Мақала
Кульжазира Мукажанова. Мәңгілік дастан
Ә.Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейі "Болашақтың энергиясы" атты Бүкілдүниежүзілік ЭКСПО-2017 көрмесіне орайластырылған Қазақстан суретшілерінің үздік туындыларынан тұратын "Мәңгілік дастан" пейзаждық кескіндемесінің экспозициясын ұсынады.
Бөлім: Бейнелеу өнері
Датасы: 21.07.2017
Мақала
Кульжазира Мукажанова. Мәңгілік дастан
Ә.Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейі "Болашақтың энергиясы" атты Бүкілдүниежүзілік ЭКСПО-2017 көрмесіне орайластырылған Қазақстан суретшілерінің үздік туындыларынан тұратын "Мәңгілік дастан" пейзаждық кескіндемесінің экспозициясын ұсынады.
Бөлім: Бейнелеу өнері
Датасы: 21.07.2017
Кульжазира Мукажанова. Мәңгілік дастан

Кульжазира Мукажанова

Өнертанушы


Жерінің аумағы бойынша әлемде 9-орын алатын Қазақстанның табиғаты айрықша сан алуан – бірегей өсімдіктер мен жануарлар мекен ететін, далалары мен таулары, ормандары мен су көздері, шөлдері мен шөлейттері оны басқа жерге ұқсатпайды. Республика кәсіби бейнелеу өнерінің бүкіл тарихында суретшілер үшін сарқылмайтын шабыт көзі бола беретін сұлулығы санымен де, сапасымен де таңғажайып.

Қазақ кескіндемесінде, оның негізін салушы Ә.Қастеевтің алғашқы тәжірибелерінен бастап-ақ табиғатты Әлеммен арақатынасын білуге деген талап-ниеттері байқалады. Нақ Қастеевтің шығармашылығында пейзаж жанрына ұлттық тәсілмен барған. Оның өзі табиғатпен тығыз байланыста болғандықтан, пейзаж ол үшін оның дүниетанымына сәйкес келді. Ә.Қастеевтің пейзаждары қарапайым да жанға жақын. Жаныңды жылытады. Әдеттегіше, ол әрдайым нақты бір жерді бейнеледі. «Шежін өзенін» осыған жақсы мысал етуге болады. Ол табиғаттың таза, толық үйлесімінен шабыт іздейді.

Ә.Ысмайыловтың шығармашылық тұлғасының ең жарқын қырлары пейзажда көрініс тапты. Ол жүрекке жылы тиетін тұрмыстық баяндауды жойқын да адуын табиғатпен ұштастырды, сөйтіп ол өнердегі қолға түсе бермейтін синтез жасады. Ысмайыловтың пейзаждары аңызға тұнған ландшафтарға, бейнелі кескіндерге құштар. Сонымен қатар, зор эпикалық айбынмен орындалған.

Ж.Шарденов Жылы қыс. 1973

 

Табиғат пен адам Қазақстан суретшілерінің туындыларында өзара байланысты. Қазақ даласы – жай ғана нақты бір сарын емес, Отанымыздың жалпы символикалық бейнесі. Ол –  рухани, тарихи мәдени сабақтастықтың ұлттық символы.

Кенбаевтың «Сұхбат» картинасында Даланың – адам мен табиғатты жалпы көрінісі ашық түсті үйлесіммен берілген. Шетсіз-шексіз дала уақыты да, кеңістігі де шексіз Әлемді білдіреді.

Қала және өндірістік пейзаж тақырыбын А.Черкасский поэтикалық жолмен көтерсе, оны соңынан Н.Таңсықбаев, Г.Чернощеков жалғастырып алып кетті. А.Черкасскийдің «Алтын күз» картинасына  күннің күйдіре түскен нұрынан жапырақтың жалындаған дақтары терең эмоционалдық күй береді. С.Мәмбеев, А.Школьный, Ж.Шәрденов табиғат бейнесінің символикалық айқындылығын түс арқылы берді.

С.Айтбаев, Ә.Сыдыханов, К.Дүйсенбаевтың картиналарындағы нақты ландшафт кеңістігінің онда мекен ететін адаммен және дүниенің шексіздігіне ұмтылысымен байланысуымен қымбат. Алпысыншы жылғы суретшілердің картиналарындағы тұрмыстың алып қуатын бейнелейтіндей сәнді және пластикаға толы немесе ықшам әдемі бояулар халықтық өнердің түстік гаммасымен үндестік тапқан.

Тұйық және әлемдік, тұрақты және өзгермелі, бір сәттік және уақытқа бағынбаушылық, тегістік пен тереңдік, ғаламат қуат пен ландшафтың шексіздігі – осылардың бәрі де осы көрмедегі картиналардан орын алған.

Адам баласы – микрокосмостың космографиясы бағдарланып, қоршаған ортаны жасайтын да, оны бүлдіретін де бүкіл дүниенің өлшемі іспетті. Технологиялық инновацияларға ұмтылып, олардың ең жоғары деңгейде көрініс табуына жету жолында ол өзінің табиғи мәнінен айырылуы мүмкін. Адамзат әрекетінің қай жағынан алсаңыз да, тіршіліктің табиғи мәні эволюциялық процестердің одан әрі дамуы үшін жаңа, сөз жоқ, маңызды технологиялық жетістіктерді енгізіп, пайдалануымен үйлесімі маңызды. Нақ осы концепция музейдің мәдени бағдарламасының негізін құрайды. Болашақтың энергиясының өзі Жер ғаламшарының құты болған табиғаты мен сол байлықтарды сақтау үшін қажет.

Сізге қызық болуы мүмкін: