МАЙДАН

Төрт перделі, сегіз суретті драма

ҚАТЫСУШЫЛАР:

Досан – бұрынғы батырақ, белсендіпартия мүшесі, колхоз басқарм бұрынғы батырақ, белсендіпартия мүшесі, колхоз басқармасының ағасы, 35 жаста.

Пүліш – оның әйелі, өркөкірек, кербез, шайпау әйел,25 жаста.

Орынбай – батырақ,белсенді, ауылдың ұя хатшысы,35 жаста.

Алтынай – оның әйелі,ашық, сөзшең, партия мүшесі,39 жаста.

Ержан кедей, белсенді партия мүшесі, 45 жаста.

Дәрікүл – оның әйелі,  колхоз тілегінде, 40 жаста.

Дауыт оның баласы,батырақ, ұста, 25 жаста.

Бекболат бай, атқамінер, айлакер, 50 жаста.

Мамық – оның әйелі,өсекші, ақсақ, 45 жаста.

Жұмағұл оның баласы, мырза, сал, 25 жаста.

Есен – есер ақын, мырзаның қосшысы, 30 жаста.

Көдебай – байдың құйыршығы, пәлеқор, 45 жаста.

Демесін – бұрынғы саудагер, тілін шайнап сөйлейді, Көдебайдың қолшоқпары, 40 жаста.

Әбді – жасында молда болған, ұшқалақ, қызба, 35 жаста.

Күркебай – орташа, өсекші, жыбыр,40 жаста.

Әліш – кедей, алаңғасар, 40 жаста.

Зәуре – оның әйелі, белсенді, партия мүшесі, 30 жаста.

Құсайын – орташа, колхоз белсендісі, 40 жаста.

Қалампыр – оның әйелі, сөзге азғыш, 40 жаста.

Иван – сол ауылға сіңіскен кедей орыс, ұсталық істейді, 50 жаста.

Агафья – оның әйелі,40жаста.

Досмағамбет – оқыған, пысық, партия кандидаты, колхоз басқармасының хатшысы, 35 жаста.

Ырысты – оның әйелі, 30 жаста.

Имаш – орташа, пысық, белсенді, колхозшы, 40 жаста.

Жұман – орташа, сөзге ергіш, бұлтақ, 40 жаста.

Махмұдов – райком хатшысы.

Кісі.

Жігіт.

Қыз.

Келіншек, тағы басқалар.

 

БІРІНШІ ПЕРДЕ

 

«Қысқы үй. Бір терезе. Үй іші жұпыны: ескі әбдіре, сандық, кебеже, есік жақта ескі кереует, үй іші төсексіз – төсеген салам шөп бұрқырап жатады. Сандық алдында бірер ескі бөстек төсеулі. Босаға жақта шашылып жатқан ыдыс: шелек, самауырын, шара, кесе, аяқ, шылвпшын, леген – бәрі аралас.

 

Бірінші көрініс

Шымылдық ашылғанда, Пүліш кереуеттіңүстінде айнаны тізесіне қойып, жаулығын жөндеп отыр...

П ү л і ш (жаулығын жөндеп отырып). «Кедейдің қатынысың ғой, саған жөнделіп не керегі бар», - дейтінді шығарыпты. Керек емес сөзі! Осы күні жөнделмегенде, қашан жөнделмекшімін? Адырықтың қатыны құсап жұлығымнан шұлғауымды шығарып жүре алмаймын! Қатын керек болса, керек дегенімді тапсын! Тапқызамын! Бұл советтің заманы. Керегімді таппаса, кетемін де қаламын. (Айнаға қарай түсіп, ашуланып.) Әдіре қал, әдіре қалау... (Жаулықты алып ұрады. Шашы бұрқырап қалады.) Жөндейін десең, бір жөнге келмейді. Жұрттың жаулығы оп – оңды - ақ болып тұрады, солардың несі барын білмейсің. (Жаулығын қайтадан салып жатады.)

 

Екінші көрініс

М а м ы қ (есіктен кіре, күлімсірей сөйлеп). Келе жатып ойлаймын: дәуде болса келін жаулығын салып жатқан шығар деп... Немене обыратып жатқаның? Бері әкелші. (Бара жаулыққа жабысады.) Оңбаған күңдер, сендер адам болармын дейсіңдерме. (Жаулықты салындырып жатып.) Қайнағаңа ылғи айтамын: осы Пүліш келін адам болады, - деймін, аруақ сыйлайды, ата жолын қуады, - деймін жұрттың қатынындай адыраңдап беттен алып тұрмайды, - деймін... үлкен адам ғой, қайнағаңды айтам... Соны есіткенде осы бар ғой риза болып, батасын беріп: «Пүліш келіндей болыңдар!»-деп аузынан тастамай отырады... (Жаулықты дұрыстап беріп, бөстекке отырады.) Ойбай-ау, белім-ау, кәріліктің де жеткені.

П ү л і ш (айнасын жиып, елеуреп). Шешей бар ғой, осы айтқаныңыз ып-ырас. Мен кездескен сайын қайнаға анадай жерден күтіп тұрады. Мен иіліп сәлем қылсам, «көп жаса, қарағым, өмірлі бол, көрпең ұлғайсын!»-деп батасын беріп жатқаны.

М а м ы қ (басын шұлғып). Сол-сол... Бұрынғының адамы солай болатын, шырағым... Ойқай заман-ай, талай қызықты көріп едік-ау! Сұм заманға кездестіріп, сұмырай ғып қойғаны мынау. Әдеп деген жоқ, иба деген жоқ, үлкенді сыйлау деген жоқ.(Күрсініп, басын шұлғып, даусын соза түсіп.) Қатын билеген соң біз не оңайық!

П ү л і ш (қабағын тыржитып). Сол салдақы мені де айналдыратын болыпты.

М а м ы қ (білмегенсіп елеңетіп). О кім,келін-ау?

П ү л і ш (тыржиып). Зәурені айтам. Кеше судың басында маған жымыңдай қалыпты.

М а м ы қ (басын изей түсіп). Салдақы десейші. Күйлеген сиыр құсап, қалың еркектің ортасында жүрген соң, құдайын ұмытып жүргенін көрмейсіңбе?

П ү л і ш. Маған айтады: «Пүліш-ау, сендерді колхозға кіргізбей қоймаймын, сен кірмесең, байыңды кіргіземін»,-дейді.

М а м ы қ. Айттым ба, әне... Сонау сайдауыт жігіт бір өзіне аздық қылып жүргендей, сенің аңқау байығды да азғырып тұзаққа түсірмек қой. (Ойланып жан-жағына қаранып, Пүлішке мойнын созып.) Масқарасын есіттіңбе, келін?

П ү л і ш (елең етіп). О не, шешей-ау?

М а м ы қ (қолын сілкіп). Сұрама, келін, бойыңнан түңілесің. Құдай басқа бермесін де! Салқоз болатындардың көретіндері сол ғой... (Тыржия түседі.)

П ү л і ш (ынтығып, Мамықтың жанына жетіп келеді). Айтшы, шешей-еке, о не?

М а м ы қ (төне түсіп). Мынадай масқарасы бар, келін-ау, салқоз болғандарды нөмірлейді дейді,сауырларына таңба басады дейді, нөмірі тура келген еркек пен әйел жүре береді дейді...

П ү л і ш (бетін шымшып). Бетім-ау!.. (Аңырайп көпке қарайды.)

М а м ы қ (тағы төне түсіп). Одан да масқарасы бар: салқозболғандардың бәрін жинап бір көрпенің астына жатқызады дейді.

П ү л і ш (аңырайп отырып). Шешей-ау, көрпесі қандай болды онда?

М а м ы қ (тыржиып ұнатпай). Кім білген соны. Бұлжаманның қай ісін біліп жатырсың. Үлкен болатын шыңар...Соңғы кезде тавар азайып кетті ғой, сондай бірдемесіне жаратып жатқан шығар.

П ү л і ш. Бәтір-ай, онда қалай болғаны, шешей-ау! Қалқоз болмағандарды қайтеді екен?

 М а м ы қ. Салқоз болмағандарға тимейді десіп жүр. (Пүлішке төне түсіп.) Әзірет айтыпты дейді: «Ақырзаман белгісі осы» депті дейді, «құранның қарасы тиеді»депті,-дейді, «жұрттан неке бұзылады» депті,-дейді, «әйел ортаға түседі», - дейді...

П ү л і ш (ынтыға түсіп). Бәтір-ай!.. Сосын қайтеді екен, шешей?

М а м ы қ. Сосын... (Ойланып.) «Жердің асты үстіне шығады» депті,-дейді, «мұсылмандар жұмаққабарады да, салқоз болғандар (қолмен нұқып) жеті тамұқтың ең түбінде шіриді» депті,-дейді. (Пүліш аузын сылп еткізіп отырады. Мамық төне түсіп.) Әзірет тағы былай депті дейді: «Құдай деген пенделер салқоз болғандармен араласпасын, олармен сөйлесспесін, оларды «қалқоз» емес «салқоз» деп атасын» депті,-дейді.

П ү л і ш (таңданып). Бәтір-ай, онысы қызық екен?! Шешей-ау, оларға кездесіп қалсақ қайтеміз: араз адам құсап томсарып тұрамызба?

М а м ы қ. Оны азсынсаң, тіпті олардың бетіне қарауға шариғат қоспайды дейді.

 

Үшінші көрініс

 

Д ә р і к ү л (қолында ұршығы,кебісін тастап жатып). Қайда көрсем де, осы сенің аузын жабысады да отырады екен... (Мамық сыртын береді. Пүліш төмен қарайды. Дәрікүл төніп барып отыра бергенде Пүліш кереуеттің үстіне шығып,бір қырымен отырады.) Сенің ісін жоқ па осы, келін? Неше келсем де ылғи бос отырғаныңды көрем. Жас адамның жұмыссыз отырғаны келіспес болар. (Өзі жүнін иіре береді.) Отыра қалғанда бір жұмысты қолыңа ала отырсайшы. Байыңның шапаны бөктеріліп қалыпты, соны жамай салсаңда жұмыс қой... Мына кемпірге ерме, мұның үйінде келіні бар, қызы бар, еріккен адам, үйінде отырып біреуге салем айтса да, жұмысын бітіріп алады... (Ұршығын тоқтатып, Пүлішке қараса, олбұртиып отыр; Мамыққа қараса, о да бір қырындап отыр...Екеуіне кезек қарап, аң-таң боп.) Өй, сен қатынға бірдеме көрінді ме? (Мамықты иықтан тартып қалады.) Байың тірі еді ғой, неге бұртаңдайсың?

М а м ы қ (ызғарланып).Неге тартасың иықтан? Әбден,қашанғыдан бұрын сендерден-ақ өлдік-ау, қит етсе кедеймін деп қоқаңдап.

Д ә р і к ү л. Бетім-ай, мына бетпақ дейді? Не қылдық біз саған?

М а м ы қ (тыржиып) Қыларын қылып болыпмомақансуын. Бізді «майкөт» қылатында шаптығып сөйлейтін кім еді?

Д ә р і к ү л. Оның несіне бұрқылдадың? Сөйлесем, мен шынын айтқан шығармын. Баяғадан бері құл құлданғаныңды айтқан шығармын, ауыл-аймаққа берген жәбіріңді айтқан шығармын, екі күннің бірінде «құл» деп, «күң» деп күн көрсетпегеніңдіайтқан шығармын.

М а м ы қ. Тағы айтыңдар. Сендер айтпайды деп отырғанымыз жоқ, тек құдайым жар болсын.

Д ә р і к ү л. Айтса, сенен қорқар деп пе едің?

М а м ы қ. Құдайдан қорықпағанда бізден қорқады деп ойламаймыз.

Д ә р і к ү л (шаптығып). Құдайың өзіңе, білдің бе? Өзің-ақ ал сол құдайыңды! (Аналар күбірлеп, жағаларын ұстайды.) Құдайдың тілеуін тілегенде де көрген жарығым шамалы. Сәбетімнен жарылқасын! Сәбет келген соң шығар, саған тқолымыздың жеткені.

П ү л і ш (бұртиып). Шешей-әй, сөзіңді шығын қып қайтесін осыларға.

Д ә р і к ү л. (жалт қарап таңданып). Бетім-ай мына көргенсіз не дейді? Сенің қимаң неден қышыды? Саған неғып дос боп қалды бұл қара қатын. Байыңды өткен өмірге құлданған қара қатын осы емес пе еді?

М а м ы қ (кекіркңдеп). Сенің бөліп бергеніңді де көргеміз.

Д ә р і к ү л. Бар болып бермесем, кінә менде. Ол кезде менде кісі есігінде жүргенмін. Сенің жуындыны зорға сұрап ішетінмін. Сөйтіп жүріп те қарасатынмын.

М а м ы қ (кекеп). Қойдық, қойдық... Сенікінің барі рас. (Күрсініп.) Сенің сөзіңді өтірік дейтін дәурен қайда?

Д ә р і к ү л. Қоймасаң сөйлей бер, қайбір сөйлемей жүрген адамсың. Жаңа ғана бас қосып, адам боламыз ба деп едік, енді бірімізді-біріміз шоқпар қылғалы жүрсің ғой.

М а м ы қ (оқты көзімен қарап). Өлгендеріңді де бізден көріңдер!

Д ә р і к ү л. Көретінін көрерміз. Саған күлтектейтін заман бұл емес, күліңді аспанға ұшырармыз!(Пүлішке) Келін, байың келсін, сосын сөйлесермін... (Тұрып кетуге ыңғайланды.)

П ү л і ш (бұрқылдап). Жұрттың сандалған сөзінің керегі жоқ... Байға айтып сабататын заман бұл емес, тиіп қарасын!

Д ә р і к ү л (есікте тұрып). Келін! «Қайтып кірер есікті қатты серіппе» деген, осы есіңде болсын!.. (Шығып кетеді.)

 

Төртінші көрініс

 

М а м ы қ (күрсініп). Есіттің бе келін, сөзін! Құдайдан безген адам солай сөйлер болар. Бет ажарын байқадың ба, нұры кеткен ғой. Иманның қашқаны деп соны айтады. Сақалын желбіретіп шалымен екеуі мойындарына кірес тағып отырғанын көрерсің әлі...

П ү л і ш. Бетім-ай,айта көрмеші, шешей,тұла бойым түршігіп кетті ғой. Мамық (тұрып жатып). Алда белім   -ай! Кәріліктің кіргені ғой бұл. Шалым ұрсып жатқан шығар. (Есікте тұрып.) Қайнағаң айтады: «Келіе уытты ғой, баланы уысынан шағармайтын шығар»,- дейді. Мен айттым: «Айтқанын істете алмаса, мен Пүлішті келін демей-ақ қояйын»,-деймін.

П ү л і ш (жайраңдап) Сол шірікке сөз салады деп тұрғаның ба шешей? Ақырып қойсам, жерге кіре жаздайды. Бұл сәбеттің заманы, айтқанымды істететем!

М а м ы қ (күлімсіреп, басын изей түсіп). Ие, ие, өзім де білемін ғой қарағым. Қайнағаң ылғи айтады: «Осы ауылдағы бозөкпе жігіттерден келіндерім асыл, келіндерім қымбат»,-дейді. Әлгі Әлібек үйіндегі келін де тізгіндесіп жүр, байғұстар. «Еркек-бас, әйел-мойын» деген рас қой. Ойбай-ау, мен ктейін...

Шығып кетеді.

 

Бесінші көрініс

        

П ү л і ш (ойланып). Жақсы кемпір өзі. Туған енемдей көрем. Жаз болса қымызын, қыс болса етін: «Келін, мынаны іше ғой», «Келін, мынаны жей ғой»,-деп беріп отырғаны. Әлғі адамдар осылармен байланысып, осылардың бақытын күндейді, осылардай болмаған соң іші күйеді. (Ойланып.) Қайнағада жақсы кісі, «Келін шырағым» деп тұрғаны. Әсіресе сал жігіт! Қызық жігіт-ау өзі. Жүрген жері ойын, той, базар. Біраздан бері осы үйге келгіштеп жүр, не ойы барын айтпайды, әзіргісі құры әзіл... (Күрсініп) Кім білсін, кедейдің қатыны деп тақымы толмай жүрмесе.. (Орнынан тұрып терезеге барғанда, терезе алдындағы кітапты көріп.) Оңбаған шірік, сабағын оқып не болмақшы екен? Жалғыз кемі осы ма екен?.. (Құшырланып кітапты жыртып, лақтырып жібереді. Терезеге сүйеніп, далаға қараған күйі ән салады.)

Мінгені қалқатайдың құла жорға,

Белінде асыл белбеу, қамшы қолда.

Қайрылып ақ тамақтан бір сүйіп ед,

Мейірім қанғандай боп қалды сонда...

(Терезеден қарай түсіп ойланып)

Бұл елден сен болмасаң, кетер едім,

Қыдырып жер түбіне жетер едім.

Қасқиып қарсы алдыңнан шыға келсем,

Қалқатай, онда маған не едің?..»

 

Алтыншы көрініс

Жұмағұл кіреді

 

Ж ұ м а ғ ұ л (өлеңнің соңғы ауызы бітпей кіріп келіп). Онда, саған ба?

П ү л і ш (назданып). Қойшы, тыңдап тұрып... (Кереуетке отырады.)

Ж ұ м а ғ ұ л  (кереуетке қатарласа отырып). Онда мен не етер едім, білесің бе?

П ү л і ш (қылымсып). Ал, нетер едің?

Ж ұ м а ғ ұ л. Онда ма?.. Құлағыңды әкел, сыбырлап айтайын. (Пүліш құлағын таяй бергенде Жұмағұл бетінен сүйіп алады.)

П ү л і ш (ыршып кеткен болып). Қойшы, тентек жігіт, мінезің-ай сенің...

Ж ұ м ағ ұ л (күліп). «Нететінімді» айтқаным ғой.

П ү л і ш. Олай айта.

Ж ұ м а ғ ұ л. Енді қалай?

П ү л і ш (күліп, көзін төңкере қарап.) Қалай дейсің бе?

Ж ұ м а ғ ұ л (ыржаңдап, жақындай түсіп). Ие, ие...

П ү л і ш. Менен үйренгенің ұят емес пе?

Ж ұ м а ғ ұ л. Онда менің дегенімше болсын!

П ү л і ш (қылымсып күліп). Болмасын деген адам бар-ау, сірә? (Жұмағұл қисақтап сүйем дегенде.) Қойшы, тентек жігіт, біреу келіп қалар. Жібер... (Бұлқынып, босанып, дұрысталып.) Тентек жігіт, сенің мінезің-ай. Жеңгелеріңнің бәріне де осыны істейсің бе, әлде маған ғана ма?

Ж ұ м а ғ ұ л (тесіле қарап). Саған ғана! Жүрек сенде!

П ү л і ш (күліп, қолын көлеңкелеп). Қарамашы!.. Ұялам...

 

Жетінші көрініс

Есен кіреді.

 

Е с е н (қатар отырған бұларды көріп, шалқып).

  Бәсе, бәсе...

  Міне, келіскен жұбай!

  Өмірлі қыл құдай!

Ж ұ м а ғ ұ л (масайрап). Ақыным, әндетіп жіберші!

Е с е н (сандыққа отырып, домбыраны ала салып).

                            Кім сүйед Пүлішжанды? Жұман сүйед.

                            Кім күйед Пүліш үшін? Жұман күйед.

                            Жұмандай жұрт жігітін аймаламай,

                            Досанға осы Пүліш неге тиед?..

(Дауысын көтеріп, айқайлап, желдірте түсіп.)

                            Пүлішжан шын жігітін жаңа тапты,

                            Жастықта ойнап-күлген балдан тәтті.

                            Жалғанда жалпағынан басып өткен.

                            Жырласақ біз жырлайық махаббатты.

                            Пүлішжан, көзің күлім, жүзің аппақ,

                            Ажарың пішініңе келген шап-шақ.

                            Нақ осы минуттегі қылығыңды.

                            Мен, сірә, тауыса алман сөзбен мақтап...

Ж ұ м а ғ ұ  л (көтеріп). Уа... hой!..

Е с е н (Пүлішке күлімсіреп). Осыным дұрыспа?

П ү л і  ш. Қайдам, өсек болып жүрмесе...

Е с е  н. Жоқ, шыным, ақын өтірік айтпас болар.

Ж ұ м а ғ ұ л (күрсініп). Ақын сөзі шын. Ақын өтірік айтпайды. Ақынның әрбір сөзі жүректі тырнап, тіліп жібергендей болады... Әсіресе Есеннің әні естілгенде өткен күн, балалық шақ, бақытты дәурен – бәрі көз алдыма елестеп келіп тұрған сияқты болады... Ойқай дәурен, өтті!.. Бітті!.. (Мұңайып, төмен қарайды.)

П ү л і ш (мүсіркеп). Қойшы, тентек жігіт, мұңайып не? Басың жас, әлі бәрі де болар, бәрі де дұрысталар...

Ж ұ м а ғ ұ л (басын шайқап). Болмас, болмас!.. Бітті... Бітті!.. (Есенге) Есен! Айтшы, елестете, сарната, зарлата айтшы!

Е с е н. Айтайын, Жұман, сенің тілегіңді орындайтын мен ғой... (Күрсініп, домбыраны шертіп, желдірмегесалады.)

Ж ұ м а ғ ұ л (басын шұлғып). Дұп-дұрыс, тап осың дұрыс. Біз мүгедек. Біз сүтке тиген күшік.

П ү л і  ш  (жабырқап). Қойшы, сәулем, адамды жабырқатпай.

Е с е н (домбырасын тастап). Бәсе, сүйтші, өзі түскен иығымызды одан жаман салбыратпай...

Ж  ұ м а ғ ұ л (басын көтеріп). Қойдым, қойдым... Оның да дұрыс. Бәсе, біз неге мұңаямыз?.. Әншейін, кейде нетіп кететінім бар. (Жайраңдай түсіп, Пүлішке.) Құлағыңды әкелші, сыбыр айтайын. (Құлағына сыбырлайды.)

П ү л і ш (қылымсып). Қойшы?..

Ж ұ м а ғ ұ л. Шын... Мақұл ғой, ә?

П ү л і ш (басын шұлғып). Болсын!

Ж ұ м а ғ ұ л (тұрып). Есен, кеттік, аттанайық, бидің ауылына барайық, сауық-сайранды салайық. Иығы түскен елдің еңсесін бір көтеріп тастайық...

Е с е н (тұрып, тақпақтата).

                            Ескі күйді бастайық.

                            Жаудан қорқып саспайық.

                                               (Пүлішке қарап.)

                            Өй, қалқам,

                            Біз қалайша таспайық,

                            Сен тұрсаң күліп қасқайып.

(Есікке бара беріп, Есен Жұмағұлға сыбырлап.)     

Е с е н. Қармаққа қапты ғой, ә?

Ж ұ м а ғ ұ л. Қармаққа қапты. Енді құтылмайды!

                                               Екеуі шығады.

 

Сегізінші көрініс

 

П ү л і ш(күрсініп). Міне, думан! Міне, базар! Ойдай заман, осыларға тіл тигізетіндері бар, «байдың баласы» дейтіндері бар. Болса қайтеді? «Құл-құтаннан» жаман болып па? Басқан ізінен садақа кеткірлер!

 

Тоғызыншы көрініс

Көдебайкіреді, Пүлішиіліп сәлем қылады.

 

К ө д е б а й. Көп жаса, келін шырағым! (Отырып.) Досанбір жаққа кеткен бе?

П ү л і ш (сызылып). Осы ауылда әзәзіл бар емес пе, күніне соған бір бармаса, тұра ала ма...

К ө д е б а й. Ойбай-ау, ол мұндардың қара істеп жүргенін! Өзіне ұрысу керек екен ғой. Оңашада ұрысайыншы бір.

П ү л і ш. Жұмысыңыз болса шақырып келейін.

К ө д е б а й. Ә, бәрекелде, шақыра қойыңыз. (Пүліш шығады).

 

Оныншы көрініс

 

К ө д е б а й (мүйіз шақшаны тықылдатып, насыбайын атып алып). Өсер елдің жігіті бір-біріне дос келер, өшер елдің жігіті бір-біріне өш келер деп... Боса да ыңғайыңа жүрмейтін болған соң, мұны қырықпышық қылып қырылыстырайын деп отырмын. «Көдебай жүрген жер бүлік» деп өздері де айтыпты ғой, бүліктің әкесін енді көрер... Иә колхозына кіріп, тізгінді өолыма ұстармын, иә тоз-тоз қылып аяғынан тоздырармын. (Ойланып.) Ым-м-м... Осы екінің бірі...

 

Он бірінші көрініс

Демесін ақсақ, Әбді кіреді.

 

Д е м е с і н. Уай, ассалаумаликум!..

К ө д е б а й. Жоғары шық, бері.

Д е м е с і н (отырып,күлімдеп). Жалғыз отырғаныңыз қалай? Келініңіз әлде асқа айналып жүр ме?

Ә б д і (білегін қайта-қайта сыбанып, бөркін қозғап қойып). Демекең екеуміз олай қарадық, былай қарадық. Көкала түтіннің көріне қоймағаны...

К ө д е б а й. Бұл шіркіннің үйінде не бар дейсің?

Д е м е с і н. Қалған-құтқанын Мамық   -ақ қаққан шығар         .

К ө д е б а й. Ет табылар, жұмысқа келейікші. (Демесінге.) Жолықтыңба?

Д е м е с і н (жымыңдап). Тегін ұрып, үйірілтіп-ақ тастадым білем, ә, Әбді? (Әбдіге қарайды.)

Ә б д і (қозғала түсіп). Рас, рас...

Д е м е с і н (шалқып). «Сен, Ережеп, үйтіп шатаспа,-дедім. -Көдекеңді аяқ асты қыла алмайсын,-дедім- Бәріміз Әлімқұл Тұқымынан өршігеміз»,-дедім. «Қарына тартпаңанның қары сынсын» деп... Тумаласын тастап кім безіп жатыр? Ертеңгі күн басыңа бір жамандық туса саған қол ұшын беретін кім? «Жаны ашымастың жпнында басың ауырмасын» дегенді білесің бе?-дедім.

Ә б д і (жүгініп алып, жымың етіп). «Көнбесең, төпеп аламын»,- дегеніңді де айтсайшы.

Д е м е с і н (жымыңдап). Күшті де айтып жібердім. Ережеп иттің өз, қаражүрек-ау деймін. Ойын ашып айтпай тымырайып отырып алды. (Күліп.) Сосын Ұлжанды алмағаймын ба қолға: «мына байдың Әлімқұл тұқымынан беземін дейді, қырық ұруға қосыламын дейді, боса да бөлектенетін болсаңдар, қараларыңды батырыңдар»,-деп.

Ә б д і (күліп). Ережептібүріп еді келіп...

К ө д е б а й. Сосын?

Д е м е с і н. Уәдесін берді. «Көдекеңнің қалқозға кіруіне меніңқарсы болған жерім жоқ, жұрттың өсегі шығар»,-деп ақырында басын алып қашты.

К ө д е б а й (күлімдеп). Ұлжанды қолға ұстағаның-тапқан ақыл. Отбасының ымырасын бұзбай, қыңырларды қолға ұстай алмаймыз. (Ойланып.) Осы үйдегі Досанмен сөйлесіп көрдіңдерме?

Ә б д і (қозғала түсіп). Міне... Осыған келейік.

Д е м е с і н (күрсініп, басын шайқап). Мұныңнан түңілейін дедім. Сөз қонатын адам емес пе деймін.

Ә б д і. Оның... Оның бар ғой, молдасы күшті болып жүр. Ана Орынбайды көрдің бе? Ой, сол бір ит!..

К ө д е б а й. Партиясына әзір кірген жоқ қой, ә?

Д е м е с і н. Кірмеген болса керек.

К ө д е б а й. Үлгереміз, қармақты салып қойдым. (Күлімдеп). Келіннің бетін бұра дер деп Мамыққа тапсырғам. Әлгі Жұмағұл шіркін не ғып жүр екен, оған да айтылып еді.

Д е м е с і н (күліп). Солай ма еді? Ендеше мырза үйірілді, бүгін осы үйден шығып бара жатқанын көрдім ғой.

Ә б д і (қа-қа-лап, мәз болып). Әй, Көдеке-ай! Әй, Көдеке-ай! Жанды жеріне жабысасыз-ау... (Көдебай мырс-мырс күледі.)

К ө д е б а й (күлкісін басып). Ал өздеріңнің арыздарың не болды?

Д е м е с і н (көтеріліп). Тегін ұрып... арызды жазғызып апардым да Орынбайдың үстеліне алып ұрдым: «Аласың қалқозыңа! Кедейің-мына біз боламыз»,-дедім.

Ә б д і (көпке қарап). Әй, антұрғанның өтірікшісін-ай... Арызын бергенде жалынып, өлердегі сөзін айтып еді...

К ө д е б а й. Сен қызулаусын, Демесін, оныңды таста. Ішіне кіріп, әкей-үкей болып кет. «Жасасын» деп қолыңды ұра берсеңші.

Ә б д і (жайраңдап). Әй, осының тапқан ақылы-ау. (Қа-қа-қалап.) Мен бар ғой-өздеріңе сөйлетуді қойдым: біреуі сөйлей бастаса, «Жасасын»,-деп алақанымды ұрамын келіп...

Д е м е с і н (жымыңдап.) Онда біз кім боламыз?.. «Белсендісі» боламыз ба?

К ө д е б а й. Тап өзі. Онысы болмасаң не істей аласың? Орынбайдың аузына қарап отырып біз не бітірмекпіз? Қалқозына кір, жұмысына аралас, тізгінді ұста, көпті артыңа ерт, ыңғайыңа көнбегенді тізеңмен қағып жіберетін бол,- міне, біздің тілек осы! Қалқозыңа да осының үшін кіреміз деп отырмыз...

 

Он екінші көрініс

Күркебай кіріп, есікте тұрып, жымың-жымың етеді.

 

Д е м е с і н. Әй, антұрған Күркебай, ет аңдып келдің-ау, ә?

К ү р к е б а й (жымыңдап, отырып жатып). Өзің ше?..Көдекеңнің сарқытын біз жемегенде, кім жейді. (Жағалайқарап, Демесінге.) Ал, не әңгіме бар, айтсайшы.

Ә б д і (білекті сыбанып қойып). Күлкебай, осы сен әңгімені қайтесің?

К ү р к е б а й. Е... Естігіміз келеді. Атқа мініп жүрген сендерден есітпегенде...

Д е м е с і н (күліп, Күркебайды тізеге қағып). Есітсең мынау: Орынбайға бар да қалқозына жазыл, мойныңа тағатын бір крес береді, сауырыңды күйдіріп тұрып таңбалайды. (Көдебай кеңкілдеп күледі.)

К ү р к е б а й. Әй, ит. Қалқозың құрысын, дұрыс әңгімеңдіайтсайшы.

Ә б д і (мәз болып). Әй, сен, сүйт. Қызылжардағы Әндірей тамырыңды білесің ғой, соның кресі құсатып біреуін сен де тақ...

К ө д е б а й  (басын көтеріп). Ау, әлгі Досан итің келмес сірә. Келін тым ұзап кетті-ау.

Ә б д і. Қап!.. Келгенде ұтылап салып, Пүлішке бүргізу керек еді бір.

Д е м е с і н. Бір жағындаОрынбай, бір жағында Досан... Тегіңді ұрайын, Зәуре де отырған шығар кенеліп.

Ә б д і. Ана Әліш адам болса, мұрнымды кесіп берейін.

К ө д е б а й. Сүйекті де сындырып болды-ау сол ит... Құлтанды басындырып...

Д е м е с і н. Әй, әттеген-ай! Баяғы заманым болса, Әлімқұл тұқымын аяққа басқанды көрсетер ем.

Ә б д і (көтеріліп). Деке, баяғы Қалиды арбаға таңып сабайтынымыз есіңде ме?

К ө д е б а й. Қой, жүріңдер, кетейік. (Тұрады.) Ол ит келмес...

К ү р к е б а й (тұрып бара жатқан Демесіннің соңынан қалмай). Әй, айтсайшы, тағы қандай әңгімелер бар?

К ө д е б а й (есікте тұрып, Демесінге иек көтеріп). Айтсайшы. (Көдебай мен Әбді шығады.)

Д е м е с і н (есікте тұрып). Қоймадыңғой, айтайын. Атыңа мін де, ауылыңа хабар бер. Әлімеің қатыны ауылнай болған құрлы бүлдірді: осы ауылнайдан он бес қызды Қытайға жинап жөнелткелі жатыр.

К ү р к е б а й (одырайып). Қой! Өтірік шығар...

Д е м е с і н (түсін суытып). Бұйырмасын!ьӨтірік айтып маған не көрініпті?!. Бірақ менен есіттім деп аузыңнан шығарма!.. (Демесін шыға берем дегенде, Күрекбай оны иықтан ұстай алады.)

К ү р к е б а й. Әй, әй... Шын айтасың ба?

Д е м е с і н. Нанбасаң тұр.

К ү р к е б а й. Жоқ, нанам ғой... Сонда қыздардың жазығы не?

Д е м е с і н (бұрылып). Биыл Қытайменсоғыс болыпты деп бір айтып едім ғой. Сонда большевиктер жеңіліп қалыпты. Сосын бітім сұраған екен. Қытайлар: «Қыз бермесең, бітпейміз» депті. Қытайдың қыздарының аяғы кішкене келеді дейді ғой... Сосын қандай қыз аласыңдар деп таңдау берген екен. Қытайлар: «Қазақтан басқаның қызын алмаймыз» деген білем. Сен бірақ мен айтты деп жүрме. Бұл өзі жасырын әңгіме. Мен саған ғана айтып тұрмын...

Шығып кетеді.

К ү р к е б а й (одырайып, көпке қарап тұрады). Біраздан бері есіткен әңгіменің үлкені екен. Мен ауылға жетіп бағайын...

Асығып шығады. Сахна бірсыпыра бос.

 

Он үшінші көрініс

 

Д о с а н (кіріп келіп, аңырап). Е... Біздің қатын кетіпті ғой. Бекболаттың келіндеріне қосылып әңгімені соғып отыр-ау, ә? Әй, оңбағырдың салағы-ай. Күнұзаққа жаулықпен алыса бергенше, үйдің ішін жинай салса қайтеді екен? (Шашылып жатқан ыдыстыжинап жүріп, жыртылған кітапты көріп, алады.) Ау, ау... Мына қатын құтырар! Жаным-ау, мынасы несі Кітапты жыртқан не сұмдық?.. Қолға түспей жүрген осының ішіндегі сөз емес пе? Айттым ғой: осы қатын оңса, мұрнымды кесіп берейін! (Кереуетке отырып, үңіліп оқиды.) «Атам, атап, алды!..» (Күлімсіреп.) Бір ай оқығанда кәдімгідей танып қалғанымды қарашы... (Тағы оқиды.) «Асан қалқозға жазылды» (Басын көтеріп.) Мен сияқты біреу-ау, ә? Қатынымен ризаласып жазылды ма екен, әлде мен сияқты жасырынып жүріп жазылды ма екен?... (Ойланып.) Жасырынды демекші, мен қашанғы жасырынбақшымын осы? Қалқозға кірген соң малды бірлестіру керек. Іспесіктің басына: «Досан Қалабаев, бір ат, бір сиыр бар» деп жаздырып та қойдым. Ерегіске кеткенде, ала атқа билігім келер, қарасиырды қатын бермей жүрсе қайттеді? Жұрттың қатынындай қайбір сөзге көне қоятын адам ол. Мен бірдеме айтсам, арс етіп беттен ала түседі. Оңбағыр, кім көрінгеннің тіліне еріп... Әй, үйі күйгір Мамық-ай, біздің қатынды бүлдіріп жүрген, дәуде болса, сен-ау!.. Кез келсе, «қайным» деп маған да жылмаңдайды. Баяғыда таяқпен ұратыны есінде де жоқ. Сондағы берген азабы ұмытыла қойды дей ме екен?.. (Бөркін алып, қолымен шұқып.) Мына бастағы жүлге-Бекболаттың таяғының жүлгесі болатын. (Ұстап тұрып.) Өзі әлі жүлгеленіп тұр екен-ау... Бұл сорлы бас не көрмеді, көзімді ашсам енді ашып отырмын ғой... Осыны ылғи қатынға айтамын, түсіндірейін-ақ деймін, әлі бір түсінбей-барады... Бұл антұрған қалқозға кіргенмен, не оңдырар дейсің: мінезі шайпы, сөзі адуын, көрінгенмен байланысады да жатады ғой... (Ойланып.) Қой, мен жасық болмайын. Өзімдей Орынбай колхозды басқарып, партияны басқарып, жұртқа үлгі болып жүргені анау. Мен сонда қатыннан қаймығып отырмақпын ба? Еремін, десе, ерсін, ермеймін десе, өзің білесің, қатын,-деймін. Енді келсе, өзіне батыра-батыра айтайыншы: «Жолдас қатын! Мен-Досан Қалабаевпын. Мен кешегі Бекболаттың қойшысысымын. Мен өзімнің табыма қосылам, партияма қосылам!»-дейін... (Ойланып.) Айтты-айтпады, енді несін жасырам? Партияға арызды беріп отырмын. Ту... өзімдікі ынжықтық екен ғой. Тоқта, бәлем, келсін...

 

Он төртінші көрініс

Пүліш кіреді

 

П ү л і ш (шаптығып). Сенің-ақ қаңғыруың қанбайды-ау. Түс былай кереуеттен! Таққа отырмасаң, бірдемең кете ме?

Д о с а н (төрге отырып жатып). Әй, қатын-ай, бұрқыратасың да жүресің-ау.

П ү л і ш (кереуетке отырып). Тәйт әрі, есітпеймін сөзіңді! «Бұрқыратасың» деуін қара! Өй, шіріктің сөзі! «Бұрқыратпайтын» қатын алсаң, мен қой деген шығармын? Бар, ана ауылнай жеңгең сені жарылқаймын деп жатыр дейді, согы ал. Саған керегі сондай қатын ғой: күйлеген сиыр құсап көрінген еркекті соңынан ертіп жүр ғой, сен де соның соңына түс.

Д о с а н (көпке қарап). Міне, біздің қатын! Ал, ер болсаң, сөйлесіп қара осымен!

П ү л і ш (қырын қарап). Тыңдайсың ба, әй№

Д о с а н (бәсең). Айтып қара .

П ү л і ш Ана әзәзіл жеңгең ауылды бүлдіріп жатыр дейді. Соның жүрген жүрген жерінен жүрмеймін, естіп отырсыңба? (Досанға ала көзімен қарайды.)

Д о с а н (күмілжіп). Естіп отырмын.

П ү л і ш (шаптығып). Немене мыңқылдайтының?.. Айтсайшы ашып: «естіп отырмын» де... Жұрттың еркегі құсап сөйлесе қайтеді екен ашып.

Д о с а н. Сөйлетіп отырсыңба? Бірдеме айтайын десем, жер-жебіріме жетіп боласың.

П ү л і ш. Әне, әне... торсаңдады. Менің сөзімді шам көрсең, ана салдақының соңына ер. Мен сөйлеймін! Айтқанымды істетемін! Бұл сәбеттің заманы, көзіңді ашып қара!

Д о с а н (көпке қарап). Ойпырым-ау, мынау үдетті-ау... (Қозғалады.)

П ү л і ш. Тыңдап отырсыңба?

Д о с а н. Енді неғып отыр дейсің?

П ү л і ш (көпірініп). Ана сұр жылан әзәзіл жұртты бүлдіріп жатыр дейді, салқозға жазып дейді, әшейкесіне тіркеп, жұрттың мойнына крес байлап жатыр дейді. Естіп отырсыңба? (Досан бажырайып қарайды. Пүліш көріріне түсіп.) Біз жазылмаймыз! Салқозына кіріп, мойнымызға крес таға алмаймыз! Би атам үйі қайда болса, біз сонда боламыз!

Д о с а н. Ау, қатын-ау...

П ү л і ш (сөзін бөліп, шаптығып). Бүгіннен бастап «салхоз» болғандардың есігін ашушы болмайсың! Олармен сөйлеспейсің! Олардың бетіне қараушы болмайсың!

Д о с а н. Е... Үйге келсе ше?

П ү л і ш (шаптығып). Үйге келсе де сөйлеспейсің білдің бе! Сөйлеспейсің! Оларға араластың бар ғой, менен жақсылық күтпе: Бір күнде тұрмаймын мен саған!

Д о с а н (көпке қарап). Ал, ер болсаң, мынаны сөзге түсіндіріп қара!

П ү л і ш. Неге үндемейсің? Неге айтпайсың ашып?

Д о с а н. Ау, қатын-ау, тіпті мынауың... Е... үйге келгенде сөйлеспе дегенің... Орынбай сөйлеспегеніме қояр ма?

П ү л і ш (құшырланып). Сен шірік үйтіп былжырайтын болдың бар ғой, мен үйіннен шығамын да жүре беремін, білдің бе! Сенің осы құрымыңа қызығып отыр деп пе ең? Дәулетіңе қызығып отыр деп пе ең? Құдайдан қорыққан шығармын, аруақты сыйлаған шығармын.

Он бесінші көрініс

Орынбай келеді.

 

О р ы н б а й (жайраңдап, күле). ҚҰрып қалғыр Пүліш-ай, сорлыны бүресің де жатасың-ақ. Колхоздың жиылысына салып, сен қатынды азырақ үйретіп алмаса болмас.

П ү л і ш (ашумен бұлығып). Сорлы таз, маған жөн үйрететін сен емес, өзіңді жөндеп ал!

О р ы н б а й (аңырайып). Еһе!.. Кетіп отыр екенсің кердең. Молдаң күшті екен. Мамық бәйбіше келіп кетті деп есіткем.

П ү л і ш (бұрқырап). Жұрттың шатасқан сөзінің керегі жоқ!

О р ы н б а й. Қате айтасың, керек болар: ақыл айтармыз, жөнге салармыз, көнбесең...

П ү л і ш (шақырайп). Көнбегенде қайтпекші ең?

О р ы н б а й. Көнбесең бе?.. Көнбесең, жөніңді тап дерміз. Жетегіңе байлап жіберетін Досан тойдан алған мүше емес, ортамызға алып адам қылармыз. (Досан көпке қарап күлімдейді.)

П ү л і ш. Әкіреңдеме, сорлы таз, аулақ жүр бізден!

О р ы н б а й. Жолдас Пүліш, тіліңді тарта сөйле! Менің тазымды сен жазып бермей-ақ қой. Пүліш Тіпа... адыра қал! Адам болып сөйлеуін...

О р ы н б а й (аздан кейін). Жүр, Досан, жиылысұа барамыз.

П ү л і ш (шаптығып). Барып қарасын осыдан!

О р ы н б а й. Не қылмақсын: ұрасың ба, соғасың ба?.. Жүр, Досан.

П ү л і ш (Досанға). Барып қара осыдан! (Жерді төмпештейді).

Д о с а н (басын көтеріп, Пүлішке шұқшия қарап). Ау, қатын-ау, ашудың да жөні бар ғой осы. Е, тіпті, соншама басынып...

П ү л і ш. Ой, шіріктің сөзін. (Булығып.) Құдай-ау, осы шірікке қар болып отырғаным!

Д о с а н. Е, мен сені байлап отырмын ба? Өзің қалай-қалай сөйлейсің? Е, тіпті, ашудың да жөні бар ғой... (Орнынан тұрып  жүруге ыңғайланады.)

П ү л і ш (шаптығып, жанына жетіп келеді). Осы есіктен шығып көр!

Д о с а н. Е, немене, ұрайын деп пе едің? Ал, ұра ғой! Ұра ғой! (Пүлішке төек түссе, Пүліш кейін шегінеді.)  Е, тіпті... сенен-ақ өлдім ғой осы. Басымның еркін жойып болдың ғой... Кететін болсаң, кетіп-ақ құрышы, қатынсыздықтан өлсем мен-ақ өлейін. (Пүліш қалшылдап, не қыларын білмей тұрады. Досан Орынбайға бұрылып.) Жүр, Орынбай, баста: колхозыңа да кіремін! Партияңа да кіремін! Сен де батырақ, мен де батырақ, байға қарсы күресіңе мен әзір, әкелші қолыңды.

О р ы н б а й. Сенен күткенім осы еді. Мә, қолым! (Екеуі қол алысқан күйі шыға бергенде.)

П ү л і ш (жүгіріп барып, Досанның жағасынан ала түседі). Кетесің ғой?

Д о с а н. Кетем!

П ү л і ш (қалтырап). Сорлы шірік! Сенсіз бай табам ба, сірә?.. Осы есіктен аттап қара!

Д о с а н. Жарайды, оның да болсын!.. (Екеуі шығады.)

Он алтыншы көрініс

 

П ү л і ш (ызаланып, жылап жіберіп). Шірік. Шірік!.. Әу шірік! Бүйтетініңді білгенде, әлдеқашан жер соқтырмайтын ба едім... Құдай-ау, шешейге не бетімді айтам?.. Бәрінен бұрын тентек жігіттен ұят болды-ау... Салқозға жібере көрме!-деп о да тапсыры еді.

 

Он жетінші көрініс

Асығыс Мамық кіреді.

 

М а м ы қ (Пүлішке тесіле қарап). Көзіме нанайын ба, келін, нанбайын ба? Әлгі шірігіңді Орынбай таз әкетіп бара жатыр ғой...

П ү л і ш (жыламсырап). Кетті!

М а м ы қ. Ту... Мұндай да жаман боларсың ба? Алқымынан ала түспессің бе?.. Пышақпен жарып өлтірмессің бе? Байына тілін алдыра алмады деген не сұмдық!.. (Аз бөгеліп.) Бетім-ай, жұрттан ұят-ау, сені мақтап жұртқа айтпаған сөзім жоқ еді, не бетімді айтам? (Пүлішке бірсыпыра тесіле қарап тұрып.) Болмас, болмас!.. Мен жаңылған екем... (Шыға беріп, копке қарап.) Қайрап салуыма қайта енді жақсы болған шығар... (Кетеді.)

 

Он сегізінші көрініс

 

П ү л і ш (басын көтеріп, құшырланып). Жоқ, көнбеймін бұл қорлыққа! Көрсетемін ол шірікке! Тілімді алмаса, жарып өлтіремін! Құрымына от саламын! Саламын отты! (Бұрқырап, ашуланып шығады.)

Шымылдық.

 

ЕКІНШІ ПЕРДЕ

 

Бір бөлмелі қысқы үй. Жұпыны үй қабырғасында жапсырылған бірен-саран ұрандар, суреттер. Босаға жақта пеш. Пештің жоғарғы жағында төсек орнына төсеулі текемет. Төсектің бас жағында ескі кебеже, оның үстінде бірер көрпе,жастық... Шымылдық ашылғанда Әліш қазақы бесікті тербетіп отырады.

 

Бірінші көрініс

 

Ә л і ш (бесікті ашып қайта жабады). Қатының төре болса, көретінкүнің осы екен. Ол қыдырып билік құрып жүрсін де, сен бала тербетіп отыр. Қызық-ау өзі!.. Бара-бара басыма жаулық салындырардеймін. (Ойланып.) Жаулық салынбаған нем қалды? Бетіне қарай алмаймын, қатты сөйлей алмаймын. (Тістеніп.) Ай, Әттеген-ай! Бұрын сыдырып-сыдырып алатын қатын еді-ау! (Ойланып.) Өзімнен де бар-ау деймін. Осы мен неге ынжықтанам? (Бала ыңырсыған соң қатты-қатты тербетіп.) Жағы қарысқыр, ұйықтаса қайтеді. Мені жетісіп отыр дей ме екен? Мен адам болсам, шешеңжі бесік жанына қойып, жиылыс басында өзім жүрмес пе ем? Отырған түрім мынау омалып.

 

Екінші көрініс

Мамық кіреді.

 

М а м ы қ (отырып). Белім-ау, белімнің жүргізбей жүргенін шойырылып.

Ә л і ш (күлімсіреп, бесіктен кейінірек отырып). Қартайғаным десейші.

М а м ы қ. Қартайдық қой. Мен келіншек болып түскенде, шешейдің емшегін еміп отыратын бала едің, енді балаға әке болдым деп отырғаның.

Ә л і ш. Е, неге, әке бола алмаймын ба?

М а м ы қ. Әдіра қал, сендердің әке болғандарың құрысын! Қатынына ие бола алмай отырған әке болып жарытушы ма еді?

Ә л і ш (бәсең тартып). Неге ие болмайық, ашу келсе, сыдырып аламыз қатынды.

М а м ы қ (күлімсіреп). Ойнап айтам. Сен байғұстың жайыңды білемін ғой. Заман осылай болған соң қайтесің. (Жан-жағына қаранып.) Есіттің бе, төрежан, осы келіндер, елдің қызын жинап Қытайға жөнелтпек болыпты деген рас па?

Ә л і ш (жалт қарап). Қой... Оны кім айтып жүр?

М а м ы қ. Ауылда отырып біз естімейміз, сырт бізден бұрын естйді. Ел у-шу болып жатыр дейді ғой. Қажыбайлар қызын бір түндік қылып жөнелтіпті дейді. Маубастың баласы Тұрсынға барып: «Қарындасымды ал» деп жабысқан екен дейді, Тұрсын алмапты дейді. (Қырын қарап.) Ауылнай үйіңде, сенесіткен шығарсың, бізге айтпайсың ғой.

Ә л і ш. Ұой, бекер сөз, ондай қағаз келген жоқ.

М а м ы қ. Аңқаусың-ау, төрежан, қағаз неге келмесін, бірақ келін шынын айтпайды десейші.

Ә л і ш. Айпағанына қоямын ба?

Мамық. Айтатынын содан білейін, сен мынаны білесің бе: жақын арада келіндердің жасырын жиылысы болыпты дейді, сонда не істемекші болыпты, соны айтшы!

Ә л і ш. Уай, тәйір, ол өздерінің жай жиылыстары ғой, жашейкелерінің жиылысы.

М а м ы қ. Аңқаусың-ау, төрежан, дүние піленің бәрі сол жашекеден шығып жатқан жоқ па? Бізді «майкөт» қылатын да. Түкті Мұрат қайнағаны «кәмпес» қылатын да. Дарылдақты ырыстауын қылып айтатын да- бәрі де сол жашекелерінен шығып жатқан жоқ па? (Күлімсірей.) Ауылнай үйімізде болмағанмен өзімізбәрін же біліп отырамыз. (Жақындай түсіп.) Жақын арадағы жиылыстарында жашейке былай депті дейді. Салқозға малды ды, жанжы да,  әйелді де ортаға саламыз депті дейді. Әйел мен еркекті нөмірлетеміз депті дейді, салқоз мүшелерінің сауырына күйдіріп таңба басамыз депті дейді,  салқоз мүшелерін бір төсекке жатқызу үшін үлкен қылып көрпе істетеміз депті дейді...

Ә л і ш (аң-таң қалып). Қой, Мамық, тап осының бар ғой... Осының барып тұрған өтірік. Қатын олай деп айтқан жоқ-ты. Жоқ, жоқ, мынауың өтірік!

М а м ы қ. Байғұс-ау, саған шынын айтады деп отырсың ба?

Ә л і ш. Неге айтпасын маған?

М а м ы қ. Шынын айтатынын содан білейін, сен мынаны айтшы: өзіңді жиылысының ішіне ала ма?

Ә л і ш. Е, неге алсын мені, мен партияда жоқпын.

М а м ы қ. Айттйм ғой, сен барып түрған аңқаусың. «Партия» деген сөз бала ма екен? Қойныңдағы қатының басқарып жүрген жиылыс ол. Тәйірі, қатыны байынан сыр жасырды дегенді мұнда есіттік. Әншейін, айтпайын дейді де... «Әләш бәрін де біліп жүретін шығар, бізге айтуға келіннен қаймығатын шығар»,-деймін,-«білсе, бізге айтпай не көрініпті»,-деймін. Ағаң айтады: «Жоқ,-дейді,-олардың партиясының сондай тәртібі болады, оған кірген адам жанға сырын шашпайды»,-дейді. Мен айтам: «Қой, төрежан олардың жиылысында болмаған шығар»,-деймін,-«жиылыстарынды болса, еркек пен әйелдерді сүйістірмес еді ғой»,-деймін...

Ә л і ш (елең етіп). Не дейсің!? Сүйіскен кім дейсің?

М а м ы қ. Қойшы, төрежан, менен сұрап қайтесің? Мен айтсам, шағыстырған болармын. (Әліш аңырайып отырады. Мамық сөзін басқаға бұрып.) Ағаң айтады: «Әліш шіркіннің өзі бірдемеге өкпелеп жүр ме, біздің үйге басын сұқпай кетті ғой, жұртпен қатар келіпсыбағасын да жемеді-ау»,-дейді, мен айттым: «Қайтсін жазған, бала баққан адам арқандаулы адаммен бір ғой, үйінен шыға алмайтын шығар; өзім сыбағасын сақтап жүрмін, бір күні шақырып берермін»,-дедім. (Тұра бастайды.) Ойбай, белім-ау... Кәріліктің де келіп кіргені. (Мамық есікке бара бергенде, сырттан Көдебай, Бекболат кіреді.)

 

Үшінші көрініс

Бекболат кебісін тастап, төрге қарай жүргенде, Көдебай Мамықпен   сыбырласады.

 

К ө д е б а й. Сыңайы қалай?

М а м ы қ. Кет әрі емес... (Мамық шығады.)

Б е к б о л а т (отырып). Келін жұмыста жүр-ау, сірә?

К ө д е б а й (мұртынан күліп). Ел адамы болған соң...

Б е к б о л а т. Заманы солай болған соң, болғаны теріс теемес. Болмайтын да адам емес, сөйлесе сөз біледі, білімі де бар... (Ойланып.) Бұл келіннің ата-заты да олқы емес еді ғой, ә?

К ө д е б а й. Солай екен-ау.

Б е к б о л а т (салмақтап). Қарағыз елінде Келден дейтін батыр болған білем. Қалмақ пен қазақтың соғысында сол кісінің атағы жер жарып тұрған екен деп әкем айтып отырушы еді.

К ө д е б а й. Уай, жарықтық-ай десейші.

Б е к б о л а т. Сол Келден батыр, ұмытпасам, осы келіннің сегізінші атасы ма екен, құдай-ау, тоғызыншы атасы ма екен?.. Солай ма еді, Әліш?

Ә л і ш. Кім білген соны. (Күлімсіреп.) Өз әкесі қойдың соңында жүріп өлді ғой.

К ө д е б а й. Әңгіме әкеде болмай тұр-ау осы күні (Бекболатқа.) Үй оңаша екен, әлгіні сөйлесіп алсақ?

Б е к б о л а т. Ие, дұрыс.

К ө д е б а й (қозғалып, таяғымен жерді түрте түсіп). Оңаша деп жасырын сөзіміздің өзі де жоқ қой. Келін үйде болғанда тіпті жақсы болатын еді... (Қақырынып.) Әліш! Мына шал сенімен сөйлескісі келіп отыр. (Әліш аңырайып қарай қалады.) «Бір кісі таққа мінсе, қырық кісі атқа мінеді» деген нақыл бар. Келіннің әкім болғаны-біздің болғанымыз. Құлайға шүкір, бір шаңырақтан өрбіген жиырма шақты үйміз. Атағымыз ешкімнен кем  болған емес. Абыройсыз да емес ек...

Б е к б о л а т. Қазіргіміз болмаса де.

К ө д е б а й. Ие, соны айтқалы келе жатырмын-ау. Заман өзгерді. Заманына қарай амалы, қалқозы шыққан екен, тіпті сөзіміз жоқ, шықсын, бірімізде кірейік. Құдай айырмаған бір атаның баласын бөлшектейтін кім осы? Мына Бекболат неге кірмейді ол қалқозға? Мен неге кірмймін ол қалқозға? Бір атадан өрбіген жиырма шақты үй екеміз, берекеден айырылмай, бөлек қана өалқоз болып неге отырмаймыз? Тоба-ау, осы Сүйіндік қараның тобырын шұбыртты деген не сұмдық! Сұйіндік қара бізбен туысып па еді? Сүйіндік қара құлдың тұқымы, бізбен қашаннан өш. Енді, ішімізге кіріп алып, бірімізді бірімізге сатып, қырық пышақ қылып отырғаны мынау.

Б е к б о л а т. Басқасын қойшы, мелетсемен келіп дікеңдңгені-ақ өтті-ау соның.

К ө д е б а й. Қайсысы өтпей отыр: Қит етсе мелетсе әкеледі, жиылысқа барсақ, бізді дүркіретіп айдатып шығады; ойпырым-ау, Әлішжан-ау, өзің бір ойлашы: масқарашылық емес пе, келіннің басқарып отырған жиылысына біздің кіре алмағанымыз не сұмдық? Осыны сен бір ойламассың ба?!

Б е к б о л а т (қозғалып). Әліш! Сен тұйықтықты қой. Сен адам бол. Сенің әкең Серікпайды да адам қылған мына мен! Оны біліп қой. «Серікпайды құлдаеды» деп сені маған қайрап салатындар да бар шығар, бола берсін; құлдансам, өз тумам, арамыз бес-ақ ата.

К ө д е б а й. Тәйірі, «құлданды» деген не? Ағайын болған соң, біреудің жұмысын істесе, көмектесе келетін ата салтымыз емес пе?

Б е к б о л а т (маңызданып). Сен де бөтенім емессің. Менің жұмысымды істесең, менің есігімде жүрген болсаң, еш нәрсең де кеткен доұ. Оның не айыбы бар? Бөтен елге қаңғып, кесіп іздесең қайтер ең? Бір кездерде тілім де тиген шығар, қолым да тиген шығар, тисе ше? Ағалық қылған шығармын, ақылымды айтқан шығармын; сені адам болсын деген шығармын. Менің тілімді алатын болсаң, арадағы сөзге азба! Бізге бірлік керек! Мен аға болайын, сен іні бол! Келін де өз келінім. Өз келінімді өзіме жау қылып салып, миығынан күліп отырғандар да бар. Ондай күлкіні мен көтермеймін! Сен жетегіме жарасаң, келіннің тізгініне сені ие қылыамын. Керегі белсенді болса, осы сенің өзіңді соның жанына белсенді қылып беремін. Бірақ ауыл-аймағымды Сүйіндік қараға қолжаулық қылмаймын.

К ө д е б а й. Е, бәсе, сүтпесек, өлетін болдық қой.

Б е к б о л а т. Әліш! Сен келінге шындап бай бол. Тізгінін қолыңа ал. Жұмысты бізбен  ақылдасып істейтін қыл! Мына қалқозына түгел ауыл болып жазыламыз, жастарды қолға ұстаймыз, әйтпесе, ел бүлінеді.

К ө д е б а й. Шоқынып, крес тағуымыз ғана қалды.

Ә л і ш (күлімжіп). Мен айтып көрермін ғой, бірақ сіздерді бай деп алғызбай жүрмесе...

Б е к б о л а т. Тобау-ой... Сенің түсінбейтінің-ай... Бай бар ма осы күні? Байды алдыңғы жылы «кәнпестеген» жоқ па еді? Мен бай болсам, сонда аяп қалды дейсің бе? (Көзінің қиығымен Көдебайға қарайды.)

К ө д е б а й. Әліш, сен Орынбай сөзін айтып отырсың. Сүйіндік қараның тобыры бізді солай демей не деуші еді? Олардың  арманы бізді шұбырту. Осыған да бір түсінсейші!

Б е к б о л а т (Әлішке қарай түсіп). Не айтасың, Әліш?

Ә л і ш (күмілжіп). Сөйлесіп көрейін.

К ө д е б а й. Дұрыс, дұрыс, сөйлессін... Е, сүйтіп бір қозғалшы.

Б е к б о л а т. Сөйлессең, есіңде болсын: еркек болып сөйлес! Ерсің ғой, ер болып сойлес! Құрық алып кетер асау емес, ақырғаныңда жынын басып тастайтын қылып сөйлес. Бала-шағаның өсегін біз саған айтпай-ақ қояйық, әйтеуір сол келңнге ие бол! Сүйегімізге таңба салма! Біздің айтатынымыз осы... Ал біз кеттік. (Екеуі шығады.)

Ә л і ш (мең-зең боп бірсыпыра отырып). Сүйіндік қараға қосылма дейді. Бірақ... Аталас болғанда осы Көдебай мен Бекболат маған не көрсетіп еді! Сүіндік қара... Жетпіс антұрған құрдас, мына Бекболатыңнан маған ол мың есе жақын. Досан мен Орынбайлар «Әлекелеп» төбесне көтереді. (Ойланып.) Досан... Досан... Ау, сол иттің қатынынан айырылып жүргені қалай? Біздің үйге неге келе береді? (Қозғалып, тікірейіп.) Тоқташы, тоқташы... Жиылыста сүйісетіндер кім? Күн сайын жиылыс. Ол не қылған бітпейтін жиылыс. Ымм... Түсіндім, түсіндім... (Сұрланып отырады.) Бекболат пен Көдебай, қанша айтқанмен аталас, қандас  қой. «Қанына тартпағанның қары сынсын» деп... Осылар текке шыбыжыңдап жүрген жоқ. Мені құдай қрған екен! Бесіктің жанынан шықпаймын деп мен қалған екем омалып. (Ызаланып.) Әй, бәлем-ай, тоқтай қал. Осыдан келерсің үйге. Сені ме, сені!..

 

Төртінші көрініс

Кенеп портфельді қолтығына қысып Зәуре кіреді.

 

З ә у р е (портфельді шегеге іле салып шешінеді). Бала жылаған жоқ па?

Ә л і ш (ашулы). Әне, келе тергеді мені. Мен малайың ғой бала қарауға жалдап қойған.

З ә у р е (бесіктің жанына отырып). Малай болмасаң, әксісің, бақ, өз балаңды баққанға арланасың ба? (Баланың бетін ашып.) Ай, сәулем! Әкесіне тартқан өзі, монтиып ұйықтайды да жатады. Ояна ғой, сәулем, мамаңды берейін. (Баласына сөйлеп жатады.)

Ә л і ш (көпке қарап). Не деп бастасм екен, ә?.. (Зәурені иықтан тартып.) Таста баланы, бері қара!

З ә у р е (Қарай қалады). Жай ма!?

Ә л і ш (апалақтап қалып). Жасырын жиылыстарыңда не істеп жүріңдер, соны айтасың маған!

З ә у р е (күліп). Байғұс-ау, сен партия мүшесі емессің ғой, жай адамға айтылмас болар.

Ә л і ш. Мен жай адаммын ба? Мен кіммін осы, айтып берші!

З ә у р е (күлімсірегкн күйі). Сен бе? Сен... Шаруасың,  қалқоз мүшесісің, ұяламын деп бармайсың, үйде отырып өсек тересің, кісі тіліне еріп кетуден де сау емессің...

Ә л і ш. Алдаусыратпа, алдаусыратпа... Осы сенің қарауыңда кіммін, соны айтып берші!

З ә у р е. Кім болаайн деп ең, жолдасымсың, айтсам байымсың.

Ә л і ш. Байыңмын ғой, ә?

З ә у р е. Ие...

Ә л і ш. Байың болсам, сен менің қатыным болсаң, мен саған қожамын: айт сырыңды!

З ә у р е (бетін шымшып). Бетім-ау, әзіл екен деп отырсам...

Ә л і ш. Әзіл болмағанда, жер аудартайын деп пе едің?.. Иттен қалған күшік! Енді соның қалды ғой естімеген.

З ә у р е (ренжіп). Қойшы, бала бақтым деп кейігенің ұят емес пе? «Осыдан балам болса, жұмыс істегенде де арқама таңып жүрермін» дейтінің қайда? Сол балаң ғой осы. Балаң өскен соң, осыныңды бетіңе басып, айтып жүрермін әлі.

Ә л і ш (сұрлана түсіп). Алдаусыратпа, қаты, мен алданудан кеткен адаммын, айтасың ба, жоқ па? (Жүгініп алады.)

З ә у р е (ренжіп). Байғұс-ау, не болды? Партияның тәртібін ылғи айтушы едім ғой.

Ә л і ш. Партияның тәртібі құрлы болмадым ба мен? Партияңнан мен кем ұсталам ба?..

З ә у р е (ренжіп). Ал, қойдым, сөйлей бер.

Ә л і ш. Ой, тегіңді ұрайын, осы сен не деп күңкілдеп отырсын. Кімді тәлкек қылмақсың?.. (Иығынан тартып қалып.) Мына мен кім, танимысың? (Төне түседі.)

З ә у р е (бұрылып, ашулы қарап). Кейінірек отыр! Төнбе! Немене, ұрмақсың ба?..

Ә л і ш. Ал, ұрам, Қайтеің ? Сібір айдатасың ба?

З ә у р е. Ұялсайшы, жоқтан ашу шығарып...  Жұртқа аға болып отыратын адамсың. (Әліш қалтыраған күйі бірсыпыра төніп тұрып сылқ етіп, кейін отырады. Бірсыпыра тек отыру... Зәуре бір кезде сыртқа қараған күйі, салмақтап сөйлейді.) Өзәідей жұрт білегін сыбанып белсенді болып жүмыс істеп жүр. Өзің колхоздың мүшесісің. Колхоз жұмысына көсемдік істеп жүретін адамсың ғой. Бұрқ-сарқың шығып бүлінесің де жүресің. Ұят емес пе, біреудің азғырған тіліне еріп... (Әліш салбырап отырады. Зәуре көзінің қиығымен қарап қояды. Баласының бетін жауып, Әлішке таман отырады. Әліштің шапанының жағасын жөндеп, жабысқан қылшықты сипап, қағады... Қолтығындағы жыртықты көріп.) Қолтығың жыртылып қалыпты ғой, шешші, жамап тастайын... (Өзі түймесін ағытады. Әліш салбырап отыра береді.) Қойшы, ашуыңды таста. Ұят емес пе? Мені жұмысқа баулыған өзің емес пе ең?.. Абыройсыз емеспіз. Колхозымызды ұйыстырдық, өзімізге тән кедей-батырақтың басын құрадық. Осынмызды көре алмаған дұшпан не айтпайды дейсің? Қане, шапаныңды бере ғой, күліп жіберуші ең ғой... Күлші!.. Әне, көзі күліп келе жатыр. Әне, әне... Күлші! (Әліш ыржиып, шапанын шешеді.)

Ә л і ш. Айттым ғой: мен сорлы сөз білем бе, жеңілдім де қалдым...  (Зәуре ине, жібін, жамауын әкеп шапанды жамайды. Әліш бірер күрсініп, Зәуреге). Қайтейін, қатын, басым қатып болды...

З ә у р е. Басың қататын ешнірсе де болған жоқ, жұмысыңды істе. Колхозға бүтін екі треер келді білем, тұқым тазартамыз деп жатыр, соған бар... (Әліш солбырайып киімін киіп, белін буып, шығып кетеді.)

 

Бесінші көрініс

 

З ә у р е (ісін тоқтатып).Бәтір-ау,бала бақтым деп бүйтіп кейімеуші еді ғой? Бұл өнерді қайдан тапты? Әлде, мұны да бірдеме деп азғырушы бар ма екен? Сонда не деп азғырады екен? (Күліп.) Әлішті азғырып менен айырып алам деп жүрген бұл жұртта ес бар ма, жоқ па?

 

Алтыншы көрініс

Маңызданып Бекболат кіреді, Зәуре елемей, жамауына кіріседі.

 

Б е к б о л а т (Тұрған күйі, сыртқа қарап). Не қылған адам, кеңсесіне барсаң ызғарынан қорқасың; үйіне келсең, жабайы бір адам, жүз салуға арланасың. Әкім болған соң кәрленген күйіменжүрмес пе адам?.. (Күрсініп). Әй, сорлы ауылнайлық-ай, қадырыңда кетіп болды-ау, баяғыда менің қолымда жүргеніңде, атағыңды болыстықтан да асырушы едім. (Отырып, қақырып.) Келін шырағым, жұмысым бар еді.

З ә у р е (ісін тіккен күйі). Айтып көріңіз.

Б е к б о л а т (аң-таң боп). Қаладағы қайныңыз хат жазған екен.тӨзіңізге де жазған шығар. Мектебі бір қағаз сұрайды білем... Соны тез жіберт деп қысып жатқаны.

З ә у р е, Ертең кеңсеге келіңіз, бергізейін.

Б е к б о л а т (қуанып кетіп). Е, бәсе, сүйтші, шырағым. (Көпке қарап.) Әліш байғұсым бұраған екен құлағын. Енді құдай оңар. (Зәуреге.)Шырағым, әйтеуір «туысы бірге түтпес» деген, қатеміз болса, өздерің жөндеп, шүйіркелесіп іс істесек болғаны да. Арадағы дұшпан не айтпайды дейсің, кісі тіліне ерсек не болмақшымыз... (Аз бөгеліп.) Қағаз бергенде іспесіктегі малды жазар ма екнсіз, әлде қазіргі қолдағы барын жазар ма екенсіз? Менде осы күні малдың өзі де аз қалды ғой. Баланың айтуы да осы күнгң малдың саны жазылса деген екен...

З ә у р е (басын көтеріп). Қандай қағаз береді деп ойлап отырсыз?

Б е к б о л а т (аң-таң болып). Қандай қағаз дейсіз бе? Қандай қағаз. Баланың менікі екендігіне... жоқ, жоқ... Ол қайныңның өзі Қуандықтың атында жүруші еді ғой. Қуандық осы күні кедей ғой. Тіпті кедей емес адам бар ма? Мені бай деп өсектейді, тобау, ойласа қайтеді екен, осы күнгі бар малымның саны онға жетпейді.

З ә у р е. Ендеше, түсініспей отыр екенбіз. (Бекболат тікірейіп қарай қалады.) Менің беретін қағазым басқа еді.Мен қағазды былай деп бермекші ем. Бірінші-сіздің шынжыр балық бай екеніңізді, өмірге есігіңізден малай арылмағанын, ықпалыңыздың әлі күнге күшті екенін куәлендірмекші ем. Екінші-ол баланың сіздікі екендігін, кеңес мектебінде оқуға тиіс емес екендігін айтпақшы ем.

Б е к б о л а т (сұрланып). Апырым-ау, келін-ау... Жұрттың тіліне ерсек не болмақшымыз? Бүліндік қой! Бөлеміз ғой! Туысқандық, бірлік деген қайда осы?

З ә у р е (салмақпен). Сізбен біргн алмайтынымды білиейтін бе едіңіз?

Б е к б о л а т. Қап, қап... (Жан-жағына қаранып.) Осы біреу естіп тұрған жоқ па? Апырым-ау, мынау масқарашылық! Бұл менәі бұрын көрмеген сұмдығым. Бұл менің етіме бірінші тиген таяқ... (Зәуреге оқты көзімен қарап.) Кәпірдің жүзі жанбауын!.. (Орнынан тұрып, кебісін киеді. Тағы қарап кіжінеп.) Ә, құдай! Ата аруағым неше сарт болып кетсе де... Осыны ма, осыны!.. (Шығады.)

 

Жетінші көрініс

        

З ә у р е (біраздан кейін ісін тоқтатып, күлімсірейді). Баяғыда осы қақпастығ үйіне кіруге қорқушы ем. Енді күнім туып еді, өзін жерге қаратып шығардым. (Ойланып.) Мұнымен кек бітпейді. Бекболаттың қарасын батырмай, біздің жұмысымыз оңбайды.

 

Сегізінші көрініс

Пүліш кіреді. Сұрланып тұрады.

        

З ә у р е. Е, Пүлішпісің? Жоғары шық. Бері, мына жерге келіп отыр. (Пүліш алыстау отырады.) Неғып көрінбей жүрсің? Әлде бір жұмыс істеп жатырсың ба? Қолың тигенде осылай кіріп-шығып жүрсейші, әңгімелесіп, көңіл көтеріп отырайық.

П ү л і ш (көпке қарап). Бетім-ау, бұған енді қалай тисем? Көрген жерден шашын жұлармын келіп ем, енді... Қатты сөйлеуге де ауыз бармай отырғанын қарашы.

З ә у р е. Қайнағаңның мына бір шапаны бөктеріліп қалыпты, соны жамар жатыр едім. «Қатыны төрелік қуып кетті, байының үсті-басына қарамайтын болды» деп жұрт тағы ненше саққа жүгіртеді ғой. Саған да ине берейінші, екеулеп бітіре қояйық. (Пүлішке ине, жіп әкеп береді.)

П ү л і ш (тысқа қарап). Бетім-ай, енді осының жамауын жамаймын ба?

З ә у р е. Мә, мына бір жамауды, мына қолтығын бастыра жама. Сен жамай тұр, сен су әкеліп, шай қояын... (Шелекті алып жатып.) Байыңмен араздасып жүргенің не? Ұят емес пе? Бүгін  өзіңе барып жолығармын деп ем. Сөйлессек, бәрі де ашылар... (Шығып кетеді.)

 

Тоғызыншы көрініс

 

П ү л і ш (бетін шымшып). Бетім-ай, мына беті қара масқара қылып кетті-ау! Шашынан жұлармын деп келіп ем, сөзімді де айтпа алмай қалғанымды қарашы?!. (Ырғытып тастап кете беріп, ойланып, отырады.) Қойшы, жамап-ақ тастайын. Оған шейін өзі де келер... (Асығыс жамайды.)

 

Оныншы көрініс

 

М а м ы қ (Сөйлеп кіреді. Пүліш сасып, жамауды артына тығады). Келе жатып ойлаймын. Пүліш келін барған шығар, ауылнай үәінде болса, шашына тура жабысқан шығар, үйінде жоқ болса, күтіп отырған шығар деп... Қайнағаң айтады: «Пүліш келін,-дейді,-айтқанын орындап шыға алушы ма еді?»-дейді. Мен айтам: «Пүліш келін деймін, сөйлесе сөзін де өткізеді, істесе ісін де өткізеді деймін...» (Шапанды көріп қалып.) Мынауың не, келін? Үйіңнен ала келіп пе ең? (Ұстап қарап.) Бәтір-ау, мынау осы үйдегі төрежанның шапаны емес пе? Осыны жамап отырғаның ба?.. Бетім-ау, бұл не деген арсыздығың? Қойныңдағы байыңды тартып алғанымен жұмысың жоқ, енді жамауын жамап отырғаның?.. Шыққыр көзім осыны шынымен көріп отыр ма?.. Бәтір-ау, қайнағаңа не бетімді айтам енді?

П ү л і  ш (ышқынып). Жоқ, шешей-еке, айтпа! Айта көрме!.. Мені масқара қылма. Мені қара басты. Мен алданып қалдым... Енді ме, енді! (Қалтыранады.)

М а м ы қ (тесіле қарап). Е, бәсе... Жүр, ендеше, таста. (Екеуі де тұрады.) Қайнағаңа ылғи айтам: «Пүліш келін өшін алмай қоймайды деймін, ерегессе қанын да ұрттайды деймін...» (Сөйлесіп шығып кетеді. Сахна бірсыпыра бос. Су көтеріп Зәуре кіреді.)

 

Он бірінші көрініс

        

З ә у р е (отырып, жамауды алып). Осы ақсақ күшік те әзәзілдігін қоймайды-ау, бірді-бірге ұрыстырады да жүреді. Әлгі бағұсты үгіттеп, түсіндіремін деп ем, аңдып тұрғандай жетіп келіп, әкетіп бара жатыр. Бұл не деген зәлім еді!? Сондағы ойлары Досанға ұайрап салып, қалқоздан шығару...

 

Он екінші көрініс

Досан кіреді.

 

З ә у р е (басын көтеріп). Ал, шырықжан, төрге шық.

Д о с а н. Әй, Зәуре, осы сенің «шырақжан» дейтінің не? Менің атым Досан Қалабаев болды. Айтып көрші, тілің келер ме екен?

З ә у р е (күлімсіреп). Ескі әдет бірден жойла қоя ма... Жарайды, Досан дейін. Ал, сөйле.

Д о с а н (тізерлене отырып). Сөйлесем, тыңда, Көдебайдың арыз бергенін  есіттің бе?

З ә у р е. Не деп, бәтір-ау?

Д о с а н. Қалқозға кіремін деп.

З ә у р е. Қойшы?!. Ана, зәлімнің ісін қара! Колхозға кіріп алып бүлдірмек қой бір.

Д о с а н. Жаңа басқарма жиылысында арызын қарап ек, Досмағамбет алу керек деп өжеледі.

З ә у р е. Е, оның неден қимасы қышып жүр?

Д о с а н. Аталасы ғой, Әлімқұлдың ұрпағы. «Әлімқұл тұқымы не көрсек те бірге көреміз» деп ұрандасып жүрген көрінеді. Меніңше, Досмағамбеттің өзі арам.

З ә у р е. Қойшы, жұрттың бәрінен сезіктеніп... (Ісін қыла отырып.) Біреуін бай дейсің, біреуін сәудегер дейсің, біреуін молда дейсің... (Күлімсіреп.) Сонда колхозға алатының кім болмақ?..

Д о с а н. Мына мен сияқты батырақ кіреді қалқозға!

З ә у р е. Орташа ше?

Д о с а н. Орташаны алмаймын деп отырған кім бар? Имақ сияқты орташаларды іздеп таба алмассың.

З ә у р е. Орынбайға жолық. Мына бір шапанды жамап тастап, мен де барайын.

Д о с а н. Қайтып келіп жамарсың, Досмағамбет те Орынбайға барған шығар... Қалқоз мүшелерінің бірсыпырасының-ақ толқитын түрі бар. Ережер, Ерман, Әупілдектер: «Көдебайды алмаса, қалқозда отырмаймыз» білем.

Зәуре жамауын жиып, шығады. Сахна бірсыпыра бос. Далада барқыраған дауыс.

Д а у ы с. Атаңа нәлет! Кімді басынасың?.. Бас салып атты жегіп... Ауылнай болмақ түгіл, тіпті үйез болсын, сонда тыңдамаймын, білдің бе! Бері әкел атты!

Е к і н ш і д а у ы с. Ау, Әліш-ау...

Ә л і ш  д а у с ы. Жоқ, сөзіңнің керегі жоқ, бері әкел атты! Ана ауылнайыңа шаптырып ал. Істететінің пұртекел ме? Бар, істет!.. (Дүрсіл, аяқ дыбысы.)

 

Он үшінші көрініс

Ентігіп Әліш кіреді. Оған ере Ержан кіреді.

 

Ә л і ш  (кірген ыңғайында). Иттен туғандар!.. (Кебежеге арқасын тірей, шатынап отырады.)

Е р ж а н   Ау, Әліш-ау, сен өзің тыңдашы...

Ә л і ш. Тыңдамаймын!

Е р ж а н. Тыңдамасаң тыңдама, бірақ ат жегіледі. Қалқоз тұқымының көрінген ауылда шашылып жатқаны анау, оны жинамай отыра алмаймыз.

Ә л і ш (ентігіп). Шашылмақ түгіл, өртеніп кетсін!

Е р ж а н. Сеніңше солай болар, бірақ біз... (Ойланып.) Бермейсің ғой атыңды, ә? (Әліш үндемейді. Ержан шығады. Аздан кейін Мамық кіреді.)

М а м ы қ (есікте тұрып). Келе жатып ойлаймын: төрежан байғұс бесіктің қасында отырған шығар, келін жасырын жиылысына кеткен шығар деп... Бүгін ағаң айтады: «Сақтағаның болса асып, сол шіркіннің өзін шақыршы, ас жеп, көңілін көтеріп кетсін»,-дейді.  «Келін төрелік куып, мезгілімен асын да істел бермей жүрген шығар», — дейді. Сосьн  мен айттым: «Ойбай-ау, төрежаннан немді аяйын, —дедім, — төрежан өзімнің туған кайнымдай болған бала емес пе», — дедім. Қане, жүре ғой. Ағаң бар, қажы атаң бар, сұлу мұрт бар — бәрі сені күтіп огыр... (Әліш салбырапып тұрып, жөнеледі. Мамык, сөйлене береді.) Ойкай, заман-ай, ағайынның араласканы, ойнап-күліп жүргені қандай жарастыкты еді! Жүр, карағым, жүр .. (Екеуішыгады.)

 

Шымылдық.

 

ҮШІНШІ ПЕРДЕ

БІРІНШІ СУРЕТ

Ауылдың қотаны. Тұқым  жиналған сарайдың есігі.

 

Бірінші көрініс

 

М а м ы қ (қалын артына ұстап сахнаға шығып, жан-жағына қаранып тұрады). Қыбырап жататын қара тобырын жер обып кеткен бе, құдай-ау? (Кішкене турып кілеттің жанындағы үстелге отырады.) Алда, белім-ай! Белімнің жүргізбей жүргенін қарашы, шойырылып... Баяғы күнім болса, бұл ауылды бір күнде кырық түрлі саққа жүгіртер ем-ау, қайтейін, қартайып кетіппін. (Күлімсіреп.) Қартайдым десем де, жасыңның көбінен әлі де епті екенмін. Тік мұрт айтады: «Мамық болыспаса, біз дым бітіре алатын емес екеміз», — дейді. Мен айтам; «Жас адамдай кайдан өтімді бола қояйық, — деймін. (Ойланып.) Еңбегімді зая жіберген жалғыз Пүліш шірік! Шіркін-ай, бір кәдеге де жарамады-ау. Жұмағұлжан да өзінен бойын аулақ салып жүр білем. Сол керек ол шірікке!..

Екінші көрініс

Сахнаның екінші жағынан су көтеріп Қалампыр келе жатады.

 

М а м ы қ (Қалампырға қарап). Шалға ылғи айтам: «Қалампыр байғұстай еңбекке бейім адам қайда, тепсе темір сындырушы еді-ау деймін, қалқоз шіркіні Қалампырдың кадырын біле алса жарар еді-ау», —деймін. (Қалампыр жақын келіп, суын қойып отырады.

Шалым айтады: «Біздің Қалампыр келін, — дейді, — қалқоздың адамы емес, қалқозға ылғи құдайдан безгендер кіреді, — дейді, — жатьп ішер жалқаулар кіреді, — дейді, — Қалампыр келін үйінде отырса да өлмейтін еді», — дейді...

Қ а л а м п ы р. Қайдан білейік. Кедейдің колыи тендікке жеткізстін үйым деген соң, әйтеуір, кірген болдык.

М а м ы қ. Ие, ие... Оларың да дұрыс. Жұрттьң бәрі дүрлігіп жатқан соң, жырылып қалай қалайын деп едіңдер. Тіпті кіргендерің жақсы. Шалым айтады: «Ауыл үйден бөлінбей-ақ ортасында отыруым керек еді, желкесі қиылғыр Орынбай мен Досан ғой жолатпай отырған», — дейді.

К а л а м п ы р. Олай емес білем, сіздін үйді бай болған соң алмадық десіп жүр ғой.

М а м ы к. Қалампыр-ау, сеніңде соған нанғаныңба? Өшіккен соң не айтпайды дейсің. Дәрікүлдің таратып жүрген өсегі ғой. Шал айтады: «Каладағы тамыр орысымды көріп едім, —дейді, ол айтады дейді. — «Сені колхозға алмауы қате»,—деп айтады дейді; «жоғарғы ұлыққа арыз берсең, сені алдырады», — деп айтады» дейді. Бай деп, тәйірі, қанша мал бар бізде? Жуан Жүсіптің малының саны біздікінен кем емес еді, бәрін сатып, сойып бітіріп, қалкоздың ортасында тымпиып отырған жок па?

Қ а л а м п ы р (таңданып). Бәтір-ау, солай екен-ау?

М а м ы к. Жинағаны өзіне бұйырған кісі тап сол. Шалым айтады: «Қалқозға кіргендердің ішіндегі ең ақылдысы Жүсіп екен дейді, бәрібір ортаға түсетін болған соң, сатып, сойып, игілігін өзі көрді», —дейді.

К а л а м п ы р. Ортаға түскенде біржолата кетпейді, білем. Малдың бәрінің де басып кесіп, акшаға балап жатыр ғой.

М а м ы қ. Ей-и... Келін-ай, солай қылмай кайтсін-ау. Сүйтпесе кім малын бере қояды дейсің? Мал түгіл, үстіңдегі киіміңді билетіп отыр ма? Әбдірақ байғұс үр жаңа бір етік тіктіріп алған екен, Әбді қағынғыр барыпты да, етігін киіп кетіпті.

Қ а л а м п ы р. Со да бір қыршынынан қиылғыр екен.

М а м ы к. Қайтсін, оны да айыптауға болмайды. Тәртібі солай болған соң... Бетім-ай, Қалампыр, сен мынаны есіттің бе: Нұрыш камсамол Әбдірақтың үйіне барыпты да, келінге қоқандапты дейді. Келін ашуланып бірдеме айтқан екен, Нұрыш ашуланып: өзің қалқозшының қатьны боласың, өзің кісі сөзін кайырасың, — депті дейді...

Қ а л а м п ы р. Қойшы, шынымен сүйтіп пе?

М а м ы қ. Оны азсынсаң, Зәуре мен Досанның не істеп жүргенін білесің бе?

Қ а л а м п ы р (қадааа қарап). Жоқ...

Ма м ы қ. Бәсе, өзім де ойлап ем, білмейтін шыгар деп... Шалы,м айтады: «Заманның өзгергенін білмей ме екен? Осы калкозға кіргендер бар малын қырып алып игілігін неге көрмейді екен? Үкімет асырайды ғой...» — дейді. Тұрсынкүлдің үйінін алтты айғы қысқы тісі-тісіне тиген жоқ еді ғой, біздін шал шақырып алды да, ұрысты: «Шіркін, неғып адам болар екенсін?.. Біреудін алдауына еріп... Қатын-балаңды ашықтырғанша, сиырынды сойып алмассың ба?!.» — деп. Шалдын сөзі қамшы болды білем, кешегі түні сиырын сойып алыпты.

Қ а л а м п ы р. Онысы қалай? Қалқоздьң тексермей отырғаны ма?

М а м ы қ. Тәйірі. қойшы сол қалқозын... Солар не біледі дейсің ? Тексеріп, аштан өл дей ме? Ұрлап алған мал емес, әркімнің өз еңбегімен тапқан малы. Шал айтады: «Қалампырдын үйі де қате істеп отыр-ау, сиыры бар, қашары бар, біреуін сойып алса, етке қарық болып қалар еді-ау», — дейді.

Қ а л а м п ы р (күрсініп). Еттің керек екені рас-ау, бірақ жыл шығып тұрған малды союға адамның көзі қалай қияр?..

М а м ы к. Қойшы, тәйірі, бәрібір ортаға түсетін мал... Тұрсыңкүлдің үйі де өздерң сияқты қалқозшы ғой, ешнәрсесі де кеткен жоқ, ақ майға қолын малып-ақ отыр...

Қ а л а м п ы р (көпке қарап, тамсанып). Бір түйір етсіз отырмыз. Сорпа ішпегелі біраз болды... (Ойланьт.) Жұрт епті келеді... Біздің байымыз, белсенді боламын деп, құр нанға қамап отырғаны мынау...

М а м ы қ (Қалампырдың бұзыла бастағанын сезіп). Дарылдақтың құлағын бұрасайшы, тәйірі, қалқоз деп өлесіндерме? Бала-шағаларыңды ашықтырып... Баяғыдай мал жиьш жаткан ешкім жоқ, сойып тастау керек...

Қ а л а м п ы р. Әй, біздің сорлы көнбейді ғой.

М а м ы к. Тәйірі, көнбейді деген не?.. Біздің шал айтады: «Келіндердің ішіндегі еті тірісі Қалампыр еді, — дейді. — сол өзі не боп барады?» —дейді, мен айтам: «Қалампыр байғұстың несін айтасың, ақылмен істейді ғой, — деймін, — орынды жерінде байының екі аяғын бір етікке тығады ғой»,— деймін.

Қ а л а м п ы р. Ойбай-ау, балам жылап жатқан шығар... (Тұра бастайды.)

М а м ы қ. Мен де үйге қайтайын. Ойбай, белім-ау...

Екеуі де шығады. Сахна бірсыпыра бос. Жұманды ертіп сахнаға Демесін шығады.

 

Үшінші көрініс

 

Д е м е с і н (ақсаңдап сөйлей келеді). Атасының аузын ұрып... Боса да ортаға  түсетін болған соң, игілігін өзім көрейін дедім: соқамды да, арбамды да саттым. Көк атты апарып бір орыстың биесіне айырбастадым. Құлынды биені жұмысқа жегеміз дей алмас. Жұрт жұмыспен әлек болып жатканда, кымызын ішіп бір жатайын.

Ж ұ м а н (тамсанып, баптап). Сен ғой... Осыны өз бетіңмен істеп жатырсың, ал... қалқоз білсе қайтесің?

Д е м е с і н. Қалқоз білсе қайтеді?.. Тегін ұрайын, мал өзімдікі. Біз сатсақ, өз нәрсемізді сатамыз. Екі қолынан басқа дымы жоқ адамдар да қалқозға кіріп отыр, соларға жем болмақшымыз ба?..

Ж ұ м а н (қайта-қайта тамсанып, орындыққа отырып Ойланып). Досан шатақ шығарып жүрмес пе екен?

Д е м е с ін.Тегін ұрайын... Сөзді қой, айырбастайым десең, бие тауып берем. (Бұ да отырады.) Менің тілімді алсаң, тегін ұрып... ана машинеңді де, соқа-сайманынды да жітір. (Жүманға жақындай) түсіп.) Осылардың сыңайын байқайсын ба: аз ғана қара-құрасы бар адамды «құлақ» деуден тайынатын емес. Бір күні «құқ» болып жүрсең, күлкіңді тыя алмассың бәлем. Одан да сатып, сойып азайтып байқасайшы, байғұс...

Ж ұ м а н (ойланып, тамсанып). Тап осы сөзіңнін жаны бар. Көдебай да осыны айтып еді. Сендер маған зиян ойламассындар. (Тамсанып.) Сен өзің реттеп орындап бересің, ә?

Д е м е е і н (жьмыңдап). Сауда жағын біліп бағармьз ғой. Баяғыда Иманбай қажыдан ақша алып, терімен сауда кылып жүретінімде... (Сөзін бөліп, ойына бірдіеме түскендей жан-жағына қарайды.) Сен өзің бері жүрші, бұл жерде сөйлесіп болмас. (Жұманды ертіп кетеді. Сахна бірсыпыра бос.)

Сахнаның сыртында айқайлап сөйлескен дауыстар, көп дауыс қосылып ән салады.

                            «Қалқоз аты «Исаев», біздер мүше,

                            Екпіндеген қайрат бар еңбек десе,

                            Қалқоз құрдық, топ болып құдіреттеніп,

                            Коммунаға жетеміз өсе-өсе.

                            Өсе-өсе гүлденіп, түрленеміз.

                            Ескі ауылға жап-жаңа түр береміз.

                            Байды аластап, партия жетегінде,

                            Кедей-батырақ не көрсек бір көреміз!...»

 

Төртінші көрініс

Пүліш жалғыз. Жабыңкы, киімі жұпьны.

 

П ү л іш (сарайдың босағасына кішкене сүйеніп тұрып). Күткен үмітің бірі жарыкка шықпады. Мен осылай қаңғырып калам деп ойлап па ем? Сүйген адамыма қолым жетті деп ойлаган жоқ па ем? Сол күле қараса, бар арманым бітетін сияқты емес пе еді? Соның үшін құрулы шаңырағымды бұзған жоқ па ем? Соның қадірін неге білмейді? Неге қырын қарайды маған. Неге сөйлеспейді менімен. (Ойланып басын көтеріп.) Ақсақ кемпір... Бәсе... Ол неге бұртиып жүр? Үйіне барсам, кірпідей жиырылатыны  несі? ('Қамығып.) Құдай-ау, мен неғып мұндай құбыжық болдым?!.. (Кішкене тұрып.) Өзімдей әйелдер, даланы басына көтеріп, сауық-сайранмен жұмыс істеп жүр. Менің жүргенім мынау: тілен тілеген адамдай, жынды адамдай, көрінген үйдін тамағына телміріп... құдай-ау, мұнша неге масқара болдым? Неге сендім соның тіліне. «Ол» алушы ма еді мені?.. ( Қамығып, босағаға сүйеніп тұрады.)


