырды.

Толхын Маратқызы

Қазақ ұлттық өнер университеті

магистрант II-курс


Моңғолия мемлекеттік академиялық опера және балет театрының режиссеры Л.Эрдэнэ-Булган, Моңғолия мемлекетінің  Шыңғыс хан орденінің иегері, еңбек сіңірген өнер қайраткері, композитор Бямбасүрэн Шарав екеуі ақылдасып[1], аға буын халық жазушы, өнер қайраткер ақыны П.Бадарчқа «Шыңғыс хан» опера либреттосын жазуға өтініш білдірді.

П.Бадарч Шыңғыс ханға байланысты тарихи «Моңғолдың құпия шежіресі», «Алтан шежіресі», Сайшаалт «Чингис хааны товчоон», Ш.Нацагдорж «Чингис хааны цадиг», Б.Я.Владирмирцев «Чингисхаан» Рашид-ад-дин, М.Ганди, Л.Н.Гумилевт.б. отыздай кітап оқып зерттеді. Осылай операның либреттосын «Моңғолдың құпия шежіресінде»[2]болған оқиға ізімен баяндауы жөн санады. Автор 1171-1189 жылдар аралығындағы тарихи оқиғаларды негізге алып, суреттеуді шешім шығарады[3]. Бұл жазушының ұтымдылығы болды, себебі сахнағазаңдылықтарына сай, соғыс, атпен шайқасу, көпеген әскерлер шығару мүмкін емес еді. Либретто сюжеттік талаптарды сақтай отырып, шайқас болдырдырмауды мақсат қойып, тайпа аралық соғысар алдындағы оқиғаларды баяндады.

Операның мазмұны Шыңғыс хан жасынан өмірдің ашысы мен тұщысын татқан бірлік, бейбіт өмір үшін күресіп әлемге аты әйгілі қолбасшы болғандығын көрсетті. Яғни 12 мен 27 жас аралығындағы оның жастықшағында, жетім өссе де, қиыншылыққа мойымай, төзімділікпен мақсатына жету табандылығы, жігері мен қуаттылығын бейнеледі. Темүжинді қайсар тұлға ретінде көрсетуі операның өзектілігі болды.

Авторлар опера жанрының музыкалық драматургиялық және сюжеттік заңдылықтарын сақтай отырып, Шыңғыс ханды нағыз тұлға ретінде арқау етіп, әр кейіпкердің драматургиясын өте түсінікті бейнеледі. Тарихи оқиғаны музыка тілімен сипаттап, бүгінгі ұрпақпен қайта қауыштырды.

Операның оркестрлік музыкалық тілі айқын, оның ариялары мен речитативтері интонацияға бай, шынайы тарихи 15 жылдық оқиғаны өте қысқы, нақты, түсінікті жеткізген. Б.Шаравтың «Шыңғыс хан» операсы 2 актілі, 6 көріністі, 32 кейіпкері[4]бар. Операның премьерасы 2003 жылы 18 мамырда Уланбатырдағы Моңғолия мемлекеттік академиялық опера және балет театрында қойылды.

Операкейіпкерлердің қарым-қатынасы, шиленіскен оқиғалары музыка арқылы ашылды. Кейіпкерлерді музыкалық сипаттауының жинақылығы және әр бейненің саз өрлімі вокалдық әрлеу (классикалық опера тәсілдерімен) арқылы дамытуы композитордың басым ерекшелігі болды. Операның жалпы музыкасы моңғол ұлттық музыка үндерімен әдемі жарасымдылығын тапқан.

Операда Темүжин, Өүлен, Ван-Хан, Жамұха, кейіпкерлердің ариялары әуендік жағынан бай шеберлікпен жазылған. Хадан, Бөрте, Жамуха, Темүжин кейіпкерлерді ариоза, дуэттер, речитативтік әндер, хорлар мен би музыкалары әуені арқылы жақсы әрлеуі, өнер тілді касіби түрде дамытқан.

Операға көшпенді моңғол жұртының кескін келбетіні бейнелеу арқылы ерекше көрік берген. Композиторға барлық негізгі кейіпкерлерге ария жаза беру мүмкін емес болды. Себебі, бұл тарихи операда көп тайпа, батырлар бар. Атап кетсек: Тайшуыт, Меркіттер тайпасы, Торығыл хан, Жамуха батыр, анасы Өүлен. Алғашқы махаббаты Хадан, әйелі Бөртенің өмірін жеке-жеке алып опера жазуына боларлық тарихи негізі көп. Сондықтан авторлар кейіпкерлерді әр түрлі бейнелік даму арқылы көрсетті. Мысалы: Өүлен, Хадан, Бөртеге келсек, үшеуі де әйел бейнесі. Бірақ, композитор үш бейнені ария, ариоза, дуэт арқылы сипаттауы сәтті ойластырған ұтымды шешім болды. Жоғарғы әйелдер бейнесіне анығырақ тоқталсақ:

Өүлен анабейнесін суреттеуде, Есүхэй батыр өлген соң, балаларымен жесір қалғандағы оқиға айтылады. Оларды тайшуттар тайпасы жұртқа айтпай қалдырып кетті. Кейін Темүжинді олжалап алып кеткен кездегі аналық көңіл-күйін суреттейді. Композитор Өүленге нағыз аналық қасиеттерін бейнелеу маңыздылығы болғандықтан күрделі оны құрылымды ария арқылы сипаттады.

Ария мұңлы, эмоционалдық қозғалысқа толы, бірақ қайғырғанымен қатар қаһарлы ұрпағына деген махаббат мейірімін жеткізеді. Музыкалық әрлеуі орташа жылдамдықта, гармониясы күрделі соның ішінде кварт-квинт аккордтары, триольдық ырғақ мол қолданған. Құрылым дамуы арияның мәтінің мағынасына сай қозғалыста. Кейіпкердің терең ойлын, алаңдауын, қаһарын динамика (mf, f, ff) арқылы сипаттаған. Интонациясының бастауы, өрбуі, түйіні бар. Вокалдық құрылымы орта регистрде жазылғаны меццо-сопрано даусына арналған. Арияның әр бөлімі кең ашылған. Оркестрлік сүйемелдеуі де кейіпкердің барлық эмоциясын, ойларын жеткізеді.

Хаданбейнелеуде, Темүжин тайшуыттардан қашып жүргенінде Хаданға танысып, екеуі сол сәтте бір-бірін ұнатып қалған оқиғасын суреттейді. Темүжиннің қиын шиеленіскен тағдырын Хадан ариозасымен сипаттау арқылы операның драматургиясын жұмсарта түскені, көркемдік және сахналық тұрғыда операның тепе-теңдігін тапты.

Ариозаның музыкалық екпініэмоционалды лирика сезімге бай. Музыкалық әрлеуі қарапайым құрылымда, жай екпіндеәндете оналтылық нотамен өзін таныстырумен басталады. Шарықтау мезетінің әрлеуі жоғарғы ноталары образды аша түсуімен ерекшеленеді. Гармониялық серпілісі бірте-бірте шыңдала түседі.Динамикалық «ff» әдісі ариозаның эмоционалдық екпініне дөп түскендей. Фортиссимомен орындауы әншінің вокалдық шеберлігін толығымен ашуына мүмкіндігін береді.

Бөртебейнесін көрсетуде, Темүжинніңжары Бөртені меркіттер ауыл аймақты шулатып, тартып әкетеді. Темужин көрші тайпалырынан көмек сұрап Бөртені өз ошағының басына қайта әкелгенімен, екеуінің бір-бірімен қауышқандағы оқиғадағы сезімдерін авторлар дуэт арқылы сипаттады.

Операдағы кейпкерлердің бейнелерін, музыкалық мінездеуі, лирикалық жан толқынымен өте әсерлі  сипаттаған. Атап кетсек, толқыған көңіл-күйін, шалқыған шабытты шағын, әуендік фразалары өте ауқымды. Дуэт дуоль, триольдарды речитатив тәсілімен қолданып, құрылымның мелодия дамуына бастау ала отырып, шарықтау мезетінде жоғарғы дыбыстың кеңдігін жоғары қарай квинта арқылы ашуы музыкалық екпініне өзіндік ерекшілігін дөп берген.

Музыкалық екпіні эмоционалдық сезімге бай, таза лирикалық бастаудан салмақты драмаға толы болып шарықтау мезетіне көтерілуі арқылы, оқиғаның шешімін анықтап бейнелегені музыкалық тұтастығын анықтағанын аңғарасыз. Оркестрлік сүйемелдеуіде шалқарлық беріп, лирикалық жан сырын өз қырымен ашады.

Осылай композитор Б.Шарав операда әр кейіркердің өз бейнесінің ерекшеліктерін қарастыра отырып драматургиялық даму бейнеленген.

Темүжин жетім өссе де, қиыншылыққа мойымай, төзімділікпен мақсатына жету үшін еш нәрседен таймайтын табанды тұлға. Оның тәрбиесіне Өүлен ананың ықпалының зор болғандығын да арқау еді. Операның соңында көптеген ру, аймақ, тайпалар Шыңғысқа қосылады. Барлығының ойы бір жерден шығып бірігіп, «Қабыл ханның ұрпақтарымыз, сізді хан етіп көтереміз» – деп үш өзеннің моңғолдары Шыңғысты моңғол елінің ханы етіп сайлайды.

Б.Шаравтың айтуынша «мен “Шыңғыс хан”операсының әр кейіпкердің вокалдық тәсілімен дамыттым» деген. Әр негізгі кейіпкерді вокалдық өнерінің заңдылықтарымен әрлеу арқылы музыкасында ұлттық бояуының қанықтылығын айқын байланыстыру операның   тепе-теңдігі болып саналады.

Моңғол классикалық шығармасын айналған бұл опера ұлттық өнеріндегі айтулы оқиғаға айналды. Рухани мәдениетіміздің тарихына маңызылығымен, еліміздің театрының мақтанышына айналды және әр кезеңдегі зерттеушілердің назарынан орын алды. «Шыңғыс хан» операсы осы күнге дейін сахна репертуарынан түскен емес. Театрдын бір сезонда 2-3 рет тұрақты қойылады. Болашақта көптеген мемлекеттің опера сахна төрінде болады деген үміттеміз.

Шарав: «Өз ұлтымыздың ұлттық рухани байлықтарын зерттеңдер, көбейтіңдер, сақтаңдар, дамытыңдар және оларды әлемдік мәдениет деңгейге паш етіңдер» деген. Бұл сөзге оралсақ, композитордың әлемге жаһандандыру, ұлттық төл тумалығын сақтап қалуы, отаншылдық сезімін, сүйіспеншілігін, жастарды музыкасы патриоттық рухта тәрбиелеп жетелеп отырғанын сезінесіз. Оның шығармашылығы уақыт өткен сайын егеменді елінің рухын асқақтатып, туған халқының сарқылмас рухани азығына айналып келеді.

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  1. Тілеуберді Әбенайұлы Тыныбайын «Шынына көш тарих Шыңғыс хан кім». Алматы: Өнер. 2008. Б.65-70,18;
  2. Тілеуберді Әбенайұлы Тыныбайын «Шыңғысханның ата мекені мен ата тегі және тілі мен діні» Алматы 2014 жылы 196 б.
  3. Мұхтар Мағауин «Шыңғыс хан» Алматы 2014 жылы 556б
  4. І.Есенберлин «Шыңғысхан әлем сілкіндірушісі»  Алматы: Көшрпенділер. 2002. Б 17-26
  5. Сәуірбек Бақбергенов «Бөрте Шыңғысханның жұбайы» 1993 жылы 384б
  6. Калибек Данияров «Шыңғысханның тарихы» Алматы: Ptint-s. 2001. Б 79
  7. Дамдинсүрэн.Ц«Монголын нууц товчоо»УБ 1986жылы,
  8. Б.Сайшаал«Чингис хааны товчоон»УБ 2005жылы
  9. Д.Дэмбэрэл«Чингис хааны наян найман гавъяат ерэн таван мянганы ноёд»УБ 2002 жылы
  • Н.Жанцанноров «Монголын хөгжмийн 12 хөрөг»УБ 1996жылы
  • Б.Шарав “Чингис хаан дуурийн клавир»2008 жылы

[1]Режиссер Л.Эрдэнэбулган 2002 жылы Шыңғыс ханның 840 туған жылдық мерей-тойына Өүлен[1]ананың ариясын жазуын Б.Шаравқа тапсырды. Композитор мерекелік концертке арнап бірнеше тамаша шығармалар жазды.

[2]«Моңғолдың құпия шежіресі» – XII-XIV ғасырлардағы тарихи жазба мұрасы. Моңғолиянымекендеген түркі тайпаларының (найманкереймеркітқоңыратжалайыртатарұйғыр) тұрмыс-тіршілігі, әлеуметтік-саяси өмірі суреттелген, сондай-ақ тарихы, тілі, этнографиясына қатысты деректер мол кездеседі. Шежіре шамамен 1240 жылы аяқталған. Авторы белгісіз, ол хан ордасында қызмет етіп, еңбекті ұйғыр әліпбиі негізінде жазған.

[3]П.Бадарч өзінің естелігінде либретто жазудың оңай емес, операны киномен салыстыруға болмайтынын айта кеткен.

[4]Моңғол қупия шежіресіндегі 1-3 бөлімдегі Шыңғыс ханның өмірінде бірге барлық адамдарды басты, көмекші және халық арасына кейіпкер ретінде операға кіргізген. Сол себепті алты бөлімді операның әр кейпкерлер атымен атаған.

Бірінші көрініс: "Өүлен ана" туралы;

Екінші көрініс: "Темүжин" туралы;

Үшінші көрініс: "Бөрте үжин" туралы;

Төртінші көрініс: "Ван-хан" туралы;

Бесінші көрініс: "Жамуха" туралы;

Алтыншы көрініс: "Шыңғыс хан" туралы.

30 Мамыр 2019
125
0
0