Қастеев атындағы өнер музейінде "Шекара" атты көрме өтеді

2018 жылдың 19 қыркүйегінде Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінде сағат 16:00 Гёте-Институттың «Шекара» көрмесіне қатысты пресс-тур, сағат 18:00 көрменің ашылу салтанаты өтеді.

Еуропа қай жерде аяқталады, Азия қай жерде басталады? Азия қай жерде аяқталады, Еуропа қай жерде басталады? Шекаралар неге әсер етеді және оларды кім тартады? Бұл Гёте-Институттың 20 қыркүйек пен 16 қазан аралығында Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейімен бірлесе отырып көрсететін «Шекара» атты көп жылдық көркем жобасының басты сұрақтары. Көрме 2017-2018 жылдары Мәскеу, Санкт-Петербург, Красноярск, Киев, Тбилиси, Минск, Дортмунд және Екатеринбург қалаларында аялдады. Алматы – көрменің тоғызыншы бекеті.

«Шекара» шекаралар мен олардың алуан түрлі формада пайда болуын – аумақтық дербестік немесе керісінше қосынды ретінде, мәдени немесе әлеуметтік бөгеттер ретінде, «бізді» «өзгелерден» бөліп тұратын немесе сол дихотомияны тудыратын құрал ретінде – зерттеп, саралайды. Мұндағы «шекара» сөзін метафора ретінде, келісімнің пәні және өзгерістерге бейім шартты бейне ретінде түсінген жөн. Бұл Германия мен Еуропа үшін қаншалықты ерекше өзекті болса, бұрынғы кеңестік республикалар үшін де соншалықты ерекше өзекті тақырып. Мұнда Еуропа мен Азия арасындағы географиялық және мәдени шекара «қызыл сызық» ретінде қызмет етеді. Жоба бұл тақырыптарды көркем шығармашылық тұрғысынан, мәдени өлшем тұрғысынан қарастырады. Жобаның мақсаты – шекаралардың пайда болу үдерістерінің, шарттары мен себептерінің жан-жақты зерттеуіне мүмкіндік туғызу.

Назарда – аталмыш тақырыпқа деген өз ой-толғаныстарын көшпелі көрме түрінде ұсынатын суретшілердің жас буынының шығармашылығы.

Көрмеге қатысқандар: Умида Ахмедова және Олег Карпов (Ташкент, Өзбекстан), Алиса Бергер (Кёльн, Германия), Вирон Эрол Верт (Берлин, Германия), Айтегин Джумалиев (Бішкек, Қырғызстан), Наталья Дю (Алматы, Қазақстан), Сәуле Дүйсенбина (Алматы, Қазақстан), Анастасия Живкова (Киев, Украина), Ольга Житлина және Анна Терешкина (Санкт-Петербург, Ресей), Катя Исаева (Мәскеу, Ресей), Антон Карманов (Новосибирск, Ресей), Алина Копица (Киев, Украина), «Иттер қайда жүгіріп барады» тобы (Ресей), Ғайша Маданова (Алматы, Қазақстан / Мюнхен, Германия), Таус Махачева (Мәскеу, Ресей), Элеонор де Монтескью (Берлин, Германия), Станислав Муха (Берлин, Германия), Гамлет Овсепян (Ашнак, Армения), Марат Райымкулов (Бішкек, Қырғызстан), Алла және Алексей Румянцевтар (Душанбе, Тәжікстан), «Хинкали Джус» (Грузия), Александр Угай (Алматы, Қазақстан), Фархад Фарзалиев (Баку, Әзірбайжан), Сергей Шабохин (Минск, Беларусь).

Кураторлар: Инке Арнс, Медиаөнерді дәріптеу және қолдау ұйымының (HMKV) директоры, Дортмунд және Тибо де Ройтер, куратор әрі көркемөнер сыншысы, Берлин.

Көрменің дизайны: Тибо де Ройтер, көмекшісі Камилл Руо, Берлин.

Көрмені дайындаған: Liaison des Arts, Карола Мачке, Берлин.

Жоба жетекшісі: Астрид Веге, Мәскеу Гёте-Институты.

Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінен куратор: Виолетта Вологодская.

Толығырақ: www.goethe.de/diegrenze

Бағдарлама

Пресс-тур: 19.09.2018  16:00

Көрменің ашылу салтанаты: 19.09.2018  18:00

Куратормен экскурсия: 20.09.2018  18:00

«Шекара» тақырыбына арналған пікірсайыс: 20.09.2018  19:00 (көрмеге қатысушылармен)

«Көрме қалай жасалады?» тақырыбындағы мастер-класс: 21 – 25.09.2018 (шақырумен)

17 Қыркүйек 2018
133
0
0