МҰНАЙ МАХАББАТ

 

трагикомедия

 
Қатысушылар: 
Раушан – 22 жаста
Галина Галиевна – 46 жаста
Жарылғап – 60 жаста
Қапа – 22 жаста
Ролан – 25 жаста
Сары әйел – 35 жаста
Айша – 20 жаста
 

Б І Р І Н Ш І   А К Т

 

Бірінші көрініс

 
Қараңғы. Екі қыздың  дауысы естіледі.
 
Р а у ш а н. Айша. Айша, ұйықтап калдың ба?
А й ш а. Иә.
Р а у ш а н. Будильникті қойдың ба?
А й ш а. Иә.
Р а у ш а н. Ұйықта.
А й ш а. Раушан.
Р а у ш а н. Иә?
А й ш а. Көктем!
Р а у ш а н. Онда тұрған  не бар?
А й ш а. Сен махаббатқа сенесің бе?
Р а у ш а н. Саған не айтты? Дубленка сатып алғаны – өтірік. Дубленка оныкі емес. Әпкесінікі.
А й ш а. Жоқ. Махабаттқа емес. Махаббат сезімін айтамын. Түсінесің бе?
Р а у ш а н. А – а... Жігіттердің махаббатына сенбеймін, ал, өзім махаббатқа сенемін.., ғашық болсам біреуге... Дубленкасы да жаман. Шірік. Жараспайды тем более  совсем оған.  Айша? Сен неге сұрап жатырсың?
А й ш а. Жәй.
Р а у ш а н. Махаббаттын іш киімін көрсең! Жыртық, лас! Ұялмай кір  комбинациясымен коридорға шығады. Әдепсіз.
А й ш а. Қайғы  жеп қояды, білем. Екеуміз бірге жылайық. Қарық болсын жауыз дүние. Көз жасымен бұлайық.
Р а у ш а н. Немене?
А й ш а. Жай.
Р а у ш а н. Қапаның досы бар – Топик. Таныстырайын ба? Жақсы жігіт. Қыздарға ұнайды.
А й ш а. Жоқ.
Р а у ш а н. Әй, сен осы қандай қызык қызсың!  Ешкіммен кездеспейсің, таныстырайын десем, оған көнбейсің. Сонда махаббат туралы не үшін сұрайсың, подружка?
А й ш а. Әншейін.
Р а у ш а н. Ұйықта.
А й ш а. Менің жансыз жануар болғаным жақсы еді... Ұятты да, махаббатты да білмейтін...
Р а у ш а н. Вот мен сені кейде түсінбеймін, Айша. Анау-мынау философия не керек?  Жансыз мал да, адам да болмас. Жансыз –  өлі деген сөз. Бітті.
А й ш а. Жан –  адамның ішкі сарайы, рухани қасиеті.
Р а у ш а н. Подружка, ұятты білмейтін адамдар да болады, төрт аяқпен құйрықты армандау не обязательно.
А й ш а. Сүю үшін жан керек...
Р а у ш а н. Эй, подружка, саған не болды? Ауырытпа басымды философияңмен. Ұйықта.
 

Екінші көрініс

 
Жатақхана іші. Әрлі-берлі өтетін  ауыз бөлме.   Ескі диван, орындықтар, үстел,  екі кресло бар. Сыртқы есіктің қасында өрт сөндіру аспаптарын  іліп қоятын қызыл тақтайдан жасалған үлкен щит  тұр. Диванда бірдеме ойлап Галина Галиевна отыр. Үй халат киген  Сары әйел келеді.
 
С а р ы   ә й е л. Галина Галиевна! Мынау болмайтын нәрсе! Я терпеть больше не собираюсь! Я милицияны шақырамын! Бізде общежитие емес –  бізде черт знает что! Ұрлық, қылмыстық, неше түрлі жаман нәрсе шығатын болды!
Г а л и н а   Г а л и е в н а. Иә, не болып қалды?
С а р ы   ә й е л. Менің басым қайда!?
Г а л и н а   Г а л и е в н а. Басың жоғалып жүрмесін, сенің басың жаткан жерінде  болу керек.
С а р ы   ә й е л. Жоқ! Жоқ менің басым!
Г а л и н а   Г а л и е в н а. Не айтып тұрсың? Жоқ болса – немене, мен сенің басыңды пісіріп жеп койды дейсің бе?
С а р ы   ә й е л. Білмеймін!
Г а л и н а   Г а л и е в н а. Әй, сары жағал! Сен осы сөздеріңді қой! Комендантпен сөйлесіп тұрсың! Соны ұмытпа!
С а р ы   ә й е л. Именно! Сіз комендантсыз, солай болғандықтан менің басымды тауып бересіз!
Г а л и н а   Г а л и е в н а. Мақұл, шулама. Керек болса, менің басымды ал.
С а р ы   ә й е л. Сіздің басыңыз маған керек емес! Жоқ, мен не жаздым?! Неге сіздің басыңызға қолдарын созбайды, Жамиляның басына ешкім тимейді, ал менің басымды!.. Жоқ, Галина Галиевна! Мен білемін! Бұрыннан сезіп жүрмін: осы общежитияда  мені құрту үшін әдейі кіріп алған  қан ішерлер   жүр!
Г а л и н а   Г а л и е в н а. Болды, болды...  Қандай қанішерлер... Бар, сары жағал, мен қазір келемін, көріп алайық: кімнің басы аман, кімдікі – жоқ екенін...
С а р ы   ә й е л. Галина Галиевна! Мен официально айтам! Я больше не потерплю!
Г а л и н а   Г а л и е в н а. Бар, айналайын, бар.
 
Сары әйел кетіп қалады. Жатақхананың сыртқы есігін  ашып, Раушан кіріп келеді. Артында бір жігіт бар –  Қапа.
 
Р а у ш а н. Кет, кет дедім!
Қ а п а. Қойшы!
Р а у ш а н. Капа, айттым ғой! Ертең келесің. Тарт қолыңды! Тәйт әрі Көрдің бе, өзін!
Қ а п а. Кешке қарай келемін.
Р а у ш а н. Сағат сегізде.
Г а л и н а   Г а л и е в н а.  Әй, қыз! Есікті жап! Жаз емес қой.  Әлде сенің артыңнан тағы да біреу тығылып келе жатыр ма?
 
Капа көзге көрінбей кетеді.
 
Р а у ш а н. Галя-апай...  Жоқ, мен жалғызбын.
Г а л и н а   Г а л и е в н а.  Білем мен сендерді.
Р а у ш а н.  Кешіріңіз.
Г а л и н а   Г а л и е в н а. Өте бер.
Р а у ш а н. Бекер сіз.., Галина Галиевна.
Г а л и н а   Г а л и е в н а.  Бекер дейсің бе? Білмеймін, мүмкін – бекер, мүмкін – егер...
Р а у ш а н  Егер болмас.
Г а л и н а  Г а л и е в н а. Егер мен ұмытпасам... Осылай жүріп-жүріп, қалдырмай артыңызда  жүрген... өзің білесің кімді, сосын сол жақта отырып каласың. И-и, ұятсыздар!
Р а у ш а н.   Жалғыз ғана Айша...
Г а л и н а   Г а л и е в н а.  Иә, соқ. Штукатурщицы! Бар  білетіндерің  – бетке штукатурканы балшықтап жағып қыдыру! Сенің Айшаң бірінші  емес. Көрдік! Мені еще партком комендант жұмысына отырғызған.  Сен білмейсің, неше Айша сияқты қара беттер  осы жатақханада тұрған өздерін де, ата-аналарын да, біздің Қызыл туды ұстаушы кұрылыс комбинатымызды  да маскара қылды. Айтпа, қыз. Бәрі болды ғой. Бір қыз тапқан баласын  тұншықтырып өлтірді. Тағы біреу   өзін-өзі мерт қылды. Айтпа, қыз, бәрі болды ғой...
Р а у ш а н. Хорошо, хорошо... Мен барайын, Галя-апай. Айша жалғыз отыр...
Г а л и н а   Г а л и е в н а. Бар, бар, қыз.   Бәрі болды ғой... айтпа...
 
Раушан басқыш  жаққа жол алды. Жатақхана есігін ашып  алпыстан асқан,   сақал-мұрты өскен ер адам  – Жарылғап кіреді.  Үстінде ескі пальто, басында – жапырылған фетр  шляпа, аяғында – қазақ етігі, қолында үлкен қоржын.
 
Жа р ы л ғ а п. Амансыз ба?
Г а л и н а   Г а л и е в н а. Есікті жаппайсыз ба, жолдас? Вокзалда емессіз ғой...
Жа р ы л ғ а п.  Ғафу етіңіз. Қарағым,    бесінші микрорайон,  алтыншы үй осы ма?
Г а л и н а   Г а л и е в н а.   Кім керек сізге?
Жа р ы л ғ а п.  Керек дейсіз бе? Иә, керек.
Г а л и н а   Г а л и е в н а. Жолдас гражданин, это женское общежитие, между прочим.
Жа р ы л ғ а п.  Ғафу етіңіз. Калай айтқаным дұрыс  болады екен... Осында Айша Козыбаева  тұра ма?
Г а л и н а   Г а л и е в н а. Оны қайтесіз?
 
Раушан  Айшанын атын естіп, Галина мен Жарылғаптан алыстау қараңғы жерде тоқтап қалады да,  әнгімелерін  тыңдайы.
 
Жа р ы л ғ а п. Қайтесіз дедіңіз бе? Не айтайын?.. Ақсақ қой ауыл қасында жатады деп ойлағанда... Жақсы койшының  малы ақсай ма? ... Бірақ – ол қой ғой, мал... Жануарда жан бар, ал адамда... ал айтсақ...
Г а л и н а   Г а л и е в н а. Мынау  не деп тұр? Какой қой? Кім ақсақ? Кімді айтсақ?
Жа р ы л ғ а п. Кім дедініз бе? Әрине, қызым емес, момын қозым. Ақсақты айтсақ – мен ақсақпын.
Г а л и н а   Г а л и е в н а. Мақұл, ақсақ жолдас. Қызыңыздың қандай екенін – өзіңіз білесіз.  Момын болсын, пысық болсын, жатақханада бос орын жоқ. Ал Айша...  Не айтты сіздерге, кандай обещание берді – құдай білсін!  Білуге де зауық  жоқ. Мына қазақтар пәле болды ғой! Біреуі кіріп алса, артынан тағы миллион туыс-таныстарын әкеліп басымызға отырғызуға  тырысады. Комендант менмін! Қысқасы: жоқ! Әйда, кетіңіз. Что еще? Не керек тағы сізге?
Жа р ы л ғ а п. Айша менің кызым.
Г а л и н а   Г а л и е в н а. Түсінбедім...
Жа р ы л ғ а п. Туған жалғыз балам.
Г а л и н а   Г а л и е в н а. Тоқтаңыз, жолдас... Менің естуімше, Айшаның әкесі айдалада мал бағып жүрген кісі болса керек...
Жа р ы л ғ а п. Бір қора қой.  Аз-маз он  шақты түйелер бар. Жаман емес, Аллаға шүкір.
 
Осы сөздерді  естіген  Раушан жоғарғы қабатқа зымырап шыға жөнелді.
 
Г а л и н а   Г а л и е в н а. Солай ма?.. Айыпқа  бұйырмаңыз... сіздің аты-жөніңіз?..
Жа р ы л ғ а п. Қозыбаев Жарылғап.
Г а л и н а   Г а л и е в н а. Жәке... Жоғары шығыңыз... Мына жақта диван, кресло бар... Қашан келдіңіз, Жәке?
Жа р ы л ғ а п. Келген бетім осы. Поезбен үш қүн, екі түн, кала ішінде    автобуспен – тағы үш сағат, көшелер бітпейді екен. Осындай үлкен қаланы  көрген жокпын. Айша тұратын бөлмеге өтуге бола ма, әлде қызымды осы жерге шақырасыз ба? Айшамды үш жыл көрмеп едім. Жан сақтап жатыр ма?
Г а л и н а  Г а л и е в н а. Жан?
Ж а р ы л ғ а п. Аман-есен бе?
Г а л и н а   Г а л и е в н а. Айша ма? Аман, аман...
Ж а р ы л қ а п. Солай...
Г а л и н а  Г а л и е в н а. Бес жыл – әжептәуір уақыт ғой.
Ж а р а л қ а п. Құдай басқа салған соң, қайтеміз... Қарағым, сіздің атыңыз?..
Г а л и н а   Г а л и е в н а. Галина Галиевна.
Жа р ы л ғ а п. Галина дедіңіз бе? Сонымен, қарағым, Айшамен кездесуге бола ма?
Г а л и н а  Г а л и е в н а.   Қалай айтсам екен сізге? Жәке... Ел аман-есен ғой?
Жа р ы л ғ а п. Аман.
Г а л и н а   Г а л и е в н а. Ал... Айшаның мамасы калай? Сол кісінің қелгені дұрыс болар еді. Все-таки, женское общежитие... еркектерге кіруге рұқсат жоқ.
Жа р ы л ғ а п. Айшаның мамасы дедіңіз бе? Айшаның мамасы  бес   жыл бұрын қайтыс болған.
Г а л и н а   Г а л и е в н а. Өкінішті. Жатқан жері жайлы болсын...  Енді... бізде строго. Қызыңыз жалғыз тұрмайды ғой... қасында тағы штукатур... қыздар жатады. Сонымен мен қазір Айшаның бөлмесіне барып ескертейін... Енді... қыздар ғой. Ұятқа қалдырмайық.
Жа р ы л ғ а п. Қалдырмайық дедіңіз бе?  Иә, дұрыс. Қыздардың тұрмысы бөлек қой.
Г а л и н а   Г а л и е в н а. Ал, енді мен сізді, Жәке,  жалғыз тастап кетпей  ұлымды қасыңызға шакырайын. Ролан! Ролан! Балам, мұнда, біздің  жаққа келші.
 
Арғы есіктен өзі отырған  мүгедек коляскасыны  жүргізіп жігіт келеді.
 
Р о л а н. Что за дела?
Г а л и н а   Г а л и е в н а. Ролан, балам, бізге келген құрметті қонақты қүтіп ал, әңгіме айтып отыр, просьбасы болса – орында. Телевизор включи... Анау бөлмеде жаңа ғана қайнаған шай тұр. Қант, печенье... Мен қазір қайтып келем.
 
Галина Галиевна шығып кетті.
 
Ж а р ы л ғ а п. Ұятқа қалдырмайық....  дұрыс, дұрыс... қалдырмайық...  Ұяттан калай қашасың, пенде?
Р о л а н. Салам... сәлеметсіз? Неге мен пенде?
Жа р ы л ғ а п. «Неге?», – дедіңіз бе? Осы дүниеде кім пенде емес? Пенде десе көбісі бейшара адамды ойлайды. Мен өзім көп оқыған адам емеспін, білетінім: пенде – ол құдай-тағала жақсы көретін жан сияқты.
Р о л а н. Пенде, бенде – суфийский термин. «Суфизм» қазақша қалай болады?  «Сопылық» болу керек. Пенде – сопылық сөз. Пендені парсы елі  би-шар деп айтады – сіздің бейшара, жолға шыққан Алладан бізге хабар әкелетін қарапайым адам.
Ж а р ы л ғ а п. Солай ма? Сендер әрине білесіңдер ғой. Өқыған балалар не білмейді десейші... Біздің білетініміз – пенде, қарапайым адам болса да, Алланың аяулысы.
Р о л а н. Аяулы?  Мені  Алла онша жақсы көрмейтін болар. Сізді жақсы көрмесе...
Жа р ы л ғ а п. Сіз де, біз де құдайға пендеміз.
Р о л а н. Да... м-м-м... Солай...
Ж а р ы л ғ а п. Не дедіңіз?
Р о л а н. Солай дедім.
Жа р ы л ғ а п. Иә, дұрыс.
Р о л а н. Шыбын...
Ж а р ы р қ а п. Не дедіңіз?
Р о л а н. Шыбын ұшып жұр...
Жа р ы л ғ а п. Ұшады ғой...
Р о л а н. Иә... мал-жан аман ба, Пендеке? Қалай, ауылда прогресс-регресс бар ма?
Ж а р ы р қ а п. Не дедіңіз?
Р о л а н.  Прогресс бар ма дедім? Қазір жаңа мода шықты. Малды бағу қазір не выгодно. Страустарды бағады.  Үлкен құс. Қойдан үлкен. Дәу. Екі аяғы – жылқының саны сияқты. Страустарды әлі... в смысле – енді, баға бастаған жоқсыз ба?   Еті бар, жұмыртқалары  сондай үлкен! Бір килограмм болады. Страустар жақсы.
Жа р ы л ғ а п. Неге жақсы болмасын. Болады ғой...
Р о л а н. Супербизнес! Страустар қойлардан қымбат, еті тауықтың еті сияқты вкусный, модный ресторандар жұмырткасын сатып алады, көп ақша төлейді. Страустарға мініп та жүруге болады. Мінесіз де страусқа и алға, Пендеке!
Жа р ы л ғ а п. Страусқа мініп те жүруге болады. Не болмайды? Бірақ  страусқа мініп жүрген қазақ қазақ болып кала ма?
Р о л а н. Да... Солай...
Жа р ы л ғ а п. Иә...
 

Үшінші көрініс           

 
Қыздар тұратын бөлме. Екі кереует, орындық, үстел, айна. Бір кереуеттің үстінде жерге карап аяғы ауыр жап-жас әйел ұйықтап жатыр,  Ол – Айша. Бөлмеге асығып Раушан кіргенде, Айша оянып кетті.
 
Р а у ш а н. Айша!
 
Айша үнсіз, басын көтермейді.
 
Р а у ш а н. Айша? Не болды саған? Дірілдеп отырсың ғой!
А й ш а. Түс көрдім... Мамамды...  Маған жаман ренжіп тұр... Бір кезде мені шақырды...
Р а у ш а н. Сен ше?
А й ш а. Бардым... Жүгіріп бара жатырмын.
Р а у ш а н. Айша!
А й ш а. Екінші рет артынан қалмадым.
Р а у ш а н. Қойші! Тут такие дала! Әкең келіп қалды! Айша! Сен мені естіп отырсың ба? Әкең келді!
А й ш а. Айқайлама. Мүмкін емес.
Р а у ш а н. Төменде  отыр!
А й ш а. Не, қойлары қасында жүр ме?
Р а у ш а н. Қандай койлар? Не айтып отырсың? Әбден жынданып кеткеннен саусың ба, подружка?
А й ш а. Болмаса, келген адам менің әкем емес. Ол кісі ешқашан қойларын  қараусыз қалдырмаған. Қойлармен бірге тұрады, қойлармен бірге жатады, қойдан басқа оған бүкіл әлемде тірі жан жоқ! Енді түсіндің бе  мені, подружка!?
Р а у ш а н. Өзің білесің. Короче, бір шал  келіп, Қозыбаева  Айшаны сұрап жатыр.
А й ш а. Кіргізбеңдер.
Р а у ш а н. Әй, сен өзің қызықсың, подружка. Қалай кіргізбейміз? Кіргізбесек те, ол кісінің кететін түрі жоқ.
А й ш а.  Кетеді.
Р а у ш а н.  Кетпейді. Ет толған қап арқалап келген қазақ кетпейді. Қазы, шұжық, жал-жая... Ақшамыз біткелі қашан...
А й ш а. Дура.
Р а у ш а н. Сама дура.
А й ш а. Баршы өзің.
Р а у ш а н. Әй, Айша? Не болды саған? Қандай қорлық көрдің? Қазір бұрынғы заман емес. Бұндай жағдай болады. Әкең ғой. Түсінер. Түсінбесе – жыламаймыз.
А й ш а. Болды!
Р а у ш а н. Қорықпа, подружка. Не істейді ол саған?  Үйге қамап қояды ғой дейсің бе, өлтіре ме сені? Түк істей алмайды!
А й ш а. Өлтірмесе, өзімді өзім өлтірем.
Р а у ш а н. Жынданба!
А й ш а. Кіргізбеңдер.
Р а у ш а н. Жарайды, жарайды... Бірақ мен полиция емеспін. Тындай ма ол мені? Галя-апай да бізді жек қөреді. Сенің әкеңді көріп қуанып қалды, кәрі өсекші.
А й ш а. Бар, бар.
 
Раушан бөлмеден шығып кетеді. Айша терезені  ашады, сосын терезені жақтауына көтерілді. Осы сәтте Раушан кайтып кіреді.
 
Р а у ш а н. Айша!
 
Жүгіріп барып Айшаны екі қолымен құшақтап,  терезе жақтауынан зорға  жерге түсіреді.
 
А й ш а. Жібер мені! Жібер! Бәрібір өлем!
Р а у ш а н. Жынды! Жынды!
А й ш а.  Жібер мені!
Р а у ш а н. Жібермеймін!
А й ш а.  Жібер! Өлем!
Р а у ш а н. Өлсең  де жібермеймін!
 
Осы кезде бөлмеге демін әзер алып, Галина Галиевна кіреді.
 
Г а л и н а   Г а л и е в н а. Тілеуің құрғыр! Мен альпинист емеспін ғой – бесінші этажға күнде  мың рет шығатын!
Р а у ш а н.  Галя-апай! Кел, ұста!
А й ш а.  Жібер! Жібер! Қаншық!
Г а л и н а   Г а л и е в н а. Ей, не болды?!
Р а у ш а н. Не болды! Не болды! Терезеден секіретін болды!
Г а л и н а   Г а л и е в н а. Құдай сақтасын! Ұста бұл қызды, ұста!
А й ш а. А – а –а –а! Өлтірді мені, өлтірді!
Г а л и н а   Г а л и е в н а. Жап аузыңды, шірік неме! Көрдің бе істеп тұрғанын?! Мен сені секіртейін!
А й ш а. Мен сіздерді сотқа берем! Бақырып жылайды А – а – а – а, өлтірді!
Г а л и н а   Г а л и е в н а. Раушан! Аузын тығында!
Р а у ш а н. Қалай?
Г а л и н а   Г а л и е в н а. Әне орамал!
 
Раушан бір қолымен орамал алып Айшаның аузына шүберектің  бір шетін  тығады.
 
Р а у ш а н. Қолын ұста!
Г а л и н а   Г а л и е в н а. Мен саған немене?! Күшім жетпей жатыр! Пері соққан жан өзі!
Р а у ш а н. Простынмен байлайық!
Г а л и н а   Г а л и е в н а.  Жан ауырса, тән азады, қайғы басса, жан азады.
Р а у ш а н. Айшам.., Айшам...
 
Раушан кереуеттегі ақ жайманы  тартып Айшанын екі аяғын  бірдей байлады. Сосын екінші ақ  жаймамен  колын байлап, керуетке жатқызады.
 
Г а л и н а   Г а л и е в н а. Тыныш жат! Милицияны шақыру керек. Бар,  Раушан,  звонда. Скорая тоже келсін.
Р а у ш а н. Қалай шақырамын, Галя-апай? Ұмытып қалдыңыз ба – төменде әкесі отыр ғой!
Г а л и н а   Г а л и е в н а. Отырса немене? Я не желаю нести ответственность за каждую сумасшедшую!
Р а у ш а н.  Галина-апай, какая сумасшедшая – біздің Айша ғой! Сіз бізге туған анамыз сияқты болдыңыз ғой!
Г а л и н а   Г а л и е в н а. Штукатурщицы! Сендердің ойындарың менің басымды сотқа апарар!
Р а у ш а н. Бір амал табуға болады.
Г а л и н а   Г а л и е в н а. Қандай амал? Не айтып тұрсың, сен қыз! Мен – комендантпын! Түсінесің бе? А это правонарушение!
Р а у ш а н. Бәрібір, амал табуға болады, Галя-апай! Міне, бізде проблема бар. Солай ғой?
Г а л и н а   Г а л и е в н а. Бар.
Р а у ш а н. Бар болса, оны шешу керек. Бұл оңай шаруа  емес – бір демде орындай салатын.
Г а л и н а   Г а л и е в н а. Қыз,   бос сөзді қой.
Р а у ш а н. Ешқандай бос сөз емес. Біздің алдымызда – треугольник.
Г а л и н а   Г а л и е в н а. Немене?
Р а у ш а н. Треугольник. Бермудский треугольник.
Г а л и н а   Г а л и е в н а. Бұл не деген сұмдық?
Р а у ш а н. Тошно білмеймін. Мұхитта болатын бірдеңе, ол... мұхитта жүзіп жүрген кемелерді жұтып алатын  аран сияқты. Күшті нәрсе. Біздің бәлеміз бір секундта соған батып кетеді!
Г а л и н а  Г а л и е в н а. Сендер  бәле!
Р а у ш а н. Спорить етпейік,  Галина Галиевна. Короче, біздің алдымызда – үшбұрыш. Бірінші бұрыш – Айша өзі. Екінші – әкесі. Үшінші бұрыш болмаса, үшбұрыш сынып қетеді, тұрмайды. Солай ма, Галина Галиева?
Г а л и н а  Г а л и е в н а. Кет ей!
Р а у ш а н. Любовный треугольник, естідіңіз бе? Кинодан көрген жоқсыз ба?
Г а л и н а   Г а л и е в н а. Білмеймін сенің геометрияңды.
Р а у ш а н. Геометрия  емес – өмірометрия.
Г а л и н а   Г а л и е в н а. Мылжыңдама!
Р а у ш а н. Бізге керегі үшінші бұрыш, білесіз бе,  кім оның екенін?
Г а л и н а   Г а л и е в н а. Қой дедім, мазамды алмай!
Р а у ш а н. Үшінші бұрыш – күйеу бала!
Г а л и н а   Г а л и е в н а. Табылды ма?! Жақсы болған! Кім ол? Звондайық оған, үйленбесе қойсын, әкесінің алдында қыздың ұят қылығын жабайық. Мүмкін кыздың жағдайын түсініп, шынымен де үйленіп  қалар. Кім ол?
Р а у ш а н. Қайдан білейін! Айша сырын сыртқа ашпайды. Оны тастап кеткен жігіттің  атын қалай сұрасам да айтпады.
Г а л и н а   Г а л и е в н а. Өзін көрдің бе?
Р а у ш а н. Жоқ!
 
Галина Галиева Айшаның қасына келіп аузындағы орамалды жұлып алды.
 
Г а л и н а   Г а л и е в н а. Айналайын, Айша, айтшы, кім ол? Оңбағанды сотқа тартып...
А й ш а. А – а – а! Кім бар?! Көмек етіңіздер!!!
 
Галина Галиева орамалды Айшаның аузына қайтадан тығып жіберді.
 
Г а л и н а   Г а л и е в н а. Енді өлсе де айтпайды, албасты! Раушанға  Болды, қыз.. Көмек сұрап жатса шақырайық, көмек жасайтын адамдарды. Өзін-өзі мерт қылу... ол... обязательно сигнал беру керек милицияға. Мынау қызды емдеу керек!
Р а у ш а н. Тоқта, Галя-апай. Күйеу бала табылады!
Г а л и н а   Г а л и е в н а. Қой дедім ғой! Кино  аяқталды.
Р а у ш а н. Күйеу бала мұнда!
Г а л и н а   Г а л и е в н а. Әй, қыз, ұмытып тұрсың ба – біздің жатақханада  еркектің иісі де жоқ.
Р а у ш а н.  Мен боламын күйеу бала.
Г а л и н а   Г а л и е в н а. Не дедің?
Р а у ш а н. Мен күйеу бала.
Г а л и н а   Г а л и е в н а. Әй, қыз, есің дұрыс па?
Р а у ш а н. Уақытша.
Г а л и н а   Г а л и е в н а. Жоқ, сен сияқты адам жынданып кетсе –  уақыт емес, шынымен солай  болар. Сені мынау жынды қызбен қоса емдеу керек.
Р а у ш а н. Жоқ, мен уақытша күйеу бала боламын. Тыңдашы, Галя-апай! Бізге қазір не керек? Айшаның әкесін ауылына тезірек шатақсыз қайтару қажет. Одан құтылатын бір ғана жол бар – шалды алдау.
Г а л и н а  Г а л и е в н а. Қалай алдай аласың?
Р а у ш а н. Қазақтың ата-анасы  қызының тағдырын шынайы ойлайды дейсіз бе? Бәрі сыпайыгершілік үшін. Ел қатарлы той жасап, екі жүз – үш жүз адамды қонаққа шақыру. Одан аз  болса – ұят! Туыстары жетпесе, таныстарды тартады. Әйтеуір, пәлембай адам тойға келді деген атақ. Жастар бақытты бола ма, тату-тәтті тура ма, оларға бәрібір. Күйеу бала  кім, мінезі қандай, кызын жақсы көре ме, болашақ туралы не ойлайды  –  бәрібір, кейде жігіттің түріне назар да салмайды! Құдалар жақсы болса – бітті!
Г а л и н а   Г а л и е в н а. Әй, қыз! Әбден ашуланып, көп сөйлеп кеттің ғой!
Р а у ш а н. А что, айтқан сөздерім шындық емес пе?
Г а л и н а   Г а л и е в н а. Сен өзің байға шығып көргенсің бе?
Р а у ш а н. При чем здесь байға шығу! Көзім бар ғой!
Г а л и н а   Г а л и е в н а. Көзің болса, мына  жатқан подружкаңа қара. Кеше шалқасынан құлап, екі аяғын екі жаққа ажыратты, ал бүгін сол аяғы байлаулы жатыр.
Р а у ш а н. Галя-апай!
 
Раушан  орындыққа отыра қалып еңіреп жылайды. Галина Галиевна қасына келіп, басын сипайды.
 
Г а л и н а   Г а л и е в н а. Қой, қой, жылама. Кейін,  байға шыққанда жылайсың. Қандай қыздар! Үлкендердің сөздерін көтере алмайсыңдар. Не айттым мен? Айтсам, шын жүрегіммен айтамын. Саған шындық керек болды емес пе?  Жылама дедім ғой! Ал, Жәкеңді... Айшанын әкесін алдау дұрыс болмас... Ол кісінің көргені біздікінен де көп.
Р а у ш а н. Ешкім алдамайды! Тек қана оған Айшаның  байын  бір минутқа көрсетіп аламыз!
Г а л и н а   Г а л и е в н а. Ал, көрсеттік. Сосын?
Р а у ш а н. Сосын...  сосын ол срочно командировкаға кетіп қалады.
Г а л и н а   Г а л и е в н а. Сосын?
Р а у ш а н. Сосын шал  кызына ренжімей ауылына қайтады. Мұнда қалмайтын шығар!
Г а л и н а   Г а л и е в н а. Кұдаларды сұраса?
Р а у ш а н. Алыста. Ресейде дейміз. Күйеу бала ресей қазақтары болсын. Жат мемлекет – келу мүмкін емес.
Г а л и н а   Г а л и е в н а. Сосын? Өмір бойы атасынан қашып жүрмейді ғой.
Р а у ш а н. Жоқ, қашып жүрмейді... Ол... командировкада жүріп бір  көлге батып өледі. Мәйіті табылмайды. Өсектер де онымен бірге су түбінде мәңгі қалады.
Г а л и н а  Г а л и е в н а. Көл, әрине, үшбұрыш.
Р а у ш а н. Қандай үшбұрыш? Жо-жоқ, жай көл! Табылады ғой далада терең көлдер. Үшбұрыш болса – болсын. Сабын көл бар, Шайтан көл бар, неге Үшбұрыш көл болмайды? Көлдің атын айтсақ одан әрі сенеді қара хабарға.
Г а л и н а   Г а л и е в н а.  Сен, үшбұрыш кыздың, ақылын тыңдап, мен де суға кетуге тәуекел етіп тұрмын. Сен, қыз, айнаның алдына барып, көзіңді ашып карашы. Сенен кандай жігіт шығады?
Р а у ш а н. Джинсым жігіттердкіндей, аяғыма кроссовка – үстіме, куртка киіп алам – болды!
Г а л и н а   Г а л и е в н а. Ал шашыңды қайда жібересің?
Р а у ш а н. Кесіп тастаймын!
Г а л и н а   Г а л и е в н а. Емшектеріңді де кесіп тастайсың ба?
Р а у ш а н. Айттым ғой – куртка киіп аламын деп. Бинтпен мықты байлаймын. Сонда көрінбейді.
Г а л и н а   Г а л и е в н а. Қой, қыз, ел соқыр деп ойлайсың ба? Шапан мен  тон кисең де бәрі бір қыздың денесі, сымбатты,  керек болса – жүрісінен білінеді.
Р а у ш а н. Онда не тұр? Қазір  жігіттер қыз сияқты болып кеткен! Сосын мен қайын атамның алдында қыдырып  жүрмеймін ғой, сәлем берем де жылдам тайып кетем.
Г а л и н а  Г а л и е в н а. Әй, қыздар... Шашы ұзын, ақыл қысқа,  – деп сендер туралы айтқан жоқ па? Штукатурщицы!
 
Раушан айнаның алдындағы  қайшыны алып Галина Галиевнаға береді. Галина Галиевна қайшыны алмайды.
 
Р а у ш а н. Кес!
Г а л и н а   Г а л и е в н а. Жын ұрды ма сені?  Өрілген жуан бұрым қыздың  көркі!
 
Айша керуеттен тұруға тырысады, басын шайқап ыңырсиды.
 
Р а у ш а н. Әуреленбей  жат, подружка. Қорықпа. Мен бәрін өзім тындырам. Бәрі дұрыс болады.
Г а л и н а   Г а л и е в н а. Тоқта, қыз. Бірдеңе айтқысы келіп  жатыр,  тыңдап көрейік, не айтар екен.
Р а у ш а н. Айтатын сөзін білемін. Айша, алаңдама. Сосын өзің маған мың  бір рахмет айтасың.
Г а л и н а   Г а л и е в н а. Ішіне зақым тимеме екен? Жаман қиналып қырылдап кетті... Әй, қыз, басымызды пәлеге салмаймыз ба?
Р а у ш а н. Түк болмайды. Түсік тастаған күнде де зарлап жоқтайтын  жан табылмас.
Г а л и н а   Г а л и е в н а. Қандай түсік?
Р а у ш а н. Ну эта штука.
Г а л и н а   Г а л и е в н а.  Да какая штука? Адамша айт.
Р а у ш а н. Анау штука... ішінде салбырап тұрған.
Г а л и н а   Г а л и е в н а. Баланы айтып тұрсың ба?
Р а у ш а н. Бала болса да айттым ғой –  зарлап жоқтайтын жан  табылмас.
Г а л и н а   Г а л и е в н а. Мейлі, куә табылмаса...  Әй, қыз, жақсылап  ойланайық. Баласына кесіріміз тимесін... Осы жағдай ұнамайды маған.   Менімше, Айшаны тезірек ауруханаға жеткізу қажет.
Р а у ш а н. Жындылар жататын ауруханаға ма?
Г а л и н а  Г а л и в н а. Құрсын! Босатам,  не болса да...
 
Галина Галиевна Айшаның қол-аяғын босатып тұрғанда, Раушан қайшымен шашының  жартысын кесіп жібереді.
 
Р а у ш а н. А – а – а!  Жаман боп қалды!
Г а л и н а   Г а л и е в н а. Жынды! Сен нағыз жындысың!  Өзіңді жындыханаға апарып тығу керек! Немене?! Енді неге қыңсылайсың? Болды дедім ғой!
Р а у ш а н. Болдым.., болдым... Кесіңіз, Галина-апай!
Г а л и н а   Г а л и е в н а. Қалай кесейін?
Р а у ш а н. Қыркып ал. Гаврош қылып кесіңіз.
Г а л и н а   Г а л и е в н а. Кандай Гаврош?
Р а у ш а н. Ер балалардікіндей.
Г а л и н а   Г а л и е в н а. Түсініп тұрған жоқпын. Сонда сенің Гаврош дегенің – ер бала ма?
Р а у ш а н. Иә! Ер бала! Қырқыңыз тезірек.
Г а л и н а   Г а л и е в н а. Айналайын, мен сенің Говрошыңды көрмей қалай...
Р а у ш а н. Гаврош адам емес! Әйелдердің сәнді шашы. Қысқа шаш.
Г а л и н а   Г а л и е в н а. Солай демейсің бе?  Тік отыр. Ай, қыз, сырғаң былай тұрсын... ал  мына тесілген құлағыңды қайтесің?
Р а у ш а н. Ойламаппым! Тоқтай тұрыңыз!
Г а л и н а   Г а л и е в н а. Ақымақ екеніңді енді түсіңдің бе? Қыздың  аты қыз, ешқашан...
Р а у ш а н. Ештеме. Бүгін жігігіттер де сырғамен жүреді.
Г а л и н а  Г а л и е в н а. Жөн!  Енді сенің күйеу балаға қайтып келмеу үшін  командировкаға кетуге қажет болмас, Жаке өзі  одан қашып жүреді.
Р а у ш а н. Кескенде құлақтарым көрінбесін, кішкене... ұзынырақ калсын...
Г а л и н а  Г а л и е в н а. Өлімнен ұят күшті... албасты! Енді жылама, қыз!
Р а у ш а н. Тоқта! Кес...
 

Төртінші көрініс

 
Жатақхананың ауызғы  бөлмесінде Жарылғап пен Ролан отыр. Жарылғаптың алдында кесе бар. Роланның қолында ақ құман.
 
Р о л а н. Шай аяқтап болды.
Жа р ы л ғ а п. Шай аяқтап болды дедіңіз бе? Құманның  мұрны бар болса, неге шайдың аяғы болмас.
 
Ролан күледі.
 
Р о л а н. В смысле: чай кончился. Сіз маған ұнайсыз. Адамдар менімен қалжыңдаспайды. Инвалидты ренжітуге қорқады. Түсінбейді – мен қалжыңды өте жақсы көремін.  Ал сен, Пендеке, шутка-анекдотты  жақсы көресің бе? Анекдот айтасың ба?
Жа р ы л ғ а п.  Қарағым, малды баққан адам күйші болса, қой арам өледі.
Р о л а н. Неге өледі? При чем здесь «мал»?
Жа р ы л ғ а п. Мен сіздерде көп отырып  қалдым... Оның үстіне, сенің уақытыңды алдым.
Р о л а н. Түк емес. Менің уақытым жетеді. Тағы шай?
 
Жарылғап үнсіз бірдеме ойлап отыр.
 
Р о л а н. Мен сөйлегенде тілім сізге басқа сияқты қөрінетін шығар, Пендеке? Мен – маскау-қазақпын. Ондай да ру бар. Біз бөлек жүзге жатамыз. Маскауда тұрамыз. Бір апта бұрын ғана  келіп қалдым. Арғыннын бір көзін ойып шығарып алсақ, арғын кім болып кетеді? Әй, ұйықтап калдың ба, Пендеке?
Ж а р ы л ғ а п. Арығынның қөзін дейсің бе? Байғұс жарымжан болатын шығар.
Р о л а н. Жарымжан? В смысле:  инвалид? Арғын дулат болып кетеді. Арғындардың белгісі – екі көз, ал дулаттардікі – бір көз. Ал инвалид менмін. Міне – аяғым жүрмейді. Енді осы джипке отырып жүрмін.
Жа р ы л ғ а п. Көп оқыдың ғой, айналайын.
Р о л а н.  Тыңда... Екі қазақ  кездеседі. Біреу айтады: «Әй, сен әлі бұрынғы ескі бәйбіше-джипты жүргізіп жүрсің бе? Жаңа тоқал-джипты алмайсың ба?».  А этот... екінші қазақ айтады: «Тоқал-джип кішкентай өте. Менің қарным сыймайды». Ал анау айтады:«Әй! Сенің қарның бәйбіше-джипке де сыймайды!». Ал екіншісі  айтады оған: «Жоқ, ол үйренген ғой».  Не смешно?
Жа р ы л ғ а п. Бәйбіше-джип, тоқал-джип дедің бе?  Ол не деген сұмдық?
Р о л а н. Да джип кәдімгі! Один үлкен, екінші – кішкентай. Машины такие: тұмсығы осындай...
Жа р ы л ғ а п. Темір машина ма?
Р о л а н. Әрине темір.
Жа р ы л ғ а п.  Дұрыс айтасың, қарағым. Қандай темір болса да, қазақ үйретеді ғой.
 
Ролан қарқылдап күлді. Осы  кезде Галина Галиевна, Раушан, Айша кіреді. Раушанның шашы қысқа,  басында – бейсболка, аузында  темекісі  бар, жақындамай тұрып калды.
 
А й ш а. Ағатай, сәлематсіз ба?
Жа р ы л ғ а п. Айша, қызым, амансың ба?
 
Айша үнсіз. Қалғандары да ләм демейді.
 
Г а л и н а  Г а л и е в н а. Аман, аман болмай не болады қызыңызға? Жәке... Айтпақшы...  Ойбай! Мені анау басын жоғалтқан Сары қатын күтіп отыр ғой! Барып келейінші...
Р а у ш а н. Галина Галиевна!
Г а л и н а  Г а л и е в н а. Иә, не болды?
Р а у ш а н. Болды.
Г а л и н а  Г а л и е в н а. Жәке... қызыңыз... Анау басын іздеп келген  сары қызды айтып тұрғаным...  қалада осылай... әйелдер басын жоғалтады... Ал, сіздің Айшаңыз ақылды ғой... өмірлес жолдасын тауып алды.   Міне, Айшаның жары, сіздің күйеу балаңыз... Қарсы аласыз ба, жоқ қарсы алмайсыз ба – өзіңіз білесіз.
Жа р ы л ғ а п. Балам, сенің атың кім?
Р а у ш а н. Раушанбек
Жа р ы л ғ а п. Раушанбек дедің бе? Жақсы, Раушанбек, Айшаны аласың ба, үйленесіңдер ме?
Р а у ш а н. Аламын, жақсы көремін ғой.
Жа р ы л ғ а п. Қызым, анасыз өскен ботам, енді... жасың келді ғой... Ақ жаулық тағатын жасқа келдің. Бақытты бол. Не айтамын тағы?  Кешір мені... Құдай біледі, сенің маған... бүкіл әлемде... Тағдырдың осылай жазғаны болса...
 
Сары әйел келіп қалады. Оны көрген  Раушан ақырын шығып  кетеді.
 
С а р ы   ә й е л. Галина Галиевна!
Г а л и н а  Г а л и е в н а. Енді не істейін, қайда барайын? Не деген әйелсің! Осындай жағдай болғанда... Кайдан алам мен сенің басыңды?  Мә,  же, менің басымды кесіп же!
С а р ы  ә й е л. Мен сізге айттым ғой, Галина Галиевна, керек жоқ маған сіздің басыңыз! Маған менің басымды тауып беріңіз!
Г а л и н а  Г а л и е в н а. Жоқ, сары  жағал, мен қазір қойдың басын айтып тұрған жоқпын! Мен өзімнің кәдімгі басымды айтып тұрмын! Сенің бетіңді көргеннен  гөрі  өлгенім жақсы! Құрбан болайын ! Не болды осы адамдарға, ақыр заманды орнатқаны ма?
Р о л а н. Ақыр заман – это круто.
Жа р ы л ғ а п. Иә, ақыр заман жакындаған сияқты. Бір белгісі – жер бетіне мұнай шықты.
А й ш а. Қорқам.
Г а л и н а  Г а л и е в н а. Жәке, қойдың басы әрине, ет болмас, бірақ арзан. Мына қатынмен барып қойдың басын арзандығына қызығып алып едік. Сол бастар пәле болып тұр. Әй, сары жағал, енді сен саласың етінді менің холодильнигіме! Үндеме, үндеме, айналайын. Жоқ болып кеткен бір қойдын басының орнына он қойдың еті қазандарға түсуге тиіс... Біздің  Айша келін болған кезде...
С а р ы  ә й е л. Қандай той? Кандай келін? Кім келін? Жоқ, Галина Галиевна! Әңгіме біткен жоқ! Бас – өз бетімен,  шелек туралы не айтасыз?! Міне, енді шелегімді ұрлап кетті! Сколько можно терпеть! Я жаловаться етем! Прокурорға барам!
Г а л и н а  Г а л и е в н а. Бар, бар.
С а р ы   ә й е л. Көреміз!
Г а л и н а  Г а л и е в н а. Көрсек көрерміз.
С а р ы   ә й е л. Мында, наконец, порядок керек! Мынау постороний кісі, мысалы, не істеп жүр?
Г а л и н а  Г а л и е в н а. Ей, сары  жағал, сонда осы жасы үлкен  азамат біздің жатақханаға сенің мусор салатын шелегіңді ұрлауға келді  деп ойлайсың ба?
С а р ы   ә й е л. Бөгде адамдарға біздің общежитияда болуға рұқсат жоқ! Тем более – ер адамдарға! Я все выясню!
Р о л а н. Надо выяснить! Это все очень подозрительно... Мусор шелекті басы дүрыс адам ешқашан ұрламайды. Ұрыға жаман  шелек керек жоқ, оған шелектің ішіңде жатқаны керек болды.
Г а л и н а   Г а л и е в н а. Балам, қалжыңдамашы. Сенен басқа да миымды су қылатын адамдар жетеді...
Р о л а н.  Ешқандай су қылатын емес. Ұрының мақсаты – мусорды көріп, тексеріп хозяйканың барлық тұрмысын  білу.
С а р ы  ә й е л. Не үшін?
Р о л а н. Американың киносын карамайсыз ба? Онда осындай залымдарды көрсетеді. Олар әйелдердің, тығылып, артынан жүріп, қалмайды, әйел тастаған мусорды тексереді. Мусор, керек болса, жай қоқым емес. Мусор – информация: қандай тамақ адам жейді, кандай сабынды жақсы көреді, әсіресе, лақтырып жіберген қағаздардан көп нәрсені біліп алады... Сосын зорлықшыл бәрін біліп алып, әйелдің үстінен  түсіп зорлықты жасайды!   Оларды американдықтар perversion man дейді.
С а р ы   ә й е л. Галина Галиевна! Сіздің мынау балаңыз! На каком основание ол әйелдер жатақханасында тұрады?!
Р о л а н. Ұрлаған шелек былай тұрсын. Шелек – ол бірінші ғана белгі. Екінші, өте қауіпті сигнал – жоқ болып кеткен бас. Значит, бас кесу. Келді уақыт. Шелектен біреудің басын табамыз.
С а р ы  ә й е л. Кімнің басын?
Р о л а н. Қайдан білейін. Біреудің.
С а р ы   ә й е л. Галина Галиевна! Сіздің балаңыз... әрине, сіздің балаңыз, бірақ...
Р о л а н. Killer is here already and he is ready to kill his victim. Who is the killer? О. К?
Г а л и н а   Г а л и е в н а. Менің баламда, сары жағал, жұмысың болмасын! Менің балам мұнда тұрмайды. Каникулда мамасына келіп жүр!
Р о л а н. Окей.
Жа р ы л ғ а п. Мәскеуде оқу оңай емес қой. Жат елдің тілін біліп алу. Демалсын бала. Жерді  сатып алып жүрген мырзалардың біреуі  не қазақша не орысша  білмейді, сорлы, сен сияқты  «Окей» деп отырған. Ол, айналайын, не деген сөз?
Р о л а н. Окей – жаныңды сақта деген сөз.
Жа р ы л ғ а п. Сақта дедің бе? Туған жерін сақтай алмай жүрген алаш ұрпағы қалай жанын сақтасын?
С а р ы  ә й е л. Бәрі өтірік!
Р о л а н.  Біздің заманда жанды сақтайтын бір нәрсе ғана бар – ақша. Сақтайтын да, құртатын да сол. Сары әйелге карап Өлтіретін киллерге   доллармен төлейді. Бір шелекті толтырып төлейді. С а р ы  ә й е л. Галина Галиевна!..
А й ш а. Қорқам...
Г а л и н а  Г а л и е в н а. Не болды, айналайын? Неден қорқам деп тұрсың? Сары  жағал, шошытып жібердің ғой аяғы ауыр Айшамызды!
С а р ы  ә й е л. Мен?! Сіздің балаңыз не болса да соны айтып отырған! Сөз жоқ!
 
Сары әйел шығып  кетеді.
 
Г а л и н а  Г а л и е в н а. Сен де, балам... болмайтын, жаман әңгіме  айтасың...
Р о л а н. Шутка ғой.
Г а л и н а  Г а л и е в н а. Құрсын сенің шуткаларың!
Жа р ы л ғ а п.  Айша, қорқуыңды кішкене басшы... Не үшін келгенімді тағы да ұмытып қаламын.  Мынау ақша – ақша ма?
 
Жарылғап калтасынан бір пачка  долларды шығарып,  Айшаға көрсетеді. Айша орнынан қозгалмайды. Жарылғаптың қасына Галина Галиевна келіп қалады.
 
Г а л и н а Г а л и е в н а. Жәке! Сіздің қолыңыздағы доллар ғой!
Жа р ы л ғ а п. Ақшаның құны бар екенін естідік.  Қай елдің ақшасы, қарағым?
Г а л и н а  Г а л и е в н а. Американың ақшасы.
Жа р ы л ғ а п. Мен де солай ойладым. Әріптер басқа, суреттегі салған адамның жүзі Ленинге ұқсамайды. Сақал-мұрты жоқ, шашы өсіп кеткен... Киімі ескіше.
Р о л а н.  Ол Вашингтон!
Жа р ы л ғ а п. Ол да орыс па?
 
Ролан күледі.
 
Р о л а н. Лениннің атасы!
Жа р ы л ғ а п. Құны зор ма?
Р о л а н. Доллар ғой! Доллар бүгін адамдардың ең үлкен арманы, доллар бақыт әкеледі, доллар мықты қылады, доллар, керек болса, адамды емдейді.
Г а л и н а  Г а л и е в н а. Ролан!
Р о л а н. Немене – Ролан? Сонда мен немене өтірік айтып отырмын ба?  Пендеке, бір доллар маған берші.
 
Жарылғап үнсіз долларды Роланның колына ұстатады. Ролан  ақшаны  маңдайына жабыстырып алады.
 
Р о л а н. Міне – аяғым.., өзіңіз көріп тұрсыз, жүрмейді... Ал енді... Вашингтон аруақ!
Г а л и н а  Г а л и е в н а. Қой  дедім!
Р о л а н. Су басында Вашингтон! Су аяғы Рузвельт! Уа! Арт жақта Калифорния бар, бер жақта Флорида бар! Доллар, әл бер, саулық бер! Бисмилля, Христа Бога ради, Рама Кришна! Тұрдым! Міні? Тұрып қалдым! Жүріп кеттім!
 
Ролан коляскадан аяғына тұрып алады.
 
Р о л а н.  Жазылдым, жазылдым! Пендеке, тағы  долларды қосып беріңіз – билеп жіберейін!
 
Галина Галиевна баласын желкелеп ұрып жібереді.
 
Г а л и н а  Г а л и е в н а. Болды! Кет бұл жерден!
Жа р ы л ғ а п.  Жазылғаны жақсы ғой, қарағым.
Г а л и н а  Г а л и е в н а. Кешіріңіз, Жәке. Бала ғой әлі...
Жа р ы л ғ а п.  Мен Ленинмен алпыс алты жыл бірге өмір сүрдім, оны жақсы білемін. Ал атасын танымаймын, ол маған жат адам сияқты көрінеді.  Галина Галиевнаға Сонымен, қарағым, осы ақша менің қолымнан сіздің қолынызға ұшып кетсе дұрыс болады деп ойлаймын.
Г а л и н а  Г а л и е в н а. Не айттыңыз, Жәке? Кешіріңіз, ниетіңізді түсінбедім...
Ж а р а л қ а п. Түсінбейтін несі бар? Алыңыз.
Г а л и н а  Г а л и е в н а. Жо-жоқ! Алмаймын! Сіз маған қарыз емессіз, мен сізден қарызға ақша сұраған  емеспін!
Р о л а н. Не қыласың, алмайды. Жоқ,  Пендеке, мен мамамды білемін – сөзінен қайтпайды.
 
Осы сәтте  басқыштың артынан Раушан көрінеді, ол  жақын келмей, сол орында тұрып қалады.
 
Жа р ы л ғ а п. Ниетім  түсінікті. Қарағым! Үш жыл менің қызымның туған апайы сияқты болдыңыз...
Г а л и н а  Г а л и е в н а. Оны кім айтты?
Ж а р ы р л қ а п. Ел құлағы елу – деген. Хабарсыз отырмаймыз. Жақсылығыңызға көп рахмет, мәңгі борыштармыз сізге. Неге екенін білмеймін, келешекке қарасам, қарағым,  қызым сияқты мен де қорқам... Күндері не болады жетім калған  жалғыз баласымен... Әсіресе, қазір Айшама анасындай қамқорлық қажет...
Г а л и н а  Г а л и е в н а. Айшаның  болашағын  ойласаңыз ақшаны қызыңызға беріңіз.
Жа р ы л ғ а п. Оған беретін ақша бөлек қой.
Г а л и н а  Г а л и е в н а. Жоқ, алмаймын. Кешіріңіз, Жәке. Контракт болса, нотариус қолын қоятын қағаз...
Жа р ы л ғ а п. Контракт, нотариус, қарағым, біз – қарапайым адамдармыз, түсінбейміз.
Г а л и н а  Г а л и е в н а. Жоқ. Өте үлкен ақша... Мен соншама көп долларды ешқашан қолымда үстаған жоқпын.
Жа р ы л ғ а п. Келгендей сұрағым есінізде емес пе? Балам тірі екеніне көзім жетті... Біз сізбен үлкен адамдар болып түсінісеміз ғой:  мен жай бойдақ шабанмын... қалада тұратын баланың ісіне жөнде мән бере бермеймін. Сіздің балаңыз дұп-дұрыс айтады: пендеке.
Г а л и н а  Г а л и е в н а. Әлдене...
Жа р ы л ғ а п. Сіздің де ойыңыз дұрыс: қырда жүрген қазаққа осындай ақша қайдан келсін.
Г а л и н а  Г а л и е в н а. Оны мен айтқан жоқпын, Жәке!
Жа р ы л ғ а п. Мен сіздерге бір ертегі айтайын. Он – он бір жыл бұрын ба біздің бастықтар жерді сатып алуға зорлап көндірді. Маған берген  жерлері қат-қабат кұм. Амал жоқ. Бар ақшамды төлеп,  сол жерді сатып алдым.
Р о л а н. Ертекке ұқсамайды, газеттің мақаласы сияқты: «Құрып бара  жатқан ауылдарды кім сақтайды?». Жарайды, кім осы долларды алады? Пендеке? Жоқ. Мама? Жоқ. Онда мында жатсын.
 
Ролан долларды үстелдің үстіне тастайды. Енді ақшаны ешкім алмайды.
 
Г а л и н а  Г а л и е в н а. Жеріңіз кең бе?
Жа р ы л ғ а п. Оны кім өлшеген? Бір шетінен екінші шетіне таң  сәріде аттанып шықсаңыз, күн батқан мезгілде жетіп қаласыз. Басқұм.  Әйтеуір, екі – үш түйелерді бағып жүруге жарайды.
Г а л и н а  Г а л и е в н а. Құм арасында қалай өмір сүруге болады – түсінбеймін...
Жа р ы л ғ а п. Құмда да тіршілік бар. Құдайға шүкір – бір кесек ет, бір жұтым шұбат бар ғой. Шындықты айтсам, Айшаның мамасы о дүниеліқ  болған күннен бастап сол құм маған пана болды. Мал бағып...
Р о л а н. Мал бағып бір  күні құмның арасынан Алладиннің лампасын  тауып аласыз.
Жа р ы л ғ а п. Бес – алты ай бұрын қаладан келген жігіттер маған  сәлем беріп келді. Мәдениетті, білімді жігіттер. Көп отырмай жерімді тесуге рұқсат сұрады. Қолдарында үкіметтің ресми қағаздары бар, қалай қарсы шығасын... Қонды. Уақытша жерді пайдалану үшін ақысын да төледі. Осы доллармен.
Г а л и н а  Г а л и е в н а. Не іздеп жүрді соңда олар?
Р о л а н. Не іздейді бүгінгі ертекшілер? Әрине мұнай.
Г а л и н а  Г а л и е в н а. Тапты ма?
Жа р ы л ғ а п. Тапты ғой, қарағым. Енді жерімді сатып алуға мені үгіттеп жүр. Г а л и н а  Г а л и е в н а. Көндіңіз бе?
Жа р ы л ғ а п. Жоқ әлі... Бір жағы баламмен ақылдасуға келдім. Біз не білеміз? Наданбыз ғой...
А й ш а.  Әкетай... Галя-апай... аурып барады... Шыдатар емес... Ой-ой, мама...
Г а л и н а  Г а л и е в н а. Айша, айналайын, не болды? Түрің өзгеріп кетті ғой. Сонымен, Жәке, анау мұнай тапқан азаматтар...
А й ш а. Раушан! Галя-апай!
Г а л и н а  Г а л и е в н а. Не болды, не болды сен  қызға?!
 
Айшаның қасына Раушан жүгіріп келеді.
 
Р а у ш а н. Айша, мен мұндамын!
А й ш а. Ішім... Тартып барады... Мама!
Р о л а н. Да она рожает!
 
Ән естіледі:

Жағалай қонған ақбоз үй,

Ақбоз үй бір-бір шаңырақ.

Ақ самал болып ақса күй,

Қозы мен лақ жамырап.

 

Баяулап барып батты күн

Асықпай әбден жайланып.

Жерошақ жақтан ақ түтін

Кете алмай қойды айналып.

 

Даланың кеші мәуелі,

Маужырап бір сәт қалғаны.

Бітпеген кеше әуенін

Құрбақа қайта жалғады.

 

Түн жайды қоңыр желегін

Таусылар енді сыр қайтіп...

Ертеңгі күннің келерін

Әр үйдің шамы тұрды айтып.

 

(Сөзі – С. Тұрғынбековтікі

Әуезі – М. Құсайынікі).

 

Е К І Н Ш І   АКТ

 

Бесінші көрініс

 
Жатақхананың әрлі-берлі өтетін  ауыз бөлмесінде Раушан жалғыз жүр. Үстел  бетінде газет жатыр. Бөлмеге сырттан  Қапа кіреді.
 
Қ а п а. Раушан!
Р а у ш а н. Сен мұнда не істеп жүрсің?
Қ а п а.  Жаман тоңдым... Жоқсың ғой. Үш сағат сені күтіп тұрдым. Бұрымың қайда?
Р а у ш а н. Шашымды қайтесің, одан да  болашақ жайлы ойла.
Қ а п а. Қандай болашақты?
Р а у ш а н. Біздің болашақты!
Қ а п а. Ей, Раушан,  кемпір сияқты ақыл айтқан саған жараспайды.
Р а у ш а н. Бір шалдың кемпірі болсам,  кемпір болуға қарсы емеспін.
Қ а п а. Не айтып тұрсың? Қандай шал?
Р а у ш а н. Миллионер шал!
Қ а п а. Кім ол?
Р а у ш а н.  Айшаның әкесі.
Қ а п а. Қой, розачка моя. Айшаның әкесі миллионер? Қырдағы адам?  Өзің айтып едің ғой...
Р а у ш а н. Иә, қырда тұрады, бірақ бәрі бір – нағыз миллионер болып шықты!
Қ а п а. Мәcсаған! Түү, сол қызбен жүрмей... Кешір, кешір, розачка моя, жай айтқаным ғой... теоретически.
Р а у ш а н. Айшада сенің жұмысың болмасын! Айшам, байғұс, қандай бақытсыз еді...
Қ а п а. Бақытсыз? Папкасы миллионер болса? Біреу тойып секіреді, біреу тоңып секіреді. Кешір, кешір, розачка моя. Жарайды, болсын, болсын... әкесі – миллионер, қызы – бақытсыз.
Р а у ш а н. Сенбейсің?
Қ а п а. Сенем.
Р а у ш а н. Өтірік айтпа.
Қ а п а. Қандай өтірік? Неге қазақ ауылында  миллионер болмайды екен? Болады. Біздің жақта бір ағайка тұрады – бес жүз жылқысы бар! Енді сана: соғымның бағасы – елу мың. Елу мыңды көбейтеміз бес жүзге...
Р а у ш а н. Күлдірме мені. Мал байлық емес.
Қ а п а. Сыр болмаса – байлық дегеніміз не сонда?
Р а у ш а н. Мұнай.
Қ а п а. Мұнай? Қарапайым шопанның қолында қандай мұнай болады? Сен мені күлдірме.
Р а у ш а н. Сол шопанның  жерінің астынан мұнай шықты!
Қ а п а. Одан не бар?
Р а у ш а н. Қалай түсінбейсің! Мұнайдың бағасын білесің бе? Дүниеде ең бай адамдар білесің бе кім? Мұнай сататын адамдар. Араб шейхтері, орыстарда бір еркегі, фамилиясын  ұмытып тұрмын, жетім өскен – детдомда, бір күнде миллиардер болып алған! Европода, Парижде жүз қабаттық үйлерді сатып алып жүр! Кеме, самолеттарды! Ал  әйелдерінің маржан-бриллианттары сумкаларына сыймайды!
Қ а п а. Розачка моя, арманнан тәтті зат жоқ... Бірақ біздің қазақ шопанының мұнайға қандай қатысы бар?
Р а у ш а н. Жер соныкі ғой, Қапа, қалай түсінбейсің?!
Қ а п а. Жердің бетінде жатқан топырақты оныкі десек болады. Ал жердің астында жатқан заттарға  шопан ие емес.
Р а у ш а н. Бәрібір!
Қ а п а. Жоқ, бәрі бір емес. Қалай түсінбей тұрсың! Жердің астында жатқан заттар, мұнай болсын, жез болсын, көмір болсын,  бәрі мемлекеттікі. Бүкіл елдің меншігі.
Р а у ш а н. Ой, қойшы өзің! Сен осы заманда бүкіл елдің меншігін  қайдан көрдің? Жел айдаған қаңбақ болмаса.
Қ а п а. Сондай заң бар.
Р а у ш а н. Заң! Күлдірме. Көрдік қой біз сендердің заңдарыңды! Мемлекет заңы бөлек, крутойлардың заңы бір бөлек!
Қ а п а. Жарайды. Заң туралы айтпай-ақ қояық. Бірақ мемлекет жалғыз заңдар  ғана емес, мемлекет – әкімдер, финполиция, тағы неше түрлі мықтылар. Олардың қайсысы қара қазақ шопанға  мұнайды бере салсын? Сен өзің айтқан крутой ағашкалар келіп, аналарға пара беріп, мыналармен совместный фирма жасап, сенің шопаныңның не то что мұнай, сүйек майын сорып жұтып алады!
Р а у ш а н. Олай болса, неге  олар қара қазақ шопанның жерін әлі тартып алған жоқ? Не үшін жаман шопанға келіп, сәлемдесіп, мың-мың долларды қолына ұстатып жібереді? А? Ал, енді жауап бер маған, бәрің шетіңіңнен  заңшылсың.
Қ а п а. пауза Алдарту үшін.
Р а у ш а н. Шопан шалды, мүмкін, алдар, ал мені алдай алмайды!
Қ а п а. Сенің қандай қатысың бар?
Р а у ш а н. Бар.
Қ а п а. Розочка моя, бос сөзді қой.
Р а у ш а н. Бос сөз емес. Менің де құқым бар.
Қ а п а. Ал, айт, мылжыңдамай.
Р а у ш а н. Не дедің? Кім мылжың?
Қ а п а. Кешір, кешір, розочка моя!
Р а у ш а н. Мен саған «розачка емеспін»! Мен Жарылғап мырзаға күйеу  бала боламын.
Қ а п а. Не айтып тұрсың? Қалай сен күйеу бала боласың? Есің дұрыс па?
Р а у ш а н. Боласың емес, болдым!
Қ а п а. Әй, розачка...
Р а у ш а н. Розачканы басқа  жерден  ізде.
Қ а п а. Жақсы, жақсы.., Раушаным, дұрыстап айтшы. Түк түсінбей қалдым...
Р а у ш а н. Біз Айшамен... үйлендік.
Қ а п а. Немене?!
Р а у ш а н. Құлағың бар болсын.
Қ а п а. Жынды.
Р а у ш а н. Сен өзің!.. Жексұрын!
Қ а п а. Жоқ, жоқ! Қазір мен жындануға тиіспін. Құдай үшін, аяшы  мені, түсіндірші: қызбен қыз калай үйленеді?
Р а у ш а н. Үйленеді. Батыста. Америкада. Оларда, потому что  – бостандық!  Ал бізде – феодолизм!
Қ а п а. Розачка, саған феодолизм не істеді?
Р а у ш а н. Демократия жоқ! Лесбанкалар...  жоқ: лесбийколардың да құқы болу қажет!
Қ а п а. Жарайды, жарайды, болсын, розачка моя, бірге тұратын әйелдерді айтасың ба?
Р а у ш а н. Сен  түкті де білмейсің! Білесің бе қандай атақты әйелдер бар: американың  кинозвездалары, саясатшылар – бір мемлекеттің президенті,  тенис ойнайтын чемпиондар... телевизорда көрсетті... осындай лесбинк... лебсиинк... леб...
Қ а п а. Еркек шораны.
Р а у ш а н. Жоқ. Еркек шора – жай қыздардың еркекке ұқсас киінгені болмаса...  Ал мұнда әйел әйелмен ерлі-зайыпты сияқты бірге тұрады.
Қ а п а. Қойшы, розачка моя. Келші маған...
Р а у ш а н. Ары тұр! Осы – еркектердің пристование бізге оскорбление!
Қ а п а. Не болды саған? А – а... түсінікті! Кешір, енді сен Айшаға  жұбай болып жалғыз онымен ғана құшақтасуға міндетті екенісің ғой... Сонда... кешір, жалғыз бір нәрсені түсінбеймін... сіздер бір-бірің... калай... баланы клонированиемен жасайсыңдар ма, әлде  әйелің саусақтан жүкті бола  ма?
Р а у ш а н. Ұятсыз! Аузыңды  жұлып алайын ба!
Қ а п а. Болды, болды!  Өлтіресің ғой!
Р а у ш а н. Өл! Оңбаған, ұятсыз!
Қ а п а. Мен ұятсызбын ба?  Онда сен кімсің? Елімізде болмаған сұмдық масқараны айтасың! Лесбиянкалар ма,  лас-биянкалар ма...  Америка-Европода-ақ өрши берсін! Сайтан алсын оларды. Ал, біз – бөлекпіз. Сонымен – қоялық, розачка моя. Еркек өз орнында, қыз-келіншектер – өз жөнінде болсын.
Р а у ш а н. Қапа, не айтып тұрсың,  мен сені ғана жақсы көрем! Бірақ махаббатпен тұрмыс қейде бірге тұрмайды...
Қ а п а. Қой дедім ғой!
Р а у ш а н. Жарайды, жарайды... Басым әбден айналып кетті... Жалғыз нәрсені білемін: кері қайту  мұмкін емес...
Қ а п а. Не деп тұрсың?
Р а у ш а н. Бәрін қайта істеу!
Қ а п а. Менім де басым қатып қалды! Жөніңді айтшы!
Р а у ш а н. Айшаның әкесі кенеттен келіп қалды...
Қ а п а. Кенеттен келсе – немене?
Р а у ш а н. Қалай түсінбейсің! Айша екі қабат...  Сосын... амал жоқ... мен болдым...
Қ а п а. Өлтірсең  де – түсінбеймін! Кім болдың?
Р а у ш а н. Театрдағыдай рөль ойнадым.
Қ а п а. Қандай рөль?
Р а у ш а н. Айшаның жолдасы.
Қ а п а. Не үшін?
Р а у ш  а н. Ұятты жабу үшін.
 
Қапа  тоқтамай  күледі.
 
Қ а п а. Ой... Ой... Бұ... Бұ... Мыналар... Ой... Болды, болды! Құдай үшін, үндеме, үндеме!
 
Раушан жұдырығымен Қапанын маңдайынан түртіп қалды. Қапа шалқасынан құлап түседі.
 
Қ а п а. Ай... Сен немене?
Р а у ш а н. Қапа, мен сені өлгенше сүйемін. Арманым – сенімен өмір сүру, жалғыз сенен бала табу... Қалай түсінбейсің? Айшамен шынында айырлмас доспыз. Сіңлім сияқты. Ал, қалай оған күйеу болдым... солай болу өте қажет болды. Шалды алдарту үшін... уақытша... шашымды кесіп. Бір жағынан – күлкілі.., бірақ мұнда күлетін түк жоқ.
Қ а п а. Өтірік айтпа! Жат ақшаға қызғанып бәрін  жасап жүрсің!
Р а у ш а н. Солай ойлайсың ба? Жарайды – солай-ақ ойла. Не ойласаң да –  өзің біл! Ал... ақша... Неге маған жат? Ол мұнай сатқанынан келетін ақша! Ал біздің қазақтың жерінің  мұнайы бүкіл халықтың байлығы!  Менікі де! Мен өзімнің  ақшам үшін, керек болса, нағыз еркек те боламын, жетпесе – айдаһар болуға дайынмын!
Қ а п а. Здравствуй, крокодил, и досвиданье.
Р а у ш а н.  Қапа, Қапа... Тоқташ! Сен де ойлап жүр емес пе ең  біздің болашақ жайлы...
Қ а п а. Розачка, құдай үшін – болды! Миымды ашытпашы.
Р а у ш а н. Қапа, сүйіктім! Махаббат әрине тәтті, бірақ... ол жай құмарлық сезім ғана. Бақытты өмір сүру үшін жұбайларға... әсіресе жас жұбайларға ақша керек, көп ақша... пәтер қажет... Сен әлі студентсің. Сенде де, менде де бірге тұратын үйіміз де жоқ. Отау болмаса, қайда барып күн кешеміз?  Қанша зат керек десеңші... кілем, телевизор «Sony»... Жиһаз, ыдыс-аяқтан бастап...
 
Осы сәтте Сары әйел келеді.
 
Р а у ш а н. ...шелекке дейін...
С а р ы   ә й е л. Қаншық! Ақыры түстің бе қолыма!
Р а у ш а н. Кім қаншық?
С а р ы   ә й е л. Сен! Әкел шелегімді!
Р а у ш а н.  Қандай шелекті?
С а р ы   ә й е л. Мусор салатын шелегімді!
Р а у ш а н. Қайтемін сенің жаман шелегіңді?!
С а р ы   ә й е л. Әкел дедім!  Мен көрсетем сендерге! Сотқа берем! Мен... президентке жазам!  Құтылып көріңдер!
Р а у ш а н.  Кетші, кәрі қыз!
С а р ы   ә й е л. Кім кәрі қыз?
Қ а п а. Қойшы, Раушан, қайтесің...
С а р ы   ә й е л. Сен өзің қайтесің осы сасық қызды?
Р а у ш а н. Кім сасық?
С а р ы  ә й е л. Между прочим, сен еркек,  не іздеп жүрсің? Кімсің өзің? Қандай мақсатпен келдің? Ал сен, Раушан? Неге шашыңды кесесің? Бәрі подозрительно!
Р а у ш а н. Оған басың ауырмасын...
С а р ы  ә й е л. Жо-жоқ, жайдан жай әдемі бұрымды  кесіп тастамайды! Кімнен жасырынып жүрсің?
Р а у ш а н. Апай, сенен  шаршадым,  кешір... Өзің жақсылап ойланушы: сенің мусор шелегіңді  қайтемін?
С а р ы  ә й е л. Білмеймін. Сен өзің алмасаң, бас пен шелегімді алған кісіні танисың.
 
Сары әйел  үстел  бетінде жатқан газетті жұлып  алады.
 
С а р ы   ә й е л. Менің газетімді де  сұрамай алдың?
 
Газеттің  астында жатқан  долларды көріп, қарақұрт көргендей шошынып кетеді.
 
С а р ы   ә й е л. Кім берді сендерге мына долларды?!
Р а у ш а н. Ешкім берген жоқ. Не айтып тұрсың, кім береді бізге соншама көп ақшаны? Мында бес – алты мың!
С а р ы  ә й е л. Соншама көп долларды бермейді... Төлейді! Кім төледі сендерге?
Р а у ш а н. Әй, есің дұрыс па? Кім бар бізге төлейтін? Не үшін  төлейді?
С а р ы  ә й е л. Адам  өлтіру үшін!
Р а у ш а н. Немене? Кімді?
С а р ы  ә й е л. Басым қайда? Шелекте ме?
Қ а п а. Апай, тыныш.., тыныш...
С а р ы   ә й е л. А – а – а! Жақындама маған, жақындама!
Р а у ш а н. Өшір үніңді!
С а р ы   ә й е л. Жоқ, сендер мені өлтіре алмайсыңдер! Мен... мен... Мен өзім сендерді! Жақындама!
 
Сары әйел қашып кетеді.
 
Қ а п а. Не болды мына әйелге?
Р а у ш а н. Қош келдіңіз әйелдер жатақханасына. Кейде осындай жағдай кәрі қыздармен болып тұрады.
 
Қапа долларға қолын созады.
 
Р а у ш а н. Тиме!
Қ а п а. Сен көрдің бе? Кімдікі?
Р а у ш а н. Айшаның әкесінікі.
Қ а п а. Айтқаның шындық болып шықты ғой... Сонша көп ақшасын осылай тастап кете бере ме? Қызық екен... шопан шал!
Р а у ш а н. Айша босанатын болды!  Галя-апаймен бірге әкесі роддомға апаратын болды. Ал мен қалдым... доллар жоғалса  – бізден көреді ғой.
Қ а п а. Әрине, атасының ақшасын күйеу баласы қарап отырмаса, кім сақтап қалады?
Р а у ш а н. Қапа! Тағы мазақтап тұрсың ба? Рахмет саған, көп-көп  рахмет...
Қ а п а. Көп жаса.
Р а у ш а н. Бәрібір менің айтқанымды жасайсың.
Қ а п а. Солай ма?  Неге?
Р а у ш а н. Тәттілікке көнесің.
 
Қапа жатақхананың сыртқы есігіне бет алды.
 
Р а у ш а н. Қапа... Тастама мені... Жаным... ... Қазір өз өзімді түсінбей тұрмын.  Не істеп, не айтып отырмын? Не болды маған? Бір жаман түс   көрген жандай. Сен түсімнен оятып көзімді ашпасаң... маған көмектеспесең ауру болам!
Қ а п а. Мә, құлағыңа алтын сырға. Қазір айтамын кімсің, не істеп жүрсің!
 
Қалтасынан  алтын сырға  шығарып Раушанның қолына ұстатады.
 
Р а у ш а н. Қапа, мені аяшы!
Қ а п а. Жоқ, тыңда!
 
Раушан Қапаның қолындағы  сырғаға  назар салады.
 
Р а у ш а н. Мына сырға кімдікі?
Қ а п а. Маған Айшадан келген хаттың ішінде жатты.
Р а у ш а н. Неге саған хат жазады?
Қ а п а. Ит біле ме?!  Ренжіме, Раушан, сенің подружкаңды түсіну өте қиын.
Р а у ш а н. Хат сенде ме?
Қ а п а. Жоқ, лақтырып тасдадым.
Р а у ш а н. Хатта не жазыпты?
Қ а п а. Орынсыз бірдеме де. Осы сырға... бірдеңе... тағдыр жұлдыз...  күледі  Жалғыз қалған сырға екінші сырғаны іздейді. Немене тағы? Тауып алса бақытты болады. Екі сырға екі  үйленген жар... Тағы бірдеңе... есімде қалған жоқ.
 
Раушан қалтасынан  сырғаның бір сыңарын шығарып қолындағы сырғаға қосады да  жігітке көрсетеді.
 
Р а у ш а н. Бірдей ме?
Қ а п а. Иә...
Р а у ш а н. Айшаның сырғасы. Бір сыңарын  жоғалтып екінші  сырғасын естелікке алдыңғы күні  берген. Алмаймын десем, сырға саған бақыт әкеледі деп, болмады. Енді үйленеміз, амал жоқ.
Қ а п а. Көрерміз...
 
 
Қапа,біраз  ойланып тұрып,  үстел басына  келеді. Диванға отырады,  қолын созып долларға тігізеді.
 
Қ а п а. Он мың болатын шығар...
Р а у ш а н. Он мың!
Қ а п а. Жай бере салды ма?
Р а у ш а н. Жай? Қайдан! Мұнайдан...
Қ а п а. Жай? Қайдан! Мұнайдан! Сен немене: доллардың иісін сезіп өлең жазатын болғансың ба?  Сұрағым: жерін әлі сатқан жоқ па?
Р а у ш а н.  Жоқ.
Қ а п а. Онда варианттар бар...
Р а у ш а н. Мұнайдың  бизнесіне тырнағымызды іліндірсек! Содан соң, аз ғана  тартып алсақ. Сосын бәрі біртіндеп болады ғой!
Қ а п а. Асықпа, асықпа... Фантазияңды қоя тұр, розочка моя. Здесь мозгами пошевелить надо... Шабан шалды  аз-маз алдай тұруға болар, бірақ, мұнайшылардың юристерін  алдау мүмкін емес.
Р а у ш а н. Қапа,  ойлан, ойлан мозгаңмен!
Қ а п а. Заңды жақсы білетін кісі керек.
Р а у ш а н. Қапа... сен  Айшаға үйленсең?
Қ а п а. Немене?
Р а у ш а н. Өтірік. Жоқ, өтірік емес – заң бойынша...  Әрине, Айшамен бірге тұрмайсың...
Қ а п а. Қойшы, мен саған немене? Кейде адамда ер-намыс деген болады – естіген жоқсың ба?
Р а ш а н. Қапа, өзің айттың емес пе: саспайық...
Қ а п а. Қой деймін саған!
Р а у ш а н. Уақытша! Айшаға еш жамандық жасамаймыз. Қайта оны  ұяттан сақтаймыз. Баланың әкесі болады.
Қ а п а. Жоқ! Ол шаруаға менің еш қатысым жоқ!
Р а у ш а н. Олай деп кім айтып отыр?
Қ а п а. Маған  басқа біреудің баласының керегі жоқ!  Кім біледі ертең не боларын.
Р а у ш а н. Ертең  сен мұнайы бар жердің  иесі  боласың. Ал, сосын біздің қолымызға миллион доллар ақша түсіп тұрса, сен Айшамен шатақсыз  ажырасасың...
Қ а п а. Ажыраспасам ше?
Р а у ш а н. Ажырасасың, Айшаға сен бәрібір ұнамайсың. Подружкам  мені ренжітпес. Екі сырға есіңде ме?
Қ а п а. Раушан, бері қара...
 
Жатақханаға Галина Галиевна кіреді.
 
Г а л и н а  Г а л и е в н а. Бар болғаны сегіз-ақ ай! Титтей перзент баланың жаны қалай сақталмақ?
Р а у ш а н. Туды ма, Галя-апай?
Г а л и н а  Г а л и е в н а. Жоқ әлі. Байғұс  қиналып жатыр.
Р а у ш а н. Мен қасында болмадым.  Айша әрине мені түсінетін шығар...
Г а л и н а  Г а л и е в н а. Айша түсінсе, мен  түсінбей тұрмын: молодой человек мұнда не істеп жүр? Кім сізді кіргізді?
Р а у ш а н. Мен. Айшаға келді.
Қ а п а. Сәләматсыз ба?
Г а л и н а  Г а л и е в н а. Айшаға? Мен сені білем ғой. Әй, қыз, мына  молодой человек сенің жігітің емес пе?
Р а у ш а н. Жоқ? Жай таныспыз. Шындықты айтсам: Айшаның досы...
Г а л и н а  Г а л и е в н а. Мейлі, таныс-дос, қош бол.
 
Қапа қозғалмады.
 
Г а л и н а  Г а л и е в н а. Иә, тағы не күтіп отырсыз?
Р а у ш а н. Мен шығарып салайын.
Г а л и н а  Г а л и е в н а. Шығарып сал, шығарып сал.
Р а у ш а н. Қапаға Кетейік...
Қ а п а. Сау болыңыз.
Р а у ш а н. Галя-апай, долларды не істейміз?
Г а л и н а  Г а л и е в н а. Түкте істемейміз. Жатқан жеріңде сол бетімен жатсын.
Р а у ш а н. Газетпен жабайын ба?
Г а л и н а  Г а л и е в н а. Жапсаң жап.
Р а у ш а н. Ашық қалдырайын ба? Айшаның әкесі кеткенде ашық  жатқан.
Г а л и н а  Г а л и е в н а. Үстіне отырып алсаң да маған бәрібір. Әй, қыз, Айшаның роддомда киетін халат, бір-екі таза дамбалын...  Қапаға Ай, бала, сен тыңдама... Раушанға ...жинап ал.
Р а у ш а н. Қазір жинап берем.
Г а л и н а  Г а л и е в н а. Жарайды. Өзім алам, тексеріп... Ролан! Сен қайда жүрсің? Балам-ау, ұйқтап қалдың ба? Раушанға Сен, қыз, мында кел... газетімізді көзіңді жаппай оқы. Мен лезде кайтамын. Қонағың  өзі  жол тауып шығады. Көп созба.
Р а у ш а н. Жақсы, Галя-апай.
 
Галина Галиевна жоғары қабатқа қөтеріледі. Раушанмен Қапа  сыртқы ескке жақындады.
 
Қ а п а. Кеттім.
Р а у ш а н. Тоқта.
Қ а п а. Ертең кездесерміз. Ойлану керек, жақсылап ойлану керек. Мен бір юристпен тілдесіп алайын...
Р а у ш а н. Ойлайтын түк жоқ. Басқыш  жаққа  қарап Кетіп қалды ма? Көрінбейді.
Қ а п а. Кеттім.
Р а у ш а н. Тоқта, дедім ғой. Қазір саған кетуге болмайды.
Қ а п а. Неге?
Р а у ш а н. Сезіп тұрмын.
Қ а п а. Қойшы енді, Раушан! Бәрібір сенің Галя-апайың мені қуып жібереді.
 
Есіктің қасында өрт сөндіруге арналған  аспаптар  ілніп тұрған  тақтайдан жасалған үлкен қызыл щиттың  артынан Сары әйел  басын шығарып қарайды.
 
С а р ы   ә й е л. Мұнда кел!
Р а у ш а н. Ойбай! Шошытып жібердің ғой, кәрі... апай. Не істеп тұрсың онда?
С а р ы  ә й е л. Кел, кел тезірек...
Р а у ш а н. Сен мына жаққа қалай өткенсің, апай? Мен осында болдым ғой...
С а р ы  ә й е л. Сендер білмейсіңдер!
Р а у ш а н. Нені білмейміз?
Қ а п а. Кеттім мен.
С а р ы   ә й е л. Анау Галяның баласы туған баласы емес!
Р а у ш а н. Как? Неге?
С а р ы   ә й е л. Аяғы сау болса, неге ол инвалиднай коляскада отырады? Доллар маңдайына жабыстырып алсаң, жесең бе, ешкімді емдемейді! Жай қағаз ғой. Ғажайыпқа сенетін ақымақтар жоқ. Кімді  аулап жүр?
Р а у ш а н.   Сонда ол кім?
С а р ы   ә й е л. Киллер!
Р а у ш а н. Кім?
С а р ы  ә й е л. Білмейсің.
Р а у ш а н. Галя-апай ше?
С а р ы  ә й е л. Қорқытып жіберді!
 
Сары әйел тағы жоғалып  кетеді.
 
Р а у ш а н. Мынау қатын сөзімізді естіп қойды. Енді оны жалғыз қалдыруға болмайды.
Қ а п а. Жынданба.
Р а у ш а н. Апай, қайдасың? Шықшы. Тағы не,  біз түк білмейміз? Не естіп жатсың?
 
Сары әйел үнсіз. Раушан щитты қозғалтуға тырысады.
 
Р а у ш а н. Қөмектесіп жіберші маған, Қапа! Күшім жетпейді. Алдыңғы  жаққа кішкене қозғалт.
 
Қ а п а. Ай, сен өзің!..
 
Қапа щитты қозғағаны сол,  басқыш  жақтан  коменданттың  даусы естіледі.
 
Г а л и н а  Г а л и е в н а. Раушан!
Р а у ш а н.  Келе жатыр. Тығыл.
Қ а п а. Керек болса өзің тығыл!
Р а у ш а н. Тығыл, деймін. Үніңді шығарма...
 
Раушан Қапаны щиттың  артына итеріп,  өзі де тығылады. Осы кезде  Галина Галиевна басқыштан түседі.
 
Г а л и н а  Г а л и е в н а. Раушан! Осы жолы бесінші этажға шығуға күшім қалған жоқ. Барып Айшаның заттарын жина.., қыз, қайдасың?  Қайда кетті мына ақымақ қыз? Ақшаны сыпырып алып қашып кетті ме!
 
Галина Галиевна үстелдің  қасына асығып келіп, газетті көтереді.
 
Г а л и н а  Г а л и е в н а. Жоқ, орында екен... Түгел ме өзі? Есептейінші...  Жоқ. Қолымды тігізбей-ақ қояйын...
 
Галина Галиевна щиттың  қасына барып, бер жағында тұрған  қызыл  сапты балтаны диванның артына апарып тығады.
 
Г а л и н а  Г а л и е в н а. Ролан! Ролан! Тұр енді!
 
Арғы есіктен коляскасын жүргізіп Ролан келеді.
 
Г а л и н а  Г а л и е в н а.  Келші енді мына жаққа, коп жатканың жаман, балам...
Р о л а н. Сумасшедший дом! Күні-түні айқай-шу. Жындануға жақын  қалдым!
Г а л и н а  Г а л и е в н а. Кішкене сабыр сақта, балам. Сен үшін үйімізді арендаға бердім емес пе?
Р о л а н. Пайдасы жоқ.
Г а л и н а  Г а л и е в н а. Пайдасы жоғы несі? Роман, балам, құлыным менің, жарты жыл болсын  Мәскеудің ең жақсы  ауруханасында  жатып емделдің ғой.
Р о л а н. Қандай ем, мама? Операция істемесе – все, прощай. Оны мен де білемін, сен де білесің.
Г а л и н а   Г а л и е в н а. Қандайсың сен!...
Р о л а н. Иә, тағы не?
Г а л и н а  Г а л и е в н а. Жарайды... Долларды тастап, қалай ұйқтап жатырсың, балам?
Р о л а н. Мында анау... аты кім еді? Шашы қиған қыз...  Актриса. Раушанбек.
Г а л и н а  Г а л и е в н а. Раушан.
Р о л а н. Раушан – Раушанбек. Ләйла – Мәжнүн. Ромео и Джульетта. Кім үшін осы комедияны көрсеттіңіз? Анау қойшы-мұнайшы үшін бе? Немене, шал түк түсінбей отырды деп ойлайсыз ба?
Г а л и н а  Г а л и е в н а. Айша үшін. Мүмкін өзіміз үшін. Бірдеңе істеу қажет болды.
Р о л а н. Дұрыс айттым: сумасшедший дом. Сенің Айшаң да ненормальная какая-та.
Г а л и н а  Г а л и е в н а.  Қиналып жатқан байғұсты жамандама, балам.
Р о л а н. Ал өлімші ауру адамды мазақтауға бола ма? Айтшы маған, мама?
Г а л и н а  Г а л и е в н а. Кім өлімші ауру?
Р о л а н. Ұмытсаң  – мен, сенің жалғыз балаң.
Г а л и н а  Г а л и е в н а. Жалғызым, құлыным менім, Ролан, түсіндір. Қалай кісі көңіліне жел боп тимейтін және өзі ренжігіш Айша сені мазақтап қалдырды?
 
Ролан қалтасынан қағаз  шығарып мамасына  ұсынды. Галина Галиевна қағазды алмайды.
 
Г а л и н а  Г а л и е в н а. Не мынау?
Р о л а н. Хат. Сенің байғұсыңнан. Оқы.
Г а л и н а  Г а л и е в н а. Көзілдіріксіз өқи  алмаймын. Не жазыпты? Соншама сені немене ренжітетіндей?
Р о л а н.  (оқиды) «Мен, Айша Қозыбаева, өлген кезде жүрегімді алып, осы хатты алған адамнын ауру жүрегінің орнына салыңыздар». Неге маған осындай операция керегін әлдеқандай қыздарға жеткіздің?!
Г а л и н а  Г а л и е в н а. Енді... Әдейі емес... Енді... бір-үш таныс адамдар білді... Операцияға ақша іздеп жүріп қалай айтпайын? Сұрайды ғой...
Р о л а н. А – а, бәрібір.
Г а л и н а  Г а л и е в н а. Қайдан таптың мына колясканы? Басқыштың астынан алдың ба?  Бұл  өлген инвалид  әйелдің заты ғой. Апар орнына. Қалай жиіркенбейсің?  Кәдімгі адам сияқты аяғыңмен жүрсеңші.
Р о л а н.  Жоқ, кәдімгі адам сияқты жүре алмаймын. Тез  шаршаймын.
Г а л и н а  Г а л и е в н а. Хат қашан  қолыңа түсті?
Р о л а н. Бәрі бір емес пе? Кеше, түнде есіктің төменгі жағынан тастап кетіпті. Бірақ  жаңа ғана оқыдым.
Г а л и н а  Г а л и е в н а. Онда...
Р о л а н. Немене?
Г а л и н а  Г а л и е в н а. Жай.
 
Ролан тік  тұрып, колясканы итеріп жібереді.
 