Бесініші көрініс

Жұмағұл мен Есен кіреді.

Е с е н (тақпақтата).

Жазғытұрғы көш

Жүректі тартасың,

Жүрекі тартасын.

Есен сорльның

Қоздырып арқасын...

(Өте беріп Пүлішті көріп )

Ау, мынау,

Күтіп тұр екен

Қандай қалқасын?

(Жұмағұл да карайды.)

П ү л і ш (селт етіп.) Тентек жігіт!

Ж ұ м а ғ ұ л (сырт беріп, қол сілтеп). Аулақ!

П ү л і ш. Тентек жігіт! Серт осылай ма еді?  Не жаздым?

Е с е н (сұқшия қарап).

Пүлішжан, боссын,

Құр жүрекпен доссың.

Бір кәдеге жарамайсың

Неше құдай әдал болса да,

Жұмағұлмен қалай қоссын?

П ү л і ш (ышқынып). Кім айтты оны? Қашан жарамап ем? Неше тапсырғанын орындамап ем? Тым болмаса, бір сынаса қайтетін еді?...

Е с е н. Бұ да жөн-ау... (Жұмағұлға)

Жұмағұл!

Пүлішжанның жайын біл,

Шын жүрекпен сөйлесші,

Бері, бері, бері жүр!..

(Жұмағұлдың құлағына өзі барып, сыбырлап.) Тағы бір сынасан деймін, бәлкім  бір кәдеге жарап кетер.

Ж ұ м а ғ ү л. Солай ма? Не келеді қолынан? Әйтсе де...  (Бұрылып Пүліштің жанына келед.і)

П ү л і ш (ұмтыла түсіп.) Сәулем, тентек жігіт!

Ж ұ м а ғ ү л (қолын кертелеп.) Ақырын... Айтқанымды істейсің бе?

П ү л і ш. Сөулем-ау, істсмеймін деген жерім бар ма?  Бір сынап көрсейші!

Ж ұ м а ғ ұ л.  Шын сүйесің бе мені?

П ү л і ш. Не айтайын, сәулем! Қалай айтып жеткізейін.

Ж ұ м а ғ ұ л(ойланып.) Дұрыс. Өзім де солай ма деп ойлаушы ем. Мен де сүйем...   (Күрсініп.) Бірақ қайтейін...

П ү л і ш.  Айтшы, сәулем, сертінді!

Ж ұ м а ғ ұ л (басын шайқап). Жоқ, орындамайсын.

П ү л і ш. Орындаймын, сәулем!

Ж ұ м а ғ ұ л. Қолыңнан келмейді!

П ү л і ш (қынжылып). Апырм-ай, тентек жігіт-ай, тым болмаса айтып өлтірші!

Ж ұ м а ғ ұ л (Пүліштің бетіне туралап қарап). Досанды өлтіре аласың ба? (Пүліш қалтыранып, сұрланып, тұрып қалады.) Әне, болдыра алмайсың. Онсыз бізге бақыт жок. Ол — бізге керте. Ол өлмей мен сені ала алмаймын. Алу былай тұрсын, маңыма да жуыта алмаймын. Енді түсіндің ғой?.. (Бетіне бірсыпыра қадалып, бұрылып жүре береді.)

П ү л і ш (сасып, қалын созып, жалынышты). Сәулем, кішкене ғана...

Ж ұ м а ғ ұ л (бұрылып, түсін бұзып). Не айтпақсың? Жылаумен мені жеңе алмайсың. Досан өлтірілмей менің жүрегім жар таңдай алмайды... (Жұмағұл жүріп кетеді. Пүліш қолын сазған күйі қалады)

Е с е н (кейін қалып Пүлішке қадала қорап).

Шын сүйсе жүрек,

Бірікпей ме тілек?

Айтқанын істей салсаң,

Айқаспай ма білек?

Осынша қайғы,

Осынша жүдеп...

Өзіңнен, Пүліш, өзіңнен!..

(Есен  шығады.)


 

Алтыншы көрініс

 

П ү л і ш (қолын сылқ еткізіп түсіріп, мең-зең боп тұрады). Ылғи айтатыны осы... Өлтір дейді. Өлтіремін деп сертте бердім... Неге өлтірмедім? Неге бармайды соған қолым?.. (Ойланып.) Жоқ!.. Оны өлтіре алмаймын.


 

Өлтіргендей ол маған не істеп еді? Керек десе тілі де тиіп көргсн жоқ. Осы күнге шейін: «Пүліш-ау, ашуынды әлі басқан жоқсың ба?» — дейді. Менде бет жоқ қой, сондай жылы сөзді есіткенде де жібімеймін... (Ойлаиып.) Қайтем? Осылай жүріп өмір өткізем бе? Осының соңына түсіп жалынамын да жүремін бе? Жалынғанмен тыңдар ма мені?.. (Кішкене ойланып, құшырланып.) Осыған ерегіскенде Досанға қайтып барсам ба екен? «Мен алданған екем, мені кұдай ұрған екен», — деп шынымды айтсам ба екен? Ол ұрыспайды ғой... Ол мейірмді ғой... Ол, ол... (Екіоқтыланып тұрғанда, сахнага Мамық шыга келеді.)

 


 

Жетінші көрініс

 

М а м ы қ (сөйлене кіреді). Іздеп жүрмін, іздеп жүрмін... Бәтір-ау, бұл Пүліш келін қайда кеткен деймін. Салқоз әйелдеріне араласпаса керек еді ғой деймін, әлде Зәуремен барып салғыласып жатыр ма екен деймін. Әлде Досанның жағасынан алыл жатыр ма екен деймін. (Пүліштің бетіне қарап.) Бірдемеге ренжіп тұрсын ба, келін?

П ү л і ш (жақтырмай). Әшейін.

М а м ы қ (бірсыпыра қарап тұрып). Үйге жүре ғой, келін! Мына ауылдағы қажы, сопы, молда — үшеуі шалға сәлем берем деп келген екен. Шай құйып бересің. Жүре ғой... (Пүлішті ертіп кетіп бара жатып көпке қарап.) Тағы бір қайрап көрейін. (Екеуі шығады. Сахна бос. Сахна  артында жұмыс істеген колхозшылардың  дауысы, ойын-күлкі, қосылып салған ән.)

«Біз есеміз, еңбекті қайнатамыз,

Жаңа өмірді  гүл безеп жайнатамыз.

Кедей-батырақ тап болып тізе қосып,

Бай-құлақты аластап айдатамыз!..

 


Сегізінші көрініс

Қапшык арқалап Құсайын келеді, арт жағында Қалампыр.

 

Қ а л а м п ы р (сахнаға бажылдап сөйлей келеді). Бала-шағаңның ашығып отырғаны анау... Қалқоз қарық қылды, берді әбден!.. (Кекеп бұртиып тұрады.)


 
Қ ұ с а й ы н (қапшықты кілеттің жанына түсіріп, қапшыққа отырып, Қалампырға қарайды). Қатын! Бірдеме соғып кеткеннен саумысың осы?
 

Қ а л а м п ы р (булығып). Әне,бірдеме айтсам шатынай қалады. (Жыламсырап.)Байымен шүйіркелесіп отырған қатынның не арманы бар екен?

Қ ұ с а й ы н. Әй, қатын, дорак болма! Желіндеп тұрған сиырды сойды деген не масқара? Аштан өлмейміз, нан жетеді. Ет іздейтін мен бай емеспін, білдің бе, соймаймын сиырды (Жан-жағына қарап). Әлгі Демесін ит қайда кеткен? Апырмай, осы ит іздетеді де жүреді,тіпті берекемізді кетіріп болды-ау өзі... (Дауыстап).


Демесін, ау Демесін!


 

Тоғызыншы көрініс

Ақсаңдап Демесін кіреді.

 

Д е м е с і н. Уа, сабазым, тағы астык әкелгенсің бе?

Қ а л а м п ы р (шаптығып). Тасып жатыр бәрін, ертеңгі күні ашыққанда несін жер екен?!

Қ ұ с а й ы н (Қалампырға одырая қарап). Әй, сен қатын, қоясың ба, жоқ па? Қайдан таптың бұл өнерді? Тұқымға сақтаған астығымды мен қолқозға бермей тышқанға жегізбекпін бе?

Қ а л а м п ы р. Бәрін де бер, мені де бер, ана үстіндегі киімінді де бер! (Құсайын адырайып қараумен тұрады.)

Д е м е с і н (есіктің құлпын ашып жатып). Қалампыр сорлы да қайтсін-ау, бала-шаға болса бар ...

Қ ұ с а й ы н. Сандалма, Демесін, ақыл айтудың орнына құтыртатының не? Бар астығыңды жоқ деп қалқозды алдайтын сен бар дейсің бе?

Д е м ес і н. Өй, нт-ой... Сенің байланыспайтын адамың болсайшы...

 Қ ұ с а й ы н. Астығыңның бары бекер ме? Неге бермейсің сақтаған тұқымыңды? Міне мен он бес пұт тұқым сақтап ем, артық астығым болған соң, жиырма пұт қылып беріп отырмын. (Демесін бажырая қарап, үндемей сарайға кіреді. Астығын сүйреп Құсайын да кіреді. Кішкенеден кейін бұлар шыға бергенде, астық көтеріп  Ержан келеді.)

 

Оныншы көрініс

 

Е р ж а н (қапшығын жерге түсіріп). Ал, Құсайын, сені жарысқа шақырамын: тұқымнан тысқары төккенім осымен жиырма пұт болды!

Қ ұ с а й ы н (күліп). Сенен қалысатын адамды тапқан екенсің. (Екеулеп қапшықты сарайға кіргізеді.)

 

Он бірінші көрініс

Дерікүл кіреді. Қолында ұршық.

 

Д ә р і к ү л (Қалампырга тесіле қарап). Қалампыр-ай, неге ренжіп тұрсың? (Қалампыр үндемей бұрыльп кетеді. Дэрікүл таң боп.) Қалампыр, Қалампыр!.. тұра тұршы, сөйлесейік... Әлде Дарылдак ұрысты ма?.. Қалампыр, Қалампыр!.. (Дәрікүл соңынан еріп кетеді. Аздан кейін Ержан мен Құсайын шығады. Одан кейін Демесін кетеді. . Сахна сыртында барылдаган дауыс.)

Д а у ы с. Ә, иттер! Оңбайсыңдар, оңбайсыңдар... Қалқоз жұмысын солай істей ме екен?.. Жапырып тастамас па? Анау атты қарашы, туу, жануардың өлейін деп тұрғанын... Есіл мал-ай!..

 

Он екінші көрініс

Көдебай кіреді.

 

К ө д е б а й (таяғын сүйретіп сахнаның орта шешіне келіп, кеудесіне тірей тұрады. Бір мезгілде басын көтеріп, мұртын ширатып, мырс-мырс күліп тұрады). «Құқ» қыламыз деп, құбыжық қыламыз деп арпалысқанньң талайын аяққа басып алдық. Қалқоздың есігінен қаратып еді, жуан төрінен барып орын алдық. Ал, маған салмай жұмыс істеп көрсін, көрейін күштерін!.. (Күліп.) Арасына неше түрлі пәлені егіп өздерін толқытып тұрмын осы күні... тоз-тозын шығармасам әкел қолыңды!..

 

Он үшінші көрініс

Маң-маң басып, таяғын сүйретіп Бекболат келеді.

 

К ө д е б а й. Салаумалейкүм, Беке!

Б е к б о л а т (жымыңдап). Е, қалқозым,жүріп жатырсың ба?

К ө д е б а й (жайраңдап). Сіздің сілтеуіңізбен ...

Б е к б о л а т. Егіске әзірліктерің қалай?

К ө д е б а й (мырс-мырс күліп). Әзірленіп жатырмын: соқаның біразы таратылды. Бірсыпыра көлікті күттірген болып тұр еді, оларын да тоздырдым: бет-бетіне мініп, шабуылды салып жүр. (Күліп.) «Көлікті күтпейсіңдер» деген боп айқай салып қоям... Күттірмей жүрген де өзім ғой... (Күрсініп.) Бірақ тұқымдарын  жинап тастады. Бермей тұра тұрыңдар деп бірсыпыра үйді тежеп қойдым. Бұл антұрған кедейде ес болсайшы, «жарыс» дегенді шығарып алыпты,  жындана келе ақтық астықтарын берер деймін.

Б е к б о л а т. Жарысты шығарып жүрген Досан шығар?

К ө д е б а й. Сол... Шаршамайтын ит екен, Қайдағыны қайдан тауып алатынын білмейсің, тегі осы Досан бәрінен де қауіпті болып жүрмесе игі еді деймін.

Б е к б о л а т. Келін қалай?

К ө д е б а й (күліп). Әліш  байғұсым да ширап келеді, аяғына оралғы  бола бастады білем: кеше шатақ шығарып бір жиылысқа жібермей тастады деп есіттім. Бұрын маған сұрланып ыңғай бермейтін еді, осы күні жұмсарып-ақ қалған секілді. (Күліп.) Кеше келіннің көзінше Әлішке ұрысқан болдым: «Шіркін, келіннің қадірін білсейші, ел жұмысын басқарып отыр, ққдайыңа тоба қыл, келіннің тізгінін өзіне бер», — деп... Әйел ғой, соған да нанып калмайды дейсің бе. (Ойланып.) Айтпақшы, әлгі Пүліш антұрған божырап барады, жетесіз ит екен бір. Бүгін соны Орынбайдьң қатыны ертіп жүр. Мамыққа айтыңызшы, айырып жіберсін. Ондай  жаман ана жаққа шығып алса, аузына келгенін айтып былғап жүрер.

Б е к б о л а т. Осы сен не ойлап жүрсің? (Кодебай қарай қалады.) Тұқьм төк деп маған жоспар беріп еді, бір пұт та төккем жоқ. Осылар мені талтандатып қояр ма? Кәнпескелеп жібермес пе?

К ө д е б а й. Уа, қойыңыз, неге кәнпескелейін.

Б е к б о л а т (басын шайқап). Сенде әлі күш аз. Тізгін оларда жатыр. Қарсы шықсаң, өзіңе кәдік. Одан оры жұмысты өзің баста. Абыройын өзің ал... Мал-мүлкімді тығып енді .болдым, енді менің немді алады? Сен қолқозыңа бар да: «Бекболатты кәнпескелеу керек» деп айкайды салсаң, кедей біткен даурығып соңыңа ереді. Сосын өз қолыңнан кәнпескеле. Көзге көрініп тұрған он шақты мал, ана үйдің қара басы, соны алғыз да, мені кұтқар. «Дымын қалдырмай шауып алдық» деп лақап тарат, сол атақ маған жарайды. Сендер сау тұрсаңдар, ана тығылған малды, бұйымды аман-есен қолыма тигізсеңдер, мен өлмеймін, мен қайда барсам да Бекболат боламын.

К е д е б а й (ойланып). Апырм-ай... бұл дұрыс. Мұныңыз тапқан ақыл екен.

Бекболат. Осыны орында. Мен кеттім. (Кетеді.)

 

Он төртінші көрініс

 

К ө д е б а й (аз-кем ойланып тұрып.) Данышпан ғой Бекең, данышпан, данышпан!.. Бар бұйымы тығулы, малын ыдыратып болды, бәсе, кәнпескелегенде осының несін алады? (Ойланып.) Басқармасына барайын. Айқайға айқайды жалғайын: «Көрмегенім Бекболат болсын! Күлін суыру керек!» — дейін. (Күліп.) Мына толқып жүргендердің біразы осынымды есіткен соң, етегімнен ұстағанын сезбей де қалар бәлем! (Шығады.)

Шымылдық.

 

ЕКІНШІ СУРЕТ

 

Бір белме. Ортада үлкен үстел, ұзын орындықтар, үйдің төр жағындағы қабырғада түрлі ұран, көсемдердің суреттері. Есік жақ бұрыштағы үстелдің тұсында «Колхоз басқармасының хатшысы деген жазу, үлкен үстелдің екінші жағында кішкене бір үстел, оның тұсында «Колхоз басқармасының ағасы» дсген жазу. Шымылдық ашылғанда хатшы Досмағамбет жазу жазып отырады. Ортадағы үлкен үстелді жағалай Ержан, Жетпіс, Құсайын, Имаш, Иван отыр. Дәуіт үстелдің басында, көпке беін беріп, газет оқып отыр. Басқалары оны ынтығып тыңдап отырады. Иван махоркеден шылым орап отырады.

 

Бірінші көрініс

 

Д ә у і т (шымылдық ашылғанда дауыстап оқып отырады). Байкұлақ — ауылдағы еңбекші кедей, батырақтың, орташалардың барып тұрған қас дұшпаны, ауылда мал шаруашылығының өркендеуіне бай-құлақ қаскүнмдік істеп, кедергі туғызып отыр; ескі шала бектік, рушылдық, ескі әдеттердің ауылда сақталуына жан салып отыр; бай-құлақ өмірдің ақтық шегіне жеткенін сезген соң, ауыл арасында неше түрлі өтірік-өсек таратып отыр — міне, осының бәрін есепке алып, партия орындары байға қарсы аяусыз күрес ашуға ауылдың көпшілігін ұйыстыруы керек...

Т ы ң д а у ш ы л а р (ынтығып). Е, е... (Жақындай түседі.)

Д ә у і т (дауыстап оқып). «... Нақ қазіргі кезде ауылдағы баймен күресудің негізгі түрі — байды шектеу, оны қысу, жеке салыққа іліктіру; батырақтарға шектен тыс карағаны үшін, малын ысырап қылып бітіргені үшін тергеу-тексеруге алу; кеңес үкіметіне қарсы, ауылдағы еңбекшілер көпшілігіне қарсы қаскүнемдігін ашык жүргізуге кіріссе, мал-мүлкін кәмпескелеп, өзін жер аударуға шейін шара қолдану керек..

И м а ш. Жарысты басқармамыз ұйыстыру керек қой. Осылардың не бітіріп отырғанын білмеймін. (Жұрт хатшы мен Жұманға қарайды.)

И в а н. Әй, Жұман, сен неге атыңды саттың? Әй, тәйір алсын, тәйір алғыр!..

И м а ш (күліп). Жұмекеңнің аузынан қымыздың дәмі кетпей жүрген кезі ғой.

Ж ұ м а н (шіміркеніп). Имаш, шандуыңды қой, сен менен кедей болған жоқсың, сен де сауғансың биені.

И м а ш. Саумадым деп отырған кім бар? Бірақ мен сен құсап малымды тыққыштағам жоқ, сатып, сойып кеміткенңм жоқ, бәрін колхоздың ортасына салдым.


Ж е т п і с. Тоқта, дұрыс... Атыңды қымыз үшін сатқан бол, ал соқа-сайманыңды не үшін саттың? (Жұман үндемейді.)

Қ ұ с а й ы н. Осы біздің басқармамыз не бітіріп отыр?


И м а ш. Досанның мойын бұруға шамасы жоқ, мына хатшының бақылайтын жұмысы ғой.

Д о с м а ғ а м б е т (шатынап). Имаш жолдас, сен өз жолыңды біл, басқарманың жұмысын сен міней алмайсың.

И в а н. Подожди, подожди... Как-как мінемеске!.. Басқарманы кім сайлады?

Е р ж а н. Бәсе!.. Осы жұрттың не боп кететінін білмеймін. (Бұлар өзара қызу сөзге кіріседі.)

Ж ұ м а н (апалақтап). Досмағамбет! Мыналарыңның сияғы қалай өзі?

Д о с м а ғ а м б е т. Шулап-шулап басылатын әдеттері ғой, қорықпа.

Д ә у і т (газеетті тастап, орнынан тұрып). Кәне, Иван, көрікті басамыз ба? Соқаны істеп бітіру керек қой. Досанның берген срогі бес күн екенін білесің бе?

И в а н. Мойын үзіліп кетсе де, сол срогінде бітіріп шығамыз. (Бұл да орнынан тұрады.)

И м а ш. Қане, Ержеке, Жүсеке... Біраз тынықтық. Шалдар шау тартып кетті деп жастар мазақ қылып жүрер, жұмысқа барайық. (Иван, Дәуіт, Құсайын, Имаш, Ержан - бәрі шығады.)

Екінші көрініс

 

Ж ұ м а н (сабырсызданып). Апырм-ай, бұл қалай болар екен?

Д о с м а ғ а м б е т. Түу! Қызық екенсіз ғой қорқа беріп. Мал сатқан жалғыз сен бе, ешқайсысын Сібір айдаған жоқ кой.

Ж ұ м а н. Қалқозынан шығарып тастап жүрмесе...

Д о с м а ғ а м б е т. Саған тиіп қарасын: орташаны түрткіледің деп өздеріне пәле жабайық.

Ж ұ м а н. Тимес дейсің бе? (Ойланып.) Менің басқа паналайтын кімім бар, әйтеуір, Көдебай бар, сен бар. Осы сендердің көлеңкенде жүрген адаммын ғой.

 

Үшінші көрініс

Бір кісі кіреді. Досмағамбет жазумен болады. Жұман шығып кетеді.

 

К і с і (жақындап). Досмағамбет, мен саған келіп ем.

Д о с м а ғ а м б е т. Айтыныз.

К і с і (қойнынан қағаз шығарып береді). Жұмысым осының ішінде.

Д о с м а ғ а м б е т. Мынауың латынша ғой, мұны кім оқиды? Аузыңмен айт!

К і с і. Әлгі мұғалімге жаздырып ем. (Отырып.) Менің кедей екенімді білесің ғой. Бір ат, бір бұзаулы сиыр қалқоздың ортасында. Бір тайыншам бар еді, оны қалқоз болмастан бұрын қатынның төркініне азаға салғам. Биыл тізбеңе де солай деп  жаздырып ем ғой.

Д о с м а ғ а м б е т. Жұмысынызға келіңіз.

К і с і. Соған келе жатқаным ғой... Әлгі Әбді шіркін тіпті жыныма тигені. Жиырма пұт тұқым бересің деді, сөз айтпастан бердім. Тіпті Әбді айтпағанда да сол жиырма пұтты беретін ем. Енді келіп тұяқ дей ме-ау, мүйіз дей ме-ау, құрым киіз дей ме-ау, тіпті басымды қатырғаны. «Мен кедей адаммын, байлардан ал» десем, «сен қарсылық істедің, пұртокол тұрғызам» деп дік-дік етеді. Сосын... Әй, бәлем-ай, енді басқарманы көрмей сенің айтқанынды істей алмаспын деп бері қарай жүре бердім...

Д о с м а ғ а м б е т (басын көтеріп). Отағасы, қазақшылықты енді қойсандар қайтеді? Жоспар берілсе, үкіметтің жоспары, Әбдіге не қыл дейсің?

К і с і. Үкімет кедейге сал деген бе екен?

Д о с м а ғ а м б е т (қағаздарын қопсытып). Сөзді қойыңыз! Жоспарыңызды орындаңыз.

К і с і. Таба алмасам қайтем?

Д о с м а ғ а м б е т.Табылады! Табылмайтын нәрсеге үкімет жоспар бермейді.

К і с і. Осы шырағым, өлсем де анығын біліп өлейін: «кедейден алынсын» деген қағазыңды көрсетші. Тіпті өлтіріп-ақ болдыңдар ғой...

 

Төртінші көрініс

Досан кіреді.

 

Д о с а н. О не?

К і с і. Шырағым, өлтірсең өз қолыңнан өлтір, ана жоспарыңды орындай алмаймын.

Д о с а н. Қайдағы жоспар?

К і с і. Жиырма пұт тұқым бердім. Ал баска жоспарыңды орындай алмаймын.

Д о с а н. Ол қандай жоспар? Ашып айтыңызшы!

К і с і. Менен тұяқ пен мүйіз сұрағандарың, ұят емес пе? Мен қалқоздарынның қақ ортасында отырған жоқпын ба? Қалқоздарың бастап ұйысканда, айқай салып алдымен кірген мен емес пе ем? Е, тіпті...

Д о с а н (хатшыга), Ол жоспарды кім беріп жүр?

К і с і (ашулы). Әбді деген бір иттерің мүлде қуырып болды. Байдың үйіне жатып алып, тізесін бізге батырады. Тегінді ұрайын, баяғыда молда болып педия алып жүруші еді.

Д о с м а ғ а м б е т. Әбді емес шығар, өздеріңнің жиылыстарың салып жүрмесін.

К і с і. Өй, не дейді мынау? Мен қуыршақ дейсің бе?

Д о с а н (ашулы, хатшыга). Қазір адам шаптырып Әбдіні шақырт, көрсетейін мен оған жоспарды! Иттің баласының істеп жүргенін... (Досмагамбет орнынан тұра бастайды.)

К і с і (көтеріліп). Е,бәсе!.. (Досмағамбет шығады. Кісі басын шайқап.) Бала! Сақ бол! Осының өзі де алаяқтың тұқымы болатын. Арамызға от тастап жүрмесін... Орынбай үйде ме, оған да жолыға кетейін.

Д о с а н. Жолығыңыз, үйінде.

К і с і. Жақсы. (Қоштасып шыгады.)

 

Бесінші көрініс

 

Д о с а н (үстеліне отырып, ойланып). Апырм-ау, әлгілерге жоспар беріп жүрген кім? Сұмдық қой бұл! Әбді... Бәлем,сенімен түссін ісім! Көрдің бе мұны? Елді шулатып...

 

Алтыншы көрініс

Алтынай келеді.

А л т ы н а й (күле келеді). Досеке, сенен сүйінші сұрайын деп келдім.

Д о с а н. Ие, айта ғой.

А л т ы н а й стеліне төніп). Пүлішпен кеше де сөйлесіп ем, бүгін де сөйлестім. Мінезі жеңілдеу ғой байгғұстың. Алданып қалған ғой. Бұрынғысындай шаптықпайды, босай бастапты. Өзін баулып, үйірге қосьтп алайық.

Д о с а н. Ал, оны маған қайт дейсің?

А л т ы н а й (күліп). Сені қуантайын дегенім ғой.

Д о с а н. Жарайды, сәлем айт: қуанып қалды де.

А л т ы н а й. Қой, шырағым, тәлкекті. Өзіңе қайтадан қосам.

Д ос а н. Е... Ақсақал бітіміне кірісіп жүр едім десейші.

А л т ы н а й. Бетім-ау, енді қатыныңды қаңғыртып, Мамықтың қолында ойыншық қылып қоймақсың ба? Не жазығы бар. Адасқан шығар, қате кімде болмайды?

Д о с а н. Жарайды, жөнге сал, адам қыл. Мен соныңа тілектес... Немене? Машинелеріңді құрдыңдар ма?

А л т ы н а й (күліп). Сендер құрлы жұмыс істей алмайды дейсің бе? Қатындарды жинадым. Бірсыпыра үгіт айттым. Сауатын, сиырды күтетін бригадирлер сайладым. Қара шешейді машиненің басына қожа кылып койдым.

Д о с а н (күлімдеп). Е, бәсе... Бұрқыратшы сүйтіп... Орынбайға айттың ба, не дейді?

А  л т ы н а й (күлімсіреп). Кім сөйлесксн соныңмен.

Д о с а  н. Е, неге сөйлеспейсің?

А л т ы н а й. Күндіз барып сөйлессем жұмыспен барғанымды қайдан білсін, байына еркелеп жүр деп біреулер есектеуден детайынбас.

Д о с а н (күліп). Түнде сөйлессең  қайтеді?

А л т ы н а й (күліп). Тесектегі әңгімеміз басқа болады ғой. Қой, мен кетейін, сүйінші бермедің ғой... (Алтынай шыгады.)

 

Жетінші көрініс

Таяғын сүйретіп Көдебай кіреді.

 

К ө д е б а й (жайраңдап). Е, батырағым, жапырып жатырсың ба? (Отырып.) Осы социализмге тез жетер ме екенбіз?

Д о с а н. Сізді кім білсін, өзіміз жетіп бағармыз ғой.

К ө д е б а й. Е, о не дегенің?.. Сендердің жеткендерің менің жеткенім емес пе? (Көтеріліп қойып.) Осы, Досанжан, шыңдап бір сөйлесейікші: мені кұбыжық көруді қашан қоясындар?

Д ос а н. Қоярмыз деп уәде бермеген шығармыз.

К ө д е б а й. Е, мен қалқоз емеспін бе?

Д о с а н (тіке қарап). Болса ше?

К ө д е б а й (төмен қарап мүсәпірсіп). Досанжан! Біле білсең, мен бір жаман ағаңмын ғой: тентек те болған шығармын, тілім де тиген шығар, енді орталарыңа келіп отырмын, қатем болса кешіп, шүйіркелесіп неге жұмыс істемейміз? Мені де бір сынап көрсеші... Мені Бекболатты жақтайды деп өсектейтіндер бар көрінеді. Бір кездерде Бекболатқа ермедім деп айтпаймын, бірақ енді бөлініп отырмын. Мен «енді көрмегенім Бекболат!» деп отырмын.

Д ос а н. Оныңызды немен дәлелдейсіз?

К ө д е б а й (басын көтеріп алып). Шырағым Досанжан, осы сендерді сендіру үшін бар ғой, кедейлер жиылысына салып жіберіп, сол Бекболатты өз қолымнан кәнпескелеп берейін, риза боласың ба? (Досан басын шайқайды. Көдебай тіксініп қарай қалады.) Неге?.. Істемейді дейсің бе?

Д о с а н. Әңгіме онда емес, Бекболатты сеің қолыңмен кәнпескелетпекші емеспін ғой.

К ө д е б а й (күрсініп, көпке қарайды). Апырм-ай, осы ит бүлік шығарып жүрмесе игі еді?!

 

Сегізінші көрініс

Орынбай, Зәуре, Үсен кіреді.

 

З ә у р е (Досанның жанына келіп күліп). Колхозына ие бола алмай отырған басқармаң мынау.

К ө д е б а й (жайраңдап). Келін карағым, тым қатты айтпа, Досан қайтсін, көпке топырақ шашсьн ба. Менің тілімді алсаңдар, осы малын сатқан иттердің бірсыпырасын қалқоздан шығарып сотқа беріңдер, сонда тыйылады олар. ( Үсен мен Зәуре Көдебайға қарап  сөйлесіп тұрады.)

Д о с а н (Көдебайдың бетіңе бажырая қарай қалып). Оларды шығарғанда қалқозда қалатын біз боламыз ғой, ә?..

К ө д е б а й. Шырағым, Досан-ай, маған дегенде айтеуір бір жібімей-ақ кеттің-ау...

О р ы н б а й. Көдеке, сіз бара тұрыңыз.

К ө д е б а й (бажырайып қарап, сүйретіліп шыға беріп, көпке). Апырм-ау, осылар неткеп болады? Қырын сындырып, соңыма ертем бе десем, бұлар шымырлана түседі. Уа,тоба!.. (Басын шайқап, шығады.)

 

Тоғызыншы көрініс

 

О р ы н б а й (Досанға қарсы бірсыпыра отырып). Ау, сен неден божырап жүрсің? Сені неден құдай ұрды? Колхоздьі басқарғаның қайсы? Колхоз ісінде орнатқа тәртібің қайда? Колхозшыларды тәрбиелегенін қайсы?.. Партия орны сені колхоз басқармасына аға қылып сайлағанда, екі қолыңды қусырып қарап отыр деп пе еді?.. Жалғызбын дейтін емессің, көмегіңе партия мүшелері бар, комсомолдар тобы бар. Тізе қосып отырып жұмысты бұрқыратпас па? Шабуылға қарсы шабуылды күшейтпес пе? Масқара ғой тіпті... Менің кеткеніме он төрт күн екен. Соның ар жағында сүттей ұйып отырған колхоз еді, бүгін келсем адам шошырлық: малдарын сатып, сойып, соқа-сайманын бүлдіріп, бірсыпырасы колхоздан шығамыз деп әлекке түсіп жатыр.

Д о с а н. Маған қайт дейсің, байлардың ісі...

О р ы н б а й. Е, сенің ісің қайда? Байларды неге ерікке жібересің? Колхозшыларға байлар құрлы сөз тындата алмағаның ба?.. (Досан үндемейді. Орынбай Зәуреге.) Әбдіні өкіл қылып шығарған сен бе?

3 ә у р е. Мен ем, бірақ ол итпң бүйтіп бүлік салатынын кім білген? (Күлімсірейді.)

О р ы н б а й (Үсенге). Сен өкіл қылуға Нұрыштан басқа комсомол таба алмадың ба?

Ү с е н. Табылғанда... Комсомолдың қайсысы қарап отыр, тегісінен науқанда.

О р ы н б а й. Мен саған ылғи айтпаушы ма ем: осы Нұрышың адам емес, осыны байқа деп... Әй, әйтеуір... (Кішкене ойлап.) Былай, бүгін кешке ячейканың жиылысы болады. Соған Зәуре, Досан, Үсен — баяндамаң қойылады. Әзірленініздер. Осы бейқамдық та жетер. Бұдан әрі төзуге болмайды...

 

Оныншы көрініс

 

Қысқы киімді, портфель ұстап өкіл кіреді. Бұлармен қол ұстасып амандасады.

Ө к і л. Уа, хатшысы қайсыңыз боласыз?

О р ы н б а й. Мен болам. Өзіңізді танымадық.

Ө к і л. Мен ауданнан шықтым, фамилиям — Махмұдов.

О р ы н б а й. Ә... Махмқдов жоддас! Райком инструкторы екенсіз ғой... Жаңа келдіңіз ғой... Бұдан былай таныс болармыз...

М а х м ұ д о в. Ал, жұмыстарың жақсы ма?

О р ы н б а й (күліп). Сол туралы жаңа сөйлесіп жатыр ек. Мынау Досан дейтін батырағымыз, колхоз басқармасының ағасы, мына кісі ауылдық, кеңес ағасы: мынау жастар ұясының хатшысы... Өзім, он-он бес күн болды, шеткі бір колхозымыздын жұмысы нашар болған соң, сонда кетіп ем, бүгін ячейка жиналысы болады, осы үшеуініңде баяндамасы қойылады. Жалпы жұмыспен сонда танысармыз... Жүріңіз,біздікіне барайык... (Өкіл,Орынбай, Үсен үшеуі шығады.)

 

Он бірінші көрініс

 

3 ә у р е (күліп). Ал, Досан, енді қуырады бізді.

Д о с а н. Қуырғаны жақсы. Райком адамы жақсы келді, жұмысымызды бір жөндеп берер. Пысымасақ, оңбаймыз. Орынбайдың ашуланатын жөні де бар... Сол кеткеннен бері жұмысымызды салақсытып алғанымыз рас. Осы Көдебай иттің қарасын батырсақ екен, менің берекемді алған сол. Көдебай араласып жүрген соң мүлде енжар боп...

 

Он екінші көрініс

Сұрланып Әліш кіреді.

 

Ә л і ш (сөйлей кіреді). Иттен туған.сенің малайың бар деп пе ен? Баланды ырылдатып... мен отырсам бағып... (Зәуре елемеген болады. Досан тіксіне қарайды. Төне түсіп.) Жүр тез.

3 ә у р е. Бара алмаймын, жұмысым бар.

Ә л і ш (қалшылдап). Әй, сен өзің кімге айтып отырсың?

3 ә у р е (басын көтеріп). Саған айтып отырмын, саған! Әлішке... Жаманғұл баласы Әлішке. Енді түсінген шығарсың?

Ә л і ш. Ойбай-ау, мына тегіңді... ( Ұмтыла берем дегенде Досан сыртынан қапсыра құшақтайды.) Ой, жібер деймін! Жібер! Жібер, ойбай, қолыңда өлемін!

Д о с а н. Әлеке! Бұл кеңсе. Бұл төбелестін орны емес. Өзің бері жүрші... (Есікке қарай итереді.)

Ә л і ш (тіресіп). Әй, Досан, сен менің жыныма тиме! Сенің де істеп жүргеніңді білем. Жібер қолымды!

Д о с а н. Әлеке! Сені мен де білем. Сенің қайда барып жүргеніңді де білем. Бекболаттың үйінде жасырын жиылыста болғаныңды да білем. Зәурені өлтірмек болғанынды да есітгем.

З ә у р е (шошып). Бетім-ай, Әлеке... не дейді? (Тіксіне қарайды, Әліш бәсеңсіп қалады.)

Д о с а н. Осыным шын ғой, Әлеке, ә? (Әліш төмен қарайды.) Тап осы жерің, жалтақтау-ау, Әлеке, өзің байқамай жүрсің ғой деймін. Бері жүрші, екеуміз оңаша бір сөйлесейік. (Досан есікке апара бергенде.)

3 ә у р е. Досан-ау, әлгі айтқаның рас болса, онда бұған ем қонбайды, әуреленбе.

Д о с а н. Жоқ, ем қонады. Әлекен емделуге тиіс. Әлекеңді емдейтін құдіретім бар. (Әлішті ертіп шығып кетеді. Бірсыпыра ойланып, қынжылған пішінмен  Зәуре де шығады.)

 

Он үшінші керініс

Аздан кейін Демесін мен Досмағамбет кіреді.

 

Д е м е с і н (ентігіп сөйлей кіреді). Одан айырылсақ бүлінеміз. Ол ит, ол бір ағытылса, бетің бар, жүзің бар демейді... Ол біздің не істеп жүргеніміздің бәрін біледі.

Д о с м а ғ а м б е т. Сен саспашы, адамның дәкпірін алдың ғой. (Отырып.) Солардың айтканына ере қоятынын қайдан білдің?

Д е м е с і н. Әлішті ермейді деп отырғаның ба? Ол қайбір табанды адам еді? Биыл соны ішімізге алмай-ақ қояйык дедім. Осындай бір бүлік шығаратынын сезіп ем.

Д о с м а ғ а м б е т. Асықпа, дереу бір адамды жансыз қылып жібер, не сөйлеп отырғандарын тыңдасын. Егер аналарға еріп кететін болды бар ғой, онда біз де аянбаспыз. Тез хабарын жеткізерсің.

Д е м е с і н (кейіп). Құдайдың құдіреті, сол итті үйір қылып... (Шыгады.)

 

Он төртінші көрініс

 

Д о с м а ғ а м б е т (қагазын қопсытып отырып). Райком адамы... (Күрсініп.) Апырм-ай, тым ертерек келді-ау. Бұл қайтер екен?.. Әбді мәселесінің де нақ осы кезеңде көтеріле қалғаны. (Күлімдеп.) Бірақ Әбді мәселесінен бұлар бәйге алып шыға алса... Тұзақты өздерінің мойнына іліп қойып ем ғой.

 

Он бесінші көрініс

Көдебай келеді.

 

К ө д е б а й (отырып). Ау, Әбдіні шақыртканы қалай?

Д о с м а ғ а м б е т. Досан жазалаймын деп жатыр.

К ө д е б а й. Е, түнеугүні айтқанды істемеп пе ең?

Д о с м а ғ а м б е т. Істелген. Менен жұмыс қала ма.

К ө д е б а й. Ендеше?..

Д о с м а ғ а м б е т. Шақыртып алсын. Досанның өз мойнына іле саларсыз.

К ө д е б а й (күлімдеп). Бәсе...

Д о с м а ғ а м б е т. Әлгі Әліштің былғандап жүргенін есіттіңіз бе?

К ө д е б а й. Ешқайда бармайды, қорықпа. Мамықты жібердім, үйге шақыртып алып сөйлесемін. Кетпейтін қылып аяғын шырмаймын. Оның амалы қолымда... Өзің отырма, райком келіпті ғой, соның маңында бол: не айтар екен? Ыңғайы қалай болар екен? Күн бұрын біліп отырайық. Ел өз қолымызда. Шайқап қалу керек! Әбдіні сөз қылғандары жақсы. «Қалқозшыларға жоспар бер» деген қағазға Досанның қолын қойдырған болсаң, осы райкомның алдында соны мойнына сал. Куә керек болса, мені, Демесінді, тағы біреулерді көрсет. Мүдіретін жердін бірі осы, енді қапы болма...

Шымылдық.

 

ҮШІНШІ СУРЕТ

 

Колхоз басқармасының үйі. Шеткі үстелде Орынбай, оның жанында Махмұдов. Ортадағы үлкен үстелді жағалай отырған; Зәуре, Алтынай, Үсен, Досан, Дәуіт, Жетпіс, Досмағамбет, Ержан, Таңатаров (комсомол.) Тағы бір-екі комсомол. Шымылдық ашылғанда Досан сөйлеп тұрады.

 

Бірінші керініс

 

Д о с а н. Мен өтірігінді білмеймін. Мен шынын айтам. Райком өкілі жолдастың айтқанының бәрі рас: оңшылдық та бізде, байшылдық та бізде. Соның бәрі бізде. Байға қарсымыз деп құр айқай сала беріппіз, бірақ сонымызды іспен көрсетпекпіз. Мына жолдас Махмұдов дұрыс айтады... Мен биыл Көдебайды колхоз маңына жуытпайық дедім. Кедебайдың жайын осы отырғанның бәрі біледі. Сонда «алу керек» деп өршеленген мынау Досмағамбет.

Д о с м а ғ а м б е т. Бәрін де маған жауып қал.

Д о с а н. Жабатынын жабармыз. Шын коммунист болсаң, қатанды мойныңа ал. Аталас деп бүйрегіңнің бұруы рас. Оның несін жасырасың?.. Бұл қатадан біздің Зәуре жеңгей де сау емес, Көдебайды алуда ол кісінің де ымырашылдығы болды. Сосын... әлгі Әбді туралы. Әбдінің елге істегенін айтып, жағаларынды ұстап отырсындар. Әбдінің кім екенін бәрің де білесіндер: ол бұрынғы Бекболаттың молдасы, ол Бекболаттың қарғылы тазысы! Соған адам жұмыс тапсырар ма? Зәуре соны елге шығарайын деп жатқанда, мен ойбайды салғам... Осыным өтірік пе еді, Зәуре? (Зәуре үндемейді.)

Д о с м а ғ а м б е т. Тым ақтала берме, өзіңде себеп болғансың.

Д о с а н (тіксіне қарап). Не үшін айтып отырғанынды білем. (Сөзіне кірісіп.) Сосын мына кісінің: «Көпшілікке басшылық жұмысы көңілдегідей болмаған» дегені дұп-дұрыс. Дұрыстап бастасақ, осылай болар ма еді?.. Кеше өз еркімен таласып кірген жұрт еді, бүгін жоқты сылтау қылып бірсыпырасы толқып тұр...

О р ы н б а й. Қорытып айт.

Д о с а н. Қорытып айтсам, Бекболат, Нұрымдарды кедейлер тобының қаулысымен жөндеу керек. Колхозға тазарту жүргізу керек. Көдебайлар колхоздың маңынан жүрмейтін болсын!

О р ы н б а й. Тағы кім сөйлейді?

Д о с м а ғ а м б е т өз алып). Жолдастар! Махмұдов жолдастың сөзіне мен түгелімен қосылам: байларды, атқамінерлерді аластау керек! Бірін қалдырмау керек!

Д о с а н. Кім екенін атап айтшы.

Д о с м а ғ а м б е т. Атап айтпаған жерім жоқ, мен, ылғи айтып келем. Әлдеқашан соларды бітіру керек дегем. Ымырашылдықтан біздің басқармамыз да сау емес. Досан жолдас біреуді кінәлап сөйлеуге ғана шебер. Бекболатты кәнпескелеу керек деп мен әлдеқашан айтқан жоқпын ба?

Д о с а н. Қашан айттың екен ойлашы?

Д о с м а ғ а м б е т. Әбдінің күнәсына Досан да ортақ. Әбдіні мен ақтамаймын. (Жұрт бажырайып қарип қалады.) Бірақ осы жолы ол өз бетімен жұмыс істеген жоқ,  Досанның көрсетуімен істеді.

Д о с а н. Әй, сен шатасып тұрсың! Мен  жоспар бер деп айтыппын ба?

Д о с м а ғ а м б е т. Айтқан шығарсың, ұмытпа. Ауызбен де айтқан шығарсың, қағазбен де айтқан шығарсың. Онын бәрі де анықталады ғой...

Д о с а н. Ау, мынау ит не деп тұр?

Д о с м а ғ а м б е т. Менің айтатыным: байларды, байшыддарды, олардың ымырашылдарын кұртпай, солардың тамырына балта шаппай, біз көз ашпаймыз! Құрысын жауыздар!.. (Орнына отырады.)

3 ә у р е (сөз сұрап алып). Мына кісінің (Махмұдовты көрсетіп) айтқан сөзінің бәрі рас. Бізде кемшілік көп болды, енді соны жою керек. Сосын, жаңа мына хатшының сөзі.. Әбдінің күнәсына Досанды ортақ деуі барып тұрған жала. Досан ондай нұсқау берген жоқ.

Д о с м а ғ а м б е т. Асықпаңыз, документпен анықтармыз.

3 ә у р е. Қой, өтірікпен қаралама. Сондай сөзді ауызың барып неғып айтасың? Байларға жоспар бер десе, оны қысып орындат десе ол өз алдына, үйтіп нақақтан күйдірмеу керек.

Ү с е н өз алып). Досан аға бәріміздің ортамызда жүр. Бізбен кеңеспей жұмыс істеген жері жоқ. Досмағамбеттікі шыли жала. Документ дейді... Онысын да көрерміз. Осы айтқаны қызық. Өзін тез зерттеу керек: кімнің қолымен жазылды екен? Мұнда бір үлкен сыр болып жүрмесін?! Сосын... Комсомолдар ұйымы бұл науқанда өз міндеттерін бірсыпыра орындаған болды. Әрине, кемшілік те жоқ емес... Әйтеуір, партия ұясының басшылығымен істеп отырдық: байлардың өтірік өсегіне қарсы үгіт жүргізуде, тұқым жинауында, коллектив жұмысын оңдасуда біз партия ұйымынан қолқанаттығымызды аяғамыз жоқ, бұдан былай да партия басшылығында отырып, Ленин комсомолы өз міндетін орындауға тырысады деп сенім берем. (Отырады.)

А л т ы н а й (сөз алып). Мына қисық аяқтың (Досмағамбетті көрсетіп) айтып тұрғаны мүлде етірік. Досан байғұсты дұрысына күйдірсейші. Бетім-ау, Досан тірі болып кедейді қыспаққа салушы ма еді?

Д о с м а ғ а м б е т. Құрдасың ғой, қорғап қал.

А л т ы н а й (қыза). Қорғамай... Байлардың қолына құрбандыкқа шалғызар деп пе ең? Жөргекте соғып кеткен тәлтік молда емес пе еді, оның ісін Досанға таңып...

О р ы н б а й. Жарайды, болдың ба?

А л т ы н а й (Орынбайға). Байғұс-ай, не болды? Айтайын деп тұрған сөзімді ұмыттырдың ғой... (Жұрт күледі.)

Е р ж а н. Келін, байлар туралы айт!

А л т ы н а й. Байлардың бізге көрсетпегені жоқ. Өткен өмірімізге құлдығында келгеміз. Енді қарасын батырындар! Аттарын атамаушы ем, енді атайыншы: Бекболатын, Нұрымын, Көдебайын, ана мырзасын, Есен ақынын — біреуін де қалдырмау керек. (Жұрт қол ұрады,  Алтынай отырады.)

О р ы н б а й. Басқа сөйлеуші жоқ қой? Қорытынды сөз жолдас Махмұдовқа беріледі.

М а х м ұ д о в. Жалпы жұмыстарыңызбен таныса келе мен мынадай қортындыға келдім: бірсыпыра табыстарыңыз бар: колхоз ұйыстырыпсыңдар, егіске әзірліктерің жаман емес, кедей-батырақтардың арасынан жақсы-жақсы белсенділер шығарыпсыңдар... Бірақ мұнымен қанағаттануға болмайды. Осы басталған жұмысты терендету үшін жұмысқа большевиктік жігер, екпін беру керек; бұл жөніндегі партия нұсқауын толық жүзеге асырып, осының маңына көпшілікті үйірілте білу керек.. Мен бұл ауданға жаңадан келген адаммын ғой. Жаңа танысып отырмын: жұмыстарыңызда бірсыпыра ірі саяси кемшіліктер бар. Байға салған жоспарды қысып, оларды ауыздықтай білу, олардың үгітіне жол бермеу, жұмысқа кедергі туғызса, кедей-батырақ жиылысының қаулысымен олардың қылмысын ашып, көпшілік арасында түсінік беру — міне, осы сияқты керекті жұмыстардың бәрі де бір түрлі босаң, тарқау қала берген... Осының салдарынан колхоз арасында толып жатқан көңілсіздіктер, бұлтақтаулар туып отыр. «Санын қума, сапасына көз сал», — деп партия ерте-ақ айтқан. Он шақты үйді Көдебай колхозға жібермей отыр екен деп, соның үшін әйгілі атқамінерді колхозға алу барып тұрган саяси қате! Бұл қатесін колхоз басқармасы тезінен жөндеу керек. Баймен ауыл үй отырып жұмыс істеуге болмайтындығын, байға шабуылды күшейтудің керектігін міне осыдан білесіздер. Кедей-батыраққа басшылықты күшейтіңдер! Олардың арасында тәрбие жұмысын күшейтіңдер! Өз қатарларынды да абайлаңдар: байлардың агенті кіріп кетіп іріткі салып жүрмесін. Байшылдықпен, оңшылдықпен, ымырашылдықпен аяусыз күресіңдер! Большевиктік қырағылықтарыңды күшейтіндер! Сөз ақырында айтатыным — Әбдінің күнәсына ортақ деп мына жолдас Досан туралы бір нәрсе көңірсітті. Мұны тез анықтаңдар. Іштеріндегі хатқа жүйрік, интеллигент пішінді осы хатшыларың көрінеді. Бұл кісінің қандай дәлелі бар екен. Досан шынымен кінәлі ма — мұны партия ұясы тез ашу керек!.. (Отырады. Қол шапалақтау.)

 

Екінші көрініс

 

Ә л і ш (күлімдеп Зәуренің жанна келіп). Баланы емізіп бересің бе?

3 ә у р е (баланың бетін ашып, күліп). Қазір тараймыз, үйге барған соң емізермін... (Баласына сөйлеп тұрады. Әліш Досмағамбетке қарай қалады.)

Ә л і ш (Зәуреге). Досмағамбет те сендердің партия жиылыстарыңда бола ма?

3 ә у р е. Партияға кандидат қой, неге болмасын

Ә л і ш. Ым-м-м... (Басын шұлғиды.)

3 ә у р е (Әлішке қарай қалып.) Неге?

Досмағамбет қағаз жазып жатқан күйі басын көтеріп, сұрланып Әлішке қарайды. Бәрі де шығады. Әлішті қолтықтап Зәуре де шығады.

 

Үшінші көрініс

 

Д о с м а ғ а м б е т (басын көтеріп, күрсініп). Күрестің күштісі енді басталды. Жеңілсек мерт болғанымыз. Ә, Әліш ит! Ішімізге кіріп алып... Енді көрдің бе? (Ойланып.) Жоқ, Көдекеңе жолықпай болмайды. Бұл асқынатын әңгіме. Бұл қаулайын деп тұрған өрт! Мұны сөндірмесек, өлгеніміз!.. (Асғып шығады.)

Шымылдық.

 

ТӨРТІНШІ ПЕРДЕ

   БІРІНШІ СУРЕТ

 

Сәуір іші. Інір. Ауылдың қотаны. Сахнаның төрінде сарайдың есігі. Аузында құлып. Сарайдың бір жағында трактор, соқа, сайман; екінші жағында қаптаған астық, тұқым тазартқыш, шымылдық ашылғанда сарайдың алдында үстел қойып Демесін отьгр, алдында шот; оң жағында телміріп Көдебай отыр. Екеуі қызу сөйлесіп отырады.

 

Бірінші көрініс

Демесін мен Көдебай.

 

К ө д е б а й. Сен қорықпа. «Балта көтергенше, дөңбек жол табады» деген. Қазір партиясы болып жатыр. Кешке кедейлер тобының жиылысы. Бекболат пен Нұрымға түйлігетін түрлері бар, кәнпескелей берсін. Бірақ тұқымы төленбесе, соттап жібереді. Сотқа ілінбейтін қылайық: «тұқымын төлеп бітірді» деп справка бер. Есеп өз қолыңда, несінен қорқасың? Құдай сәтін берсе, бір жөні болмас па екен. Қалкоздан шығуға ерікті дегенді естіп жұрттың өзі кешеден бері толқи бастады ғой, сәті болса, тоз-тозын шығарып жіберуден де тайынбаспыз... ондай күн болса, сенен есеп алатын кім бар? Сүйт, білдің бе?

Д е м е с і н. Апырм-ай, Көдеке... Осындай қысатыныңызды біліп ем... бүйтетін болғанда түнеугі астықты бекер тараттық.

К ө д е б а й. Сөзді қой. Жетеді. (Күлімсіреп.) Одан зиян көрдің бе: сол астықты сатып үй ішің мұздай киініп алды. Мұндайда бүркей алмасақ, біздің адам болғанымыз қайсы?.. Сарайдың кілтін оқта-санда Ержан мен Құсайынның қолына беріп қой, қысылсақ соларға жаба салармыз.

Д е м е с і н. Солай-ау... Әйтеуір, сізге сүйеніп істеп жатырмын...

К ө д е б а й. Істей бер. Досанын мүдіртуге жақындаттым. Амандық болса, Сүйіндік қара тұкымын колхоздан ысырып шығарып, тізгінді Досмағамбеттің қолына алып беремін. (Көдебай кетеді.)

 

Екінші көрініс

 

Д е м е с і н (шотты қагып отырады). Күркебай жиырма бес пұт астықты берген жоқ, оны берді деп жаздым. Жиырма бес пұт кел... Мына Бекең мен Нұрымның толтырмағаны жүз отыз пұт. Мұны қосқанда болады — жүз елу бес пұт. Қырық пұт астықты Кәстекенің базарына жөнелттік, мұны қосқанда болады — жүз тоқсан бес пұт, төрт пұт бидайды Көдекеңе бердім. Сонда болады  жүз тоқсан тоғыз... Биқасап та үш-төрт пұт астық бар деп еді. Өзі тым көбейіп бара жатыр-ау... (Ойланып.) Қалай болып кетер екен... Достасқан адамын Көдекеңнің орға жығып кететін де өнері болушы еді. Біреу айтып қойса ғой, күл-талқаным шыққаны... Екі-үш күннен бері Досан маған оқты көзін қадайтын болыпты. (Ойланып, жігерленіп орнынан тұрады.) Боқ та қыла алмайды. Досан алдымен өз басын аршып алсын. Көдекең тұзақты сала біледі... Тұқым жиналғалы Ержан мен Құсайынның қолына бес-алты рет сарайдың кілтін бердім. Өлсем соларды бірге ала өлем... (Кінешкесін қойнына тығып, шығады. Сахна бірсыпыра бос. Мамық, Ырысты, Қалампыр келе жатады. Қалампыр мен Ырыстының қолында шелек.)

 

Үшінші көрініс

Мамық, Ырысты, Қалампыр.

 

Ы р ы с т ы. Солай ма екен, шешей-ау?

М а м ы қ. Осыларды басқаратын бір үлкен төресі бар екен ғой, сол айтыпты дейді «қазақтарды салхоз бол деп қыспасын» деп айтыпты дейді; «қазақтардың дініне тимесін» деп айтыпты дсйді; «оларға тиген адамды ұстап түрмеге жапсын» деп айтыпты дейді... (Тыржиып.) Осындағы кәмөнес болғандар қысылып жатыр білем... (Дәрікүл келе жатады. Мамық сөзін бөліп, шеттей береді.)

 

Төртінші көрініс

 

Д ә р і к ү л (Мамыққа қадала қарап). Сен қатын мұнда қайдан жүрсін?

М а м ы қ. Байғұс-ай, қойшы, абысын-ажын емес пе ек, мені көрсең кірпідей жиырылып боласың.

Д ә р і к ү л. Керек емес сөзің! Сен бір қай дұрыстыққа жүруші ең? Тағы бір пәлені еккелі жүрсің ғой...

М а м ы қ. Мен екпесем де егілер.

Д ә р і к ү л. Егілмейді! Еккізбейміз!.. Үйтіп пәле егуінді қоймасаң, күліңді көкке ұшырамыз, білдің бе?

М а м ы қ. Қойдық, қойдық... Сенімен сөз таластыратын заман қайда!

Д ә р і к ү л (Қалампырға үйіріліп). Суға бара жатыр ма едіндер, жүр, мен де бірге барайын... Балалар бәстесіп жұмыс істеп жатыр. Менің Дәуіт қарағым, сенің байың, Иван үшеуі темір соғып жатыр. Оларға да барамыз. ( Үшеуі сөйлесіп шығады.)

 

Бесінші көрініс

 

М а м ы қ (бұртиып). Осы салдақы-ақ өрісімді тарылтып болды-ау. Менің жүрген жерімді андитын болыпты... (Ызаланып.) Менен асып түскенін көрермін!.. (Көтеріле түсіп.) Ол күң болып жүргенде, мен Мамық бәйбіше атанған кісімін. Қырқылғыр тілім қырқылмаса талай саққа жүгіртермін әлі! (Ақсаңдап шығады. Сахна бос. Жұмыс істеп жатқан адамдардың шаң-шұң даусы. Шақылдаған балға... Мөңіреген сиыр. «Ауқаулаған» әйел... Көп адамның қосылып айтқан әні.)

«Большевиктік егіске аттанамыз,

«Шын большевик, ер»

деген атты аламыз.

Тап майданын күзетіп кірпік қақпай,

Тап жауына шабамыз, сақтанамыз.

Бай-құлақты аластап малша қуып,

Майдандастық тап болып белді буып,

Біздің қатар— болаттай берік қатар,

Қолыңды тарт: қанды қол, келме жуық!..»

Сахна сыртында дабырлаған сөз, күлкі, сахнаға жұмыстан қайтқан колхозшылар шығады: Досан, Усен, Дәуіт, Ержан, Жетпіс, Алтынай, Дәрікүл, Қалампыр... Досан бәрінің ортасында, сөйлесіп, өзара күлісіп шығады.

 

Алтыншы көрініс

 

Д о с а н (дауыстап). Жігіттер! Мен сендерге бірдеме айтпақшы ем-ау... Осы ғой біз етек-жеңімізді жинадық, енді сүрінбей жұмысымызды аяқтап шығамыз ба?

Д ә у і т. Е, ол не дегенің?

Ж е т п і с. Сен осы сондай сөзінді қойшы.

Ерж а н. Е, бәсе...

Д о с а н. Ендеше, жұмысымызды орындап шығатындығымызды айтып партия мен үкіметке серт берсек деймін.

Б ә р і. Береміз сертті, береміз!

Д о с а н. Сен, қарағым, әлгі қағазды оқышы.

Ү с е н (ортаға шығып қоғазды алып оқиды):

РАПОРТ

«Алматы, Крайком мен Совнаркомге

Біз, «Исаев» атындағы колхоз, большевиктік егіске шын большевикше әзірлік істеп, жоспарымызды артығымен орындап шығатындығымызға партия мен үкіметті сендіреміз. Тап жауына қарсы аянбай күрес салып, барлық жұмысымызды «Бесжылдықты төрт жылда орындау» ұранымен атқарамыз. Осыған сертімізді береміз.

Колхоз басқармасынын ағасы: Досан Қалабаев».

Б ә р і (алақан ұрып). Дұрыс!.. Дұрыс!.. Береміз сертті!

А л т ы н а й. Ау, кұр серт береміз дегенше, қалай орындайтындарыңды айтсаңдар болмай ма?

Е р ж а н. Бәсе, сол дұрыс болар еді-ау.

Ү с е н. Алтынай жеңешем тауып айтты: біз осыған «өзімізлі екпінді деп жариялаймыз» деген сөзді қосайық. Қанша тұқым жинағанымызды, қанша күшіміз барын — бәрін де атап жазайық.

Д ә у і т (қалын көтеріп). Ау, ендеше бар ғой, екпінді бригад құрайық, соны да жазындар.

Б ә р і (дауыстап). Дұрыс, жазыңдар!

Екпіндіге мені жазшы!

Мен де жазылам!

Менде!

Мен де! (Дабыр сөз, күлкі.)

Д о с а н (дауыстап). Ау, бүгін күзетке кім тұрушы еді?

Д ә у і т. Бүгін Әлекеңнің кезегі.

Д о с а н. Әлеке! Әлеке! (Жымың етіп Әліш кіреді. Жұрт күліп қарап тұрады.) Бүгін сіздің кезегіңіз дейді, күзетке шығарсыз.

Ә л і ш. Мен дайын, қарақтарым, жаман ағаларыңды жөнге салып, пайдаланыңдар.

Д о с а н (күлімсіреп). Дәуіт! Әлекеңді ертіп апарып, қолына мылтық бер. Қалай күзететін тәртібін үйрет.

Д ә у і т. Жүр, Әлеке! (Бұл екеуі шығады. Өзара сөйлесіп басқалары да шығады. Сахна бірсырыра бос. Досмағамбетті ортаға алып Көдебай мен Демесін келеді.)

 

Жетінші көрініс

Көдебай, Демесін, Досмағамбет.

 

К ө д е б а й (ынтығып қарап). Ал, не айтты дейсің?

Д о с м а ғ а м б е т (сылқ етіп үстелге отырып). Сұрамаңыз, жаман, біз бүлінетін шығармыз! (Басын көтеріп.) Бекболат пен Нұрымды конфискелеп, сотқа бермек... (Көдебайға.) Сізді, мына Демесінді колхоздан шығармақ... Әбдіге жазған қағазды менің мойныма аударатын...

К ө д е б а й. Айтпадың ба? Досанның қол қойғанын мойындатпадың ба?

Д о с м а ғ а м б е т. Әңгіме қолда емес. Менің сіздермен араласып жүргенімді біреу айтып қоймаса деймін.

Д е м е с і н. Ол қандай ит екен?

Д о с м а ғ а м б е т. Ол — Әліш болу керек!

К ө д е б а й. Д е м е с і н (бірден) Әліш?.. (Бір-біріне қарайды.)

Д о с м а ғ а м б е т (Демесінге). Сені тұқыім ұрлап сатты деп айтыпты...

Д е м е с і н. Қап, тегіңді ұрайын-ай!

К ө д е б а й. Әліш... Әліш... Апырм-ай, кеше ғана сейлесіп ем... Не болды. Тоба?!. (Басын шайқап тұрады.) Жүріндер, Бекеңе жолығып көрейік. Жан алқымға келіппіз ғой, енді не тұрыс бар?!. (Ең алдында Көдебай, үшеуі бірінің артынан бірі шұбап сахнадан шығады.)

Шымылдық.

 

ЕКІНШІ СУРЕТ

 

Бірінші суреттегі сахна. Шымылдық ашылғанда винтовканы асынып, сарайды қарауылдап, Әліш ерсілі-қарсылы журеді.

 

Бірінші көрініс

 

Ә л і ш (сахнаның орта шеніндегі орындыққа отырып, мылтпықты қолына алады. Айналдырып қарап, күлімсіреп). Қызық-ау өзі! Менің де мылтық ұстағаным-ау, ә? Осыны қалай атуын мана үйретіп жатыр еді-ау... (Құлағын ұстап қарайды.) Жасаулы тұр еді, атып алар ма екем?.. (Құлағын қайырып, қайта жабады. Кенет ойланып.) Ойпырм-ау, құлағын ашса оқ өзегіне барып үлгіреді деп еді. (Шүріппесін басып.) Мынаны тартып қалсам ғой, гүрс ете қалады. (Жан-жағына қаранып.) Мықты жанжал болды-ау, мұны кімге дұрыстатып алсам екен? (Дауыстап.) Кім бар, әй?!. Бері келіңдерші.

 

Екінші көрініс

Дәуіт келеді.

 

Д ә у і т. Жай шақырдыңыз ба, Әлеке?

Ә л і ш (күлімсіреп). Ойбай-ау, мынауыңды бүлдіріп алдым ғой, оқ өзегіне кетіп қалды.

Д ә у і т (күліп). Әлеке-ау, аңқаулықты тастасайшы енді. (Оғын жөндеп беріп жатып.) Мылтықты атуды үйреніп алыңыз, әлі талай күзет кездесер.

Ә л і ш. Үйренсм ғой, қарағым. Бұрын қолға ұстауға қорқушы ем, енді ұстап тұрған жоқпын ба?

Д ә у і т. Мен азырақ ұйықтап келейін, сосын сіздің орныңызға тұрармын. (Кетуге ыңғайланады.)

Ә л і ш. Әй, ұйқың қанады ғой, азырақ әңгімелессек қайтеді?

Д ә у і т. Не туралы? (Күлімсіреп тұрады.)

Ә л і ш. Не туралы дейсің бе? Өзің бері келіп отыршы... мына жерге отыр. (Дәуіт жанына келіп отырады.) Осы біз ғой қалқоз болып жатырмыз. Түбінде осы біз не боламыз?

Д ә у і т. Біз бе? Біз қазір бірлесіп шаруашылық жүргіземіз. Шаруашылығымызды білімнің жаңа жолына саламыз. Сүйтіп, өсіп, күшейе келе коммуна боламыз.

Ә л і ш. Е, коммуна боламыз дейсің бе? Оның қалай болғаны?

Д ә у і т. Коммунаны көріп келдім ғой. Шын тұрмыс әне, солардікі! Ойпырм-ай, көрсең, таңданасың: мыңнан аса адам бірігіп еңбек сіңіріп отыр. Қабат-қабат салып тастаған үйлер, ұзыннан-ұзақ созылған малдың сарайлары. Малдарының бір-біреуі үш-төрт мың сом тұрады. Машина дегеніңе көз тұнады: трактор дейсің бе, комбайн дейсің бе...

Ә л і ш. Е... Міне, қызык!.. Әлгі комбайының не,о да трактор ма?

Д ә у і т. Комбайн дейтін машиненің ең ірісі. Ол егінді әрі орады, әрі баулайды, әрі басып, қапшыққа салып бсреді.

Ә л і ш. Ойпырм-ай, ә... Біз көрмеген қызық көп екен ғой.

Д ә у і т. Еңбек сіңіре берсек, біз де жетеміз соған!

Ә л і ш. Солай-ау, а? Соған жетсек екен! (Ойланып.) Әй, мен бірдеме сұрайын, айтасың ба?

Д ә у і т. Айтайын.

Ә л і ш. Бірақ сен шынынды айт.

Д ә у і т (күліп). Әлеке-ау, мен сізге өтірік айтамын ба?

Ә л і ш (жақындай түсіп). Әлгі... (кідіріп) әлгі... «нөмір» деген не, сол бар ма екен онда?

Д ә у і т. Қонақ түсетін бе?

Ә л і ш. Жоқ, тәйірі, әлгі... Әйелдерді нөмірлеуді айтам.

Д ә у і т (қа-қа-қалап күледі). Ойбай, Әлеке-ау, әлі нанып жүр ме едің? Ол байлардың әдейі таратып жүрген өсегі еді ғой.

Ә л і ш (күлімсіреп). Өзі шын солай ма екен?

Д ә у і т. ОйбаЙ-ау, тіпті бала нанбайтын сөз ғой.

Ә л і ш. Ылайым солай болсыншы. (Күлімсіреп отырып.) Әй, мұны сұрағанымды сен біздің үйдегі жеңгеңе айтып қойып жүрме, ел есітсе, мазақ қылып болады. (Ойланып.) Сен қалай қарайсың: мен осы партиясына да кірсем бе деп жүрмін.

Д ә у і т. Мұның тапқан ақыл, Әлеке, Зәуре де партия мүшесі. Бірге жүріп, қол ұстасып жұмыс істейсіндер.

Ә л і ш. Солай ма? Менің ақылым түстен кейін енетін адаммын ғой. Талай адастым да, қалқозшылардың бетіне қарай алмайтан да болып жүрмін. Әй, атаңа нәлет байлар-ай, салып ең-ау ыланды!.. Аңқаулығым ғой,солардың тұзағына ілігіп қалғанымды да білмеймін. Орынбай мен Досанның арқасында, әйтеуір жол таптым.

Д ә у і т.«Адасқанның айыбы жоқ, қайтып үйірін тапқан соң» деген ғой.

Ә л і ш. Сол, сол... (Керіліп.) Ал, ұйықтаймын десең бар. Мен жүре тұрайын. (Дәуіт кетеді, Әліш мылтығын иығына асып, кілеттің алдында ерсілі-қарсылы бірсыпыра жүреді. Бір кезде дауыстап өлең айтады.)

«Көз екен аңдысқан жау майдандасқан,

Бас пайда, тыныштыққа айланбастан.

Сен дағы майдан ері бол деген соң.

Серт бердім, сәулем, саған, ойланбастан!

Майданның, міне, мен де ері болдым,

Тұратын жауға қарсы белі болдым.

Мен әзір: қолда мылтық, қойында оқ,

Шетіне жау қарасын келіп едің!..

 

Соңғы ауыз өленді айтып, сарайдың сыртын оралып кетеді. Сахна бос. Ептеп басып Демесін мен Әбді келеді. Демесіннің қолында кіндік.

 

Үшінші көрініс

Әбді мен Демесін.

 

Д е м е с і н (кіндікті білемдеп). Ә, бәлем!.. Сен-ақ қылып едің?

Ә б д і (қалтыранып, Демесінді иықтан тартып). Әй, мылтықпен атып, масқарамызды шығармас па екен?

Д е м ес і н. Қой, адамның ойын бөлме. «Екі молда бір кісі, бір молда жарты кісі деп... Қорқарың бар, неге еріп келдің?

Ә б д і. Жоқ-ау, қорыққандық емес, түбінде біздің өлтіргенімізді біліп қойып жүрсе...

Д е м е с і н. Білсе ше?.. Бізді қай бір маңдайымыздан сипап отыр? Тегін ұрып, бұлардың біразының қанын ұрттамай Демесін құламас. Мен таяғымды да ала өлетін адаммын! (Әліштің ән салған даусы естіледі. Екеуі тығылып тұра қалады.)

Мен емес серттен тайып сыр беретін,

Іс етпен сүйегіме мін келетін.

(Сахнаға шығып.)

Майданда сәулемменен серіктесіп,

Кез келді  қол ұстасып бірге өлетін...

(Мылтығына сүйеніп, көпке қарап сахнаның ортасында тұрады.)

 

Төртінші көрініс

 

Ә л і ш (ойланып). Соным дұрыс болар, ә?.. Бірсыпыра бұлтақтадым. Масқара жұмыстар да істей жаздадым. Жаман адастым... Мені адам қылған Досан мен Зәуре ғой. Олардан бөлектенуімнің не жөні бар?.. Не көрсем бірге көрейін... (Ойланып, жымыңдап.) «Партияға кіретін болдым, жаз арызды!»—десем, қатынның төбесі көкке екі-ақ елі тимес-ау. (Демесін ептеп басып, кіндікті білемдеп келе жатады.) Партия мүшесі боп, партияның айтқанын істеп отырсам, қатынмен қол ұстасып жүріп жұмыс істесем!.. Апырм-ау, не деген қызық!.. Мен осыны осы күнге шейін қалай сезбей жүргем?!. Әй, байлар-ай!.. (дей бергенде Демесін қос қолдап кіндікпен желкесінен салып жібереді. Әліш мылтықты құшақтай етпетінен түседі. «Ойбай, жауыздар!» — деген бір әйелдің даусы естіледі. Демесіндер апалақтап, кіндікті тастай жүгіреді. Сахнаға сұрланып екі қолын көтеріп Пүліш шығады. Демесін шыға бергенде тоқтап Пүлішті көріп.)

Д е м е с і н. Қап!.. Мынаны жайратып кетпесек, бүлінеміз! ( Ұмтыла берем дегенде дауыс естіледі.)

Д а у ы с. Әлеке! Ау, Әлеке!..

Демесін мен Әбді «қап» деп кіжініп, Әбді сүйретіліп тапыр-тұпыр қаша жөнеледі.

П ү л і ш. Жауыздар!.. Қанішерлер!.. Өлтірді сорлыны.

Д а у ы с. Әлеке-ау, неге үндемейсіз?..

П ү л і ш (селт етіп). Досан!..Досанның даусы!.. Менен көріп жүрсе қайтем. (Сарайды орана беріп жасырынады.)

 

Бесінші көрініс

Досан келеді.

 

Д о с а н. Әлеке-ау, қайда кеттіңіз? (Сахнаға шығьт, жан-жағына қаранганда, көріп қалып, ұмтыла түсіп, тұрып қалады.) Ойпырым-ай, мұнысы не? (Сұрланып, ақырын басып жанына келеді. Иығынан қозғайды.) Әлеке, Әлеке, сізге не болды?.. (жүгініп отырып, басын көтеріп қарайды. Көпке қарап.) Өліпті! Аяулы құрбан! Қаруын құшақтай құлапты!.. Майдан деген шын екен. Шын майдан екен... (Қамығып бірсыпыра отырады. Бір кезде дауыстап.) Орынбай!.. Бармысың?! Уа, Зәуре!.. (Сахнаның бір жағынан Зәуре, бір жағынан Орынбай шыға келеді.)

 

Алтыншы көрініс

 

О р ы н б а й (үрейлене). О не?

3 ә у р е (жүгіре басып келіп, аңтарылып тұрып қалады) Ай, бұ не? (Иығы түсіп, басы салбырап, ақырын басып, Әліштің бас жағына жүгіне отырып, Әліштің басын тізесіне салып, бетінен сипап отырып жылайды.)

Д о с а н (жыламсырап). Зәуре! Жылама!.. (Өзі еңкілдеп жылап жібереді. Орынбай сазарып бірсыпыра тұрып, жердегі кіндікті алады. Кіндікті айналдырып қарайды. Біресе кіндікке, біресе Досанға қарайды.)

3 ә у р е (жылап отырып). Кұрбан! Тап күресінің құрбаны. Адасып ең, жолынды жаңа тауып ең. Бүгін қолыңа мылтық ұстағаныңда... «Ақтық қаным қалғанша байлармен күресіп өлемін!» деп сертіңді беріп ең... Құралың сау, өзің өлік! Қандай ғана жауыз екен? (Булығып жылап тоқталады. Сахна сыртында дабырлаған дауыс.)

Д а у ы с. Әй, о не?

Айғайлаған кім?

Не болды, ау?..

 

Жетінші көрініс

Сахнаның тұс-тұсынан аңдап: Үсен, Имаш, Дәуіт, Демесін, Алтынай,    Дәрікүл, Мамык, Күркебай шығады. Танымайтын терт-бес жігіт, терт-бес әйел; бәрі шошынып, салбырап, қамығып, кейбіреулері жылап тұрады.

 

М а м ы қ (ойбай салып жылап). Қарағым төрежан-ай, қадырынды білмеді-ау... (Келе аяғын құшақтайды.)

Д е м е с і н. Сорлым, сорлым. Өлдің бе... Өлтірді ме? (Жылап, аяқ жағында отырады.)

Д ә р і к ү л. Тәйт әрі, сендерді кім шақырды?

М а м ы қ (дауыстап жылап). Қалқам-ау, сенің өлігінді де қимайын деді бізге.

Д е м е с і н (Орынбайдың қалындағы кіндікті айналдырып қарап). Ойбай-ай, Досанның кіндігі ғой!.. (Жұрт тіксіне қарайды. Досан да басын көтереді. Демесін шойқаңдап кіндікті Досанға беріп.) Міне, міне, сенің кіндігің. Биылғы белі сынатын ағаш арбаның кіндігі... (Досан кіндікті ұстап, үндей алмай отырады.)

М а м ы қ. Шіркін, қара жүрек!..

И м а ш. Кімді айтасың? (Мамық үндемейді.)

Д е м е с і н (жұртты айнала беріп). Тегінді ұрайын... Арадағы өкпе аразға бола кісі өлтіріп... Маркұмның өзі де айтып жүруші еді. Мен осыны сезетін ем ғой.

К ү р к е б а й. Әй, о кім? Айтсайшы енді! (Демесіннің соңынан қалмайды.)

Д е м е с і н (Күркебайға оңашалап). Неге тұрсың аузынды ашып, өлтірген Досан!

А л т ы н а й (Дәрікүлді түртіп). Шешей-ай, мұны не деп түсінеміз?

М а м ы қ. Не деп түсінейін деп едіндер? (Досан басын көтеріп, жұртқа жағалай қарайды.) Не деп түсінеміз?..

Д о с а н. Кіндік менікі. Біраұ ойласандаршы: мен... мен... мен... (Жылап жібереді.) Мен Әлішті өлтірермін бе?

Д е м е с і н. Ақталма! Білеміз! Қара жүрек!.. Тегінді ұрайын...

И м а ш. Қойсайшы, Демесін!

Д е м е с і н (өжеленіп). Неге қоям? Әлішпен аталаспын. Сендерден көрі маған батады күйігі. Тегіңді ұрайын...

Жұрттың бәрі Орынбайға қарайды. Орынбай бірсыпыра үндемей тұрады.

М а м ы қ (Зәуреге қарап). Беті тілінгір, не бетімен жылайды екен? Қанын ұрттаймын деп айтады деп еді, ұрттады ақыр.

Д е м е с і н. Бірін-бірі қолдауын көрдін бе? Көрермін осыдан құтылғанын!..

О р ы н б а й (басын көтеріп, Демесінге қарайды, Демесін айналып кетеді). Жігіттер! Дағдармандар, үйге алып жүріндер. Кім өлтіргенін табармыз. Табылады. (Демесінге қарап.) Досан адам өлтірмейді, олай деп шатаспаңдар! (Үш-төрт адам Әлішті көтереді. Дарікүл мен Алтынай Зәурені қолтықтайды. Дәуіт Досанды қолтықтайды. Бұлар шыға бергенде, Мамық дауыстап.)

М а м ы қ. Қалқам, төрежан! Бақыл бол! Сүйегіңді де билетпеді бізге.

 

Сегізінші көрініс

 

Д е м е с і н (Мамықтың жанына жүгіріп келіп). Таптың ба Пүлішті?

М а м ы қ. Бармаған үйім жоқ. Алтынай салдақы баулып жүрген, соның үйінде шығар.

Д е м е с і н. Жердің астында болса да табайық. Оны таппасақ, біздің біткеніміз. Есен қайда? Жұмағұл қайда, іздесін!.. Алдап оңашалап алып шықсын, жұмысын өзім бітіріп берейін...

Екеуі асығып шығады. Сахна бос. Салбырап Пүліш келеді.

 

Тоғызыншы көрініс

 

П ү л і ш (бірсыпыра салбырап тұрып, басын көтереді). Түсіндім!.. «Зәуре мен Досан тамыр болып жүр», — деп қайнағаны да, мені де қаңғыртып еді. Ақырында қайнағаның қанын ұрттады. Жауыз!.. Енді маған салмақ қанды қолын! Іздетіп жатыр... Қолына түссем, қылқындырады да елтіреді. (Селт етіп.) Жоқ, мен түспеймін қолдарына! Мен Досанға барам! Өлсем де, Досанды ақтап өлем! Кімнің кім екендігін енді білдім. Айтамын!.. (Шыға берем дегенде, артынан дауыс естіледі.)

Д а у ы с. Сәулем, Пүлішжан!

 

Оныншы көрініс

Есен мен Жұмағұл шығады.

 

Ж ұ м а ғ ұ л (қолын созып). Сәулем! Тоқта!..

П ү л і ш (шошып тұрып қалып). Жоқ! Жоқ! Жолама! Көрмеймін жүзінді. Өлтіресің!.. Жауыз, қанды кол!.. Қанды қол!.. (Ышқынып, сахнадан жүгіріп шығып кетеді.)

 

Он бірінші көрініс

 

Ж ұ м а ғ ұ л (созған қолын түсіріп). Қап!.. Мынау иттін қорлап кеткені-ай! Мұны қайтсем екен, ерегіскенде өзін жоқ қылып

жіберсем бе екен? Ә, бәлем-ай! (Білегін сыбанып ұмтыла берем

дегенде, Есен ұстай алады.)

Ес е н. Қой,тоқта!

Ж ұ м а ғ ұ л. Неге?

Е с е н. Болдыра алмайсың. Сен адам өлтіре алушы ма едің?

Ж ұ м а ғ ұ л. Ә, солай ма? Енді қайтеміз!?

Е с е н (ойланып). Бұл жаман! Бұл сойқан! Бұл ышқынды. Бұл бүлдіреді. Тез, тез! (Жұмағұлды жетектеп.) Бекеңе, Көдекеңе жетейік!.. (Екеуі асығып шығады.)

Шымылдық.

 

ҮШІНШІ СУРЕТ

 

Бес минуттен кейін шымылдық ашылады. Төрде бір үстел. Жағалай ұзын тақтайдан орындық. Орынбай төргі үстелде, жағалай отырғандар: Досан, Үсен, Дәуіт, Имаш, Құсайын, Ержан. Бұрын көрінбеген адамдардан екі жігіт. Шымылдық ашылғаннан кейін бірсыпыраға дейін үнсіз отырады.

 

Бірінші көрініс

 

О р ы н б а й (басын көтеріп). Қане, неге бөгелдіндер? Сейлеңдер!..

Д ә у і т. Не сөйлейтіні бар. Бұл байлардың ісі. Істетіп отырған Көдебай. Сол итті биыл ортамызға кіргізіп... Мен сонда-ақ айткан жоқпа ем, кәнпескелейтін адам Көдебай деп... Не қылмай отыр ол ит?.. Бүлдіріп, бүлдіріп келіп... Енді басымызға жабысып отырғаны. Көдебайды ұстату керек, өлтірген адамды сол табады.

Ү с е н. Дәуіттікі дұрыс, Көдебайға құрық салынсын!

Қ ұ с а й ы н. Ау, сонда кіндікті қайтесіндер?

Е р жа н. Қой, шатаспа. Кіндік деп... Кіндік не? Кіндікті кім ұстаса соның қолында кетеді. Пәлесін жабайын деп байлар істемейді дейсің бе?..

Ж і г і т. Құсайын ағанікі дұрыс: ертең тексергенде, кіндігіңді неге бердің демей ме...

Е р ж а н. Ал, десін. Сонда кіндікті Досан өзі берді демексін бе?

Ж і г і т. Олай демеймін. Соған беретін жауапты ойлау керек қой.

О р ы н б а й (сөздерін бөліп). Бұл — партия белсенділерінің жиылысы ғой. Ойламаған жұмыс кез болды. Біз тұңғиыққа тірелген сияқты болдық... Біз бетімізді ашайык. Кіндік туралы күдіктерің болса жасырмандар, айтындар. мұнда бүгін қалып, былай шыға бергенде күбірлемендер; онсыз да күбір жетеді. Ауыл қазір өсекке толып болған шығар. Оны басатын біз. Басу үшін сөзімізді қорытып алайық. Кіндік — Досандікі. Досанның кіндігімен Әліш өлтіріліп отыр... Сонда осыны өлтірген Досан демекшіміз бе? Досан оны неге өлтіреді? Себебі не? (Жұрт үндемейді, Орынбай жағалай қарап.) Неге үндемейсіңдер? Сезгендерің болса, айтындар. Партиядан жасырасындар ма?

Е р ж а н. Бұл дұрыс. Мен айтайын... Мен айтсамба?.. Жұртқа күдік туғызатын мынау болар: бір уақыттарда өсекшілер осы Зәуре мен Досанды сөзге таңып жүрді-ау... Әліштің қыңыр тартқан себебі де сол болатын. Әлішті аздырушылар соны тал қылған болатын... Оның несін жасырасыңдар, осы отырған бәрің де есіткенсіңдер. Анығына қанбағандардың Досанға ренжігендері де болған. Зәуреге тілі тигендері де болған. Оны бәрің де білесіңдер... Бірақ Әліш артынан бұрылғанда, осының өсек екенін сезді. «Мен қаталасыппын»,—деп жалпы жиылыстарында айтқан жоқ па еді?.. Ендеше, күдіктенетін не орнымыз бар? Күдікті қою керек! Мен өзім жаңағы Дәуіттің айтқанына қосылам... Мына Құсайын әшейін сандалып отыр, мұныкі сөз емес.

Қ ұ с а й ы н. Ауылды түсіндіруге осы Ержанның өзін жіберіңдер.

Е р ж а н. Партия жұмсаса, барам.

Қ ұ с а й ы н. Түсіндірерсің!.. (Кекейді.)

Е р ж а н. Түсіндірмек түгіл түсіндірермін!

 

Екінші көрініс

Демесін кіреді. Жұрт қарай қалады.

 

О р ы н б а й. Демесін, сен бара тұр.

Д е м е с і н (сұрланып). Жоқ, кетпеймін! Мен ақтық сөздеріңді естіп кетем: өлтіруші кім? Соны маған айтып беріндер.

Д ә у і т. Сенің онда не жұмысың бар.

И м а ш. Ау, осының өзі өлтіруден сау ма? Осы неге тызалақтайды?

Д е м е с і н (Имашты кекеп). Өлтірген мен, ұстап бер мені!.. Тегінді ұрайын... Сендерге тәлкек керек қой. Қатынын азғырып қолдарыңа кіргізіп аласындар да, өзін ұрып өлтіресіңдер.

Д ә у і т. Қысқарт енді! Өзің шығасың ба, жоқ па?

Д е м е с і н. Шықпаймын! Өлтіремісің?.. Кел, өлтіре ғой!.. (Дәуітке төсін ашып жетіп барады.) Өлтір деймін!.. Өлтір мені!.. Әлімқұлдың тұқымын қырып бітірмей сендер тоқталмассындар.

 

Үшінші көрініс

Пүліш кіреді.

 

Қ ұ с а й ы н. Ал, тағы келді бір пәле... (Жұрт оған қарайды. Демесін бұрылып қарап, селт етіп, кейін ысырыла түседі. Шегіншектеп есікке барады.)

О р ы н б а й. Пүліш, сен бара тұр.

П ү л і ш. Партияларыңа арыз айта келдім. (Демесін шыға жөнеледі. Пүліш артына жалт қарап.) Ойбай, ұстандар әлгіні! Жібермендер! (Сасып.) Ұстандар деймін, тезірек!

Д ә у і т (ұшып тұрып). О не, айтсайшы!

П үл і ш. Соның өзі! Сол!.. Тез,тез!.. (Дәуіт және бір жігіт шыға жүгіреді.)

О р ы н б а й (орнынан ұшып тұрып). Пүліш-ау, не деп тұрсың?

П ү л і ш (қалтыранып). Соның өзі... (Жұрт қадала қарайды.)

О р ы н б а й. Берірек келіп айтшы.

П ү л і ш (үстелдің жанына келіп, бірсыпыра тұрады, жұрт ынтығып қарап тұрады). Мен сормандаймын ғой. Солардың тіліне ерер ме ем... (Жылап жібереді.)

О р ы н б а й. Жылама, Пүліш, сейле, сезгенінді айт. «Адасқанның айыбы жоқ, қайтып үйірін тапқан соң» деген. Сені біздің қуған жеріміз бар ма?

П ү л і ш (жылауын басып). Рас, рас, мені қуған жоқсыңдар. Мен өзім... Мен айтайын. Биағаларды өлтірген жаңағының тап өзі! (Жұрт тіксіне бір-біріне қарайды.) Қайнаға мылтығына сүйеніп тұр еді, жаңағы кісі барды да, кіндікпен қос қолдап қойды келіп... Мен ойбай дедім.

Қ ұ с а й ы н. Ау, сен осы өзіңді айтшы: өзің неге барып ең онда? (Пүліш төмен қарап үндемей тұрады.)

О р ы н б а й. Пүліш-ау, сен өзін партияға шын сырыңды айтайын деп келдің бе? Ендеше, тартынба, бәрін де айт!

П ү л і ш (Құсйіынға қадала қарап). Мен бе? Мен қайнағаға жолықпақшы ем: мен де сіз сияқтанып адасып жүрмегеймін, маған да ақылыңызды айтыңыз демекші ем... (Жқрт өзара күбірлеседі)

Қ ұ с а й ы н. Ал, қош, ол солай болсын. Ал енді осыны бізге келіп айтуыңызға не себеп болды, соны айтып көрші.

П ү л і ш (бірсыпыра үндемей тұрып). Неге екенін білмеймін, әйтеуір айтқым келді. Әлгі ақсақтың жүзі жанбай, сол өліктің үстінде тұрып, айыпты бөтен біреуге аудармақ болғанына күйіп кеттім. Шын қара жүрек екенін сонда білдім. Қайнағаның өлімі батты. Аядым...

О р ы н б а й. Түсінікті. Пүліштікі шын. Тағы да білетінің бар ма, Пүліш?

П ү л і ш. Білемін. Бәрін де білемін: сендерге биыл соқа салдырмақшы емес еді. Тұқымдарыңды бүгін өртемекші ед. Тракторларынды әлгіде бұзған (Жұрт шошып кетіп, бір-біріне қарайды.) Оны бұзған да әлгі ақсақ. (Есікке қарай бергенде, көзі Досмағамбетке түсіп қадала қалады. Аң-таң боп жұрт та Досмағамбетке қарайды, Досмағамбет сұрланып төмен қарап кетеді.)

О р ы н б а й (сезіктеніп жағалай қарап). Ие, Ие... Сосын...

П ү л і ш (сұқ қолымен бетін сызып, Досмағамбетке қараған күйі). Бетім-ау, мынау да сендердің жиылыстарыңда отыр ма? (Жұрт тіксінеді.)

О р ы н б а й. Неге?

П ү л і ш. Қайдам... Байдың үйінің жиылысынан калмаушы еді, соған айтам...

Ү с е н (ұшып тұрып, Пүлішке). Осы отырған Досмағамбет пе?

П ү л і ш. Ие, осы.

Д о с м а ғ а м б е т. Әй, сен қатын, шатаспа!

Ү с е н (Досмағамбетке). Тарт тіліңді! Енді ақтала алмайсың!

Е р ж а н. Ә, бәсе!.. Тіпті... (Жұрт дабырлап, шулап кетеді.)

О р ы н б а й. Шуламаңдар! Саспандар! Досмағамбет енді құтылмайды. Үсен! Сен қазір комсомолдарынды жина. Отряд түзе. Шабуылға шабуыл! Соққы беретін жер осы! Мойны үзілгендей тойтар! Ауданға кісі шаптыр... Имаш! Сен Дәуітті тауып ал. Тракторды жөндеуге кіріс, қолдан келмейді деме, білдің бе, келтір! Істей біл! Бүрсігүні егіске шығамыз, соған дайын болсын!.. Досан! Сен колхозыңның жиылысын шақыр. Бүкіл жұртты аякқа бастыр! Жұрт өзін майдандамын деп білсін! Майдандағы сияқты жұмыс істесін! Біздің жоспарлы жұмысымызға бөгет болатын еш нәрсе жоқ. Бригадірлерінді құр! Өндіріс жоспарын талқыла! Ертең партия ұясына рапортыңмен кел!.. Ал тарандар, іске кірісіңдер! Ержеке! Мына Досмағамбетті үйіңізге апарыңыз, ертеңге шейін анығы ашылады... (Жұрт асығып, дабырлап сйілесіп шығады. Үйде Досан мен Пүліш.)

 

Төртінші көрініс

 

Д о с а н (Пүлішке бірсыпыра қарап тұрып). Пүліш! Мен саған риза болдым-ау... Қолыңды әкелші!.. (Пүліш қолын беріп, жылап жібереді.) Жылама. Сен адам боласын. Ортамызға алып тәрбиелейміз. Еңбекші ең, табынды таптың. Осының жөн-ақ!..

Шымылдық.