Р о л а н. Көшеге шығайық...
Г а л и н а  Г а л и е в н а. Тоқта, балам. Әңгімелесу керек.
Р о л а н. Қайтарда.
Г а л и н а  Г а л и е в н а. Жоқ, қазір әңгімелесеміз.
Р о л а н. Тыңдап тұрмын.
Г а л и н а  Г а л и е в н а. Саған Айша ұнайды ма?
Р о л а н. Айша? Мен оны бір-екі рет көрдім... Момын, жетілмеген қыз. Неге сұрадың?
Г а л и н а  Г а л и е в н а. Жетілмеген емес. Ақылды!
Р о л а н. Далада тұра тұрамын.
Г а л и н а  Г а л и е в н а. Үйленсең...
Р о л а н. Немене?
Г а л и н а  Г а л и е в н а. Айшаны ал.
Р о л а н. Кімді?
Г а л и н а  Г а л и е в н а. Айшаны. Маған қарама жауша! Не... соншама? Бойдақ қыз. Балалы болмақ... Онда тұрған түк жоқ! Қазақтың  баласы болса болды да. Мен сәбилеріңіді өзімнің туған немеремдей жақсы  көрер едім. Құдай берсе, сенен де бала табады сосын. Тағы не керек?
Р о л а н. Доллар керек. Солай ғой?
Г а л и н а  Г а л и е в н а. Жас жұбайлар дүние-мүлік  үшін ғана қосылмайды.
Р о л а н. Сонда не үшін?
Г а л и н а  Г а л и е в н а. Бақыт үшін. Бір біріне қамқор жасау үшін, ұрпақ үшін.
Р о л а н. Бақытты сатып алмайсың, мама.
Г а л и н а  Г а л и е в н а. Әрине бақытты сатып алмайсың, бірақ денсаулықты сатып алу мүмкін. Сол сол үшін денсаулық қажет. Сенің денсаулығыңды  сатып алатын ойым бар!
Р о л а н. Денсаулығымды?
Г а л и н а  Г а л и е в н а. Иә! Денсаулығыңды! Керек десең –  өміріңді! Пәтер сатсақ та бәрібір операцияға жетпейды. Қарызға алатын адам да жоқ. Енді кімнен сұраймын, кім береді?  Қайыр сұрамасам... басқа амал жоқ. Солай, балам...
Р о л а н. Ренжіме, мама, бірақ... айтқаныңның бәрі түкке тұрмайтын нәрсе. Өзің ойлашы...
Г а л и н а   Г а л и е в н а. Ойладым, ойымнан бір сәтте шыққан емес.
Айшаны аласың!
Р о л а н. Жоқ.
Г а л и н а  Г а л и е в н а. Ел ұмытқан әр түрлі ру белгілерін жақсы білесің, ал нағыз қазақ дәстүріндей заңдарды ұмытып тұрсың! Өмір сен жақсы көретін кітаптар емес, өмір ол... өмір! Баласына келінді шешесі тауып, құда түседі. Қарсы шықпа, балам, жаман болады!
Р о л а н. Күлкілі ғой!
Г а л и н а   Г а л и е в н а. Күлкілі? Сен үшін  жиырма алты жыл мұз арқалап, күл төгіп жүргенім күлкілі екен ғой, иә?
Р о л а н. Оны айтып тұрған жоқпын.
Г а л и н а   Г а л и е в н а. Балам, менің сөзім күлкілі болсын-ақ! Ал мына жатқан мың-мың доллар да саған күлкі ме?
Р о л а н. Күлкі. Маған қазір бәрі күлкі.
Г а л и н а   Г а л и е в н а. Мен саған күлкінің не екенін айтайын.  Ақылды адамдың қатесі. Ана жаман қызбен бірге  Жәкенің алдында қылжақ бас болып кеттім! Оңбаған қызға қалай көндім өзім білмеймін.
Р о л а н. Қызық екен. Маған спектакль ұнады.
Г а л и н а   Г а л и е в н а. Ештеңе жоқ... Жәкемен өзім сөйлесемін. Оның түсінігі бар адам сияқты қөрінді.
Р о л а н. Алға.
Г а л и н а   Г а л и е в н а. Жағдайы өзінің шамалы... Ақыр заманнан да қиын болды.   Не дедің?
Р о л а н. Алға, Қазақстан!
Г а л и н а   Г а л и е в н а. Қой, балам. Не болды саған. Білесің ғой, маған сенің қалжыңың ұнамайды.
Р о л а н. Неге? Кісі күліп жүрмесе өмірі қысқа болады. Күлкі – ең күшті дәрі.
Г а л и н а  Г а л и е в н а. Тек қазір емес. Бізге операцияға ақша табу керек. Жәке күйеу баласын тастамайтын шығар.
Р о л а н. Қызын  тағы тастамаса.
Г а л и н а   Г а л и е в н а.  Айшамен  өзім жақсылап сөйлесіп, келісемін... Қарсы  болмас.
Р о л а н. Болды, шаршадым.
Г а л и н а   Г а л и е в н а. Мәскеу былай тұрсын, Американың ең белгілі ауруханасында операция жасаймыз! Бәрі жақсы болады. Сенесің бе,  балам? Сену керек.
Р о л а н. Мама, миллион доллар табылса да,  жүрек табу біраз уақытты алады. Әлде қалай кездескен қыздың жүрегі жарамайды... Ол үлкен әңгіме...  Мама, шын шаршап қалдым...
Г а л и н а   Г а л и е в н а. Отырып демал.
Р о л а н.  Рахмет. Көп-көп рахмет.
 
Ролан диванға отырады.
 
Г а л и н а   Г а л и е в н а. Уақыт жетеді. Әлі жассың...
Р о л а н. Мама, маған бес – алты-ақ ай қалды, бір жыл... ауруханада жатсам.
Г а л и н а   Г а л и е в н а. Жүректі сатып аламыз!
Р о л а н. Не айтып тұрсың? Жүрек саған магазинде толып тұрған  пылесос дейсің бе?
Г а л и н а   Г а л и е в н а. Балам, бүкіл әлем  – дүкен.
Р о л а н. Бірақ, сатып алайын десең бірде бір зат та жоқ, сататын адам да жоқ.  Донорсыз ешкім операцияны істемейді. Ал донор – ол... жаңа ғана өлген  адам...
Р о л а н. Кешір, мама, шаршап қалдым...
Г а л и н а   Г а л и е в н а. Болды, болды, демал. Мен өзім бәрін жөндеймін.
Р о л а н. Сен  де демалсаңшы.
Г а л и н а  Г а л и е в н а. Жоқ, маған болмайды. Мына  жатқан долларды не істеймін? Күзетемін.
Р о л а н. Мама, қайтесің. Біздің ақша емес қой. Өзі тастап кеткен, өзі өкінсін.
Г а л и н а  Г а л и е в н а. Жоқ... көп ақша ғой. Қарап отырамын не болса да.
Р о л а н.  Қазір бес жүз теңге үшін адамның басын жарады. Мүмкін үстелдің астында убийца пышақпен тығылып отырған шығар.
Г а л и н а   Г а л и е в н а. Отырсын. Сары қатынды қорқыт.  Менде балта бар.
 
Галина Галиевна диванның артынан қызыл балтаны шығарып көрсетеді.
 
Р о л а н. Қайдан алдың мынаны?
Г а л и н а   Г а л и е в н а. Балтасыз комендант болмас. Айшаны алмасаң дәл осы балтамен бас сүйегінді жарып жіберем!
Р о л а н. Мама, тыңдашы... Бұл жағдайға балта аргумент емес.  Мен сенің Айшаңды жақсы білмеймін, бірақ ойлаймын –  сол қыздың мінезі бар, қырсық болу керек.. Біріншіден: ни за что қой дейді. Екіншіден: кім біледі  неден өлемін: жүректен бе,  әлде, сол қызбен бірге тұрғаннан ба?
Г а л и н а   Г а л и е в н а. Мінезі бар, сөз жоқ. Болсын да көндіреміз. Керек болса, алдап-сулап көндіреп аламыз.
 
Осы кезде щиттың  артында тұрған  Раушан шыдамай шығады.
 
Р а у ш а н. Алдай алмайсыз!
Г а л и н а   Г а л и е в н а. Сен қайдан шықтың, қыз!
Р а у ш а н. Айттым ғой: алдай алмайсыз. Мен алдатпаймын!
Г а л и н а   Г а л и е в н а. Сен өзің кімсің? Айшаның анасысың ба, әлде әпкесісің бе? Қап, ұмытып қаптым ғой! Кешір мен  кемпірді. Сен Айшаның  күйеі болады екенсің  ғой.
Р а у ш а н. Мен Айшанын подружкасымын.
Г а л и н а   Г а л и е в н а. Бәрекелді! Иә, подружка, біліп ал: мен осындаймын, жаманмын, алдаушымын. Иә,  не істейсің ал?
Р а у ш а н. Мен... мен... шындықты айтамын.
Г а л и н а   Г а л и е в н а. Кімге? Айшаның әкесіне ме? Елбасына ма?  Кімге?
Р а у ш а н. Айшаға.
Г а л и н а   Г а л и е в н а. Иә, біз де тыңдайық сенің шыңдығыңды. Айт, неменеге үндемей тұрсың?
Р а у ш а н. Айтамын.
Г а л и н а   Г а л и е в н а. Айт, айт, құлағымыз сенде.
Р а у ш а н. Сіздің балаңыздың жүрегі ауру деп айтамын.
Р о л а н. Айтсаңыз өте дұрыс болады. Бірақ точный диагноз болу үшін қоса кетейін: «Хроническое легочное сердце с недостаточностью кровобращения третей степени».
Г а л и н а   Г а л и е в н а. Менің балама бірдеңе дейтіндей сен  кімсің,  лағнет!
Р а у ш а н. Кім лағнет?!
Г а л и н а   Г а л и е в н а. Мен немене: лағанет дедім бе? Кешір, штукатурщица!
Р а у ш а н. Біліп алыңыз: Айшаның настоящий жігіті бар!  Оны Айша жақсы көреді!
Г а л и н а   Г а л и е в н а. Қыз, саған не керек өзі? Сен ана  жақта неге  тығылып тұрдың?
Р а у ш а н. Бермеймін!
Г а л и н а   Г а л и е в н а. В общем, қыз, дабай, кет. Көзіңді жоғалт, айналайын.
Р а у ш а н. Жөн!
Г а л и н а   Г а л и е в н а. Түсінбедім?
Р а у ш а н. Жөн, дедім!
Г а л и н а   Г а л и е в н а. Ролан, балам, сен бірдеңе түсініп тұрсың ба? Не болып кетті?
Р о л а н. Цирк.
Р а у ш а н. Мұнда...
Г а л и н а   Г а л и е в н а. Немене? Қыз, тағы не керек саған?
Р а у ш а н. Ана доллардан әрірек тұрыңыз.
Г а л и н а   Г а л и е в н а. Немене?
Р а у ш а н. Әрі тұрыңыз!
Г а л и н а   Г а л и е в н а. Раушан, қызым, айналайын, не болды саған? Ауырып қалған жоқсың ба?
Р о л а н. Мама, алсын ақшаны, бер.
Г а л и н а   Г а л и е в н а. Қалай алады? Оның ақшасы емес қой.
Р о л а н. Біздің де ақша емес. Бұл ақша – жаман ақша.
Г а л и н а   Г а л и е в н а. Неге? Жәкенікі...
Р о л а н. Жаман дедім ғой!
Г а л и н а  Г а л и е в н а. Неге, айтшы!
Р о л а н. Айтқан сөзімді түсінбесең енді қалай айтайын? Бұл ақша – ана сары әйелді өлтіретін киллердікі. Убийца уже осында...
Г а л и н а  Г а л и е в н а. Ролан! Сен қоясың ба жоқ па?!
Р о л а н. Қателестім. Киллер ана щиттің артында тұр.
 
Осы сәтте  щиттің  артынан айқайлаған  Сары әйел шығады.
 
С а р ы   ә й е л. А – а!
 
Галина Галиевна  щиттің касына барады.
 
Г а л и н а   Г а л и е в н а. Кім бұл? Шық!
 
Щиттың артынан енді Қапа шығады.
 
Р а у ш а н. Ешкім жоқ!
Г а л и н а   Г а л и е в н а. Раушанга Әй, қыз, мынау жігіт  Айшаны жақсы көретін жігіт пе? Дайын болғаны  дұрыс.
Р а у ш а н. Ешкім оны дайындап тұрған жоқ!
Қ а п а. Сәламатсіз бе...
Р о л а н. Қателестім. Бұл жүрген жан  киллер емес –  әйел жатақханасының елесі.   Кімге арман елесі, кімге құрбан болып кеткен елес.
Қ а п а. Мұрныңды бет қылайын ба? Р о л а н. Бет қыл, дос, саған кайф болса.
Г а л и н а   Г а л и е в н а. Қапаға Мен саған бет қыламын! Хулиган қандай!
 
Сары әйел үстелдің  қасына жақындап, доллар ақшаны  жырта бастайы.
 
С а р ы  ә й е л. Мә, мә саған, енді өлтіріп көріндер  мені! Өлтірсең – не алар  екенсің?!
Г а л и н а   Г а л и е в н а. Әй!
Р а у ш а н. Ұстаңдар жынды кәрі қызды!
 
Сары әйел инвалид креслоға отыра салып басқыш  жаққа  бақырып өлең айтып кетеді.
 
С а р ы  ә й е л. Айттым сәлем, қалам кас, Саған құрбан мал мен бас. Сағынғаннан сені ойлап, Келер көзге ыстық жас!
 
Г а л и н а  Г а л и е в н а. Раушанға Сен! Сен!
Р а у ш а н. Жақындама! Өлтірем! Сені де, сенің жалғыз балаңды да! Жақындама!
Г а л и н а   Г а л и е в н а. Немене?! Сен менің баламды өлтіресің бе? Оңбаған! Қаншық! Жаныңды шығарам!
 
Галина Галиевна диванның артында тұрған балтаны қолына  алып көтереді.
 
Р а у ш а н. Солай ма?! Көрерміз кім кімді!
 
Раушан щиттың  қасына жүгіріп келіп ұзын қызыл темір ілгекті қолына алады.
 
Р а у ш а н. Енді өлтіріп көр!
 
Осы сәтте сырттан  Жарылғап кіріп қалып, бетін теріс бұрып, үнсіз соқыр адам сияқты тұрып қалады.
 
Г а л и н а   Г а л и е в н а. Жәке... Келдіңіз бе... Қалайсыз?
 
Жарылғап  қолын бір  сілтейді.
 
Г а л и н а   Г а л и е в н а. Жаңалық бар ма?  Босанды ма өзі?
Жа р ы л ғ а п. Жаңалық  дедіңіз бе? Босанды.
Г а л и н а  Г а л и е в н а. Ұл ма, қыз ма?
Жа р ы л ғ а п. Ұл бала.
Г а л и н а  Г а л и е в н а. Ата баласы азарыңда асық ойнайды. Айшамыз қалай?
Жа р ы л ғ а п. Айша... қызым... жан тапсырды.
 
Коляска  жүргізген  Сары әйел керіп келеді.
 
С а р ы   ә й е л. Сенен артық жан тумас, Туса туар – артылмас. Бір өзіңнен басқаға, Ынтықтығым айтылмас.
 
 

Алтыншы көрініс

 
Айдала – Басқұм. Жарылғап, қолында сәби.
 
Жа р ы л ғ а п. Міне, балам, қарай ғой – сенің жерің. Екеуміз жалғыз қалдық... тағдырдың жазғаны... Ұяттан қорықпа, балам, қайғыдан қаш. Ұят – ащы су, қайғы – у. Алла саған жол ашты, соны ұқ! Батыл, мықты, жігерлі  боласың. Өйткені, сенің жерің – қазақтың  даласы  бай, шетсіз, балам